СІМ-де Қазақстан мен ЮНИДО арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

12 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) бас директоры Ли Юнмен кездесті.

Кездесу барысында сыртқы саясат ведомствосының басшысы ЮНИДО өкілін «ЭКСПО-2017» көрмесіне және Астанадағы энергетика орнықты даму үшін атты министрліктер конференциясына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Тараптар Қазақстан мен ЮНИДО-ның БҰҰ орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру, «Оңтүстік-Оңтүстік» және «Солтүстік-Оңтүстік» форматында ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ сенімді және заманауи энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша ортақ басымдықтарын атап өтті.

Министр Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ЭКСПО» негізінде «жасыл» технологиялар мен «Болашақ энергиясы» инвестициялар орталығын құру туралы бастамасына дәйекті қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Ли Юн, өз кезегінде «ЭКСПО-2017» көрмесі барлық елдерге пайдалы болатын, Қазақстанның орнықты дамуға қосқан үлесінің жарқын мысалы болып табылатынын атап өтті.

ЮНИДО басшысы нақты секторының қатысуынсыз тұрақты теңгерімді өсуге қол жеткізу мүмкін емес екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол дамудың технологиялық аспектілеріне, қаржыны ұтымды бөлуге, сауданы дамыту үшін жаңа тәсілдер табуға, өндірістің тиімділігі мен сапасын арттыруға назар аударды.

ЮНИДО Елбасымыз жариялаған экономика-жаңғырту жоспарларында, сонымен қатар елдің индустриалды дамуына және экономиканың әртаптандыру жоспарларына белсенді қолдау көрсетуге өз қызығушылығын білдірді.

Қосылған : 13.06.2017, 12:00, Өзгертілген : 13.06.2017, 12:00