Мадридте Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай гүл шоғын қою рәсімі өтті

МАДРИД, 2019ж. 9 мамыр - Қазақстанның Елшілігі дәстүр бойынша Мадридтегі Фуэнкараль зиратында өткен Жеңіс күніне арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Кеңес әскерлері ескерткішіне гүл шоқтарын Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей және Өзбекстан елшіліктері қойды.

Салтанатты шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов қазақстандықтардың Фашизмді жеңудегі қосқан үлесін ерекше атап өтті: фронт-жауынгерлері, тыл еңбеккерлері және жаудың басып алған аймақтарынан көшірілген он мыңдаған адамдарға пана берген қарапайым адамдар.

Гүлдер Еуропаны босату үшін өз өмірін қиған испан азаматтарының ескерткішіне де қойылды. Испания Үкіметі атынан рәсімге Әділет министрі Долорес Дельгадо қатысты.

Қосылған : 9.05.2019, 10:00, Өзгертілген : 9.05.2019, 10:00