ҚР СІМ-де Париждің «ЭКСПО-2025» өткізуге арналған өтінімі таныстырылды

21 маусымда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «ЭКСПО-2025» өткізу орны ретінде Париждің кандидатурасын ілгерілету жөніндегі Франция уәкілі Паскал Ламимен кездесті.

Қ. Әбдірахманов Францияның «ЭКСПО-2025» белсенді қатысып отырғанын атап өтті және көрмеде осы елдің ұлттық күнінің табысты өткізілуімен құттықтады. Ол көрме инфрақұрылымын одан әрі пайдалану жөніндегі Қазақстанның жоспарлары туралы, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана» халықаралық қаржы орталығын, «Болашақтың энергиясы» «жасыл» технологиялар мен инвестициялар орталығын, сондай-ақ IT старт-аптар орталығын құру жөніндегі бастамалары туралы әңгімеледі.

Әңгімеге қатысушылар Париждің «ЭКСПО-2025» халықаралық әмбебап көрмесін өткізуге арналған өтінімін талқылады. П.Лами Францияның «Білімдермен бөлісу – ғаламшарға қамқорлық жасау» атты өтінімінің тақырыбы және Париждегі көрмені ұйымдастыру жөніндегі жоспарлары туралы әңгімеледі. «ЭКСПО-2025» өткізуге Парижден басқа Осака, Екатеринбург және Баку қалалары үміткер болып отыр. Сайлау келесі жылдың қарашасында өтеді.

Қосылған : 22.06.2017, 16:15, Өзгертілген : 22.06.2017, 16:15