Киевте Ұлы Отан соғысының қазақстандық батырларына тағзым етілді

КИЕВ, 2019 жылғы 7 мамыр - Қазақстанның Отан қорғаушылар күні Киев қаласының №34 мектебінде Қазақстанның Украинадағы Елшілігі Ж.Жабаев атындағы кітапхана және Офицерлер кеңесімен бірлесіп, «ерлік сабағын» өткізді.

Оқушылармен сұхбат барысында Елшіліктің әскери атташесі С.Бекмұратов жиналғандарды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығымен құттықтады. Ол Жеңістің біздің халықтардың бірлігі мен достығының символы болып қала беретіндігін баса айтты. Ол майданға шақырылған 1,2 млн. қазақстандықтардың 600 мың азаматы Украина жерін азат етуге қатысқанын, оның тең жартысы ерлікпен қаза тапқанын еске салды. Украинаны азат етудегі ерлігі мен батылдығы үшін 156 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын иеленді.

Офицерлер кеңесінің төрағасы П.Мирошниченко атақты қазақстандықтардың ерлігі туралы жан-жақты әңгімеледі. Олардың ішінде екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегелдинов, Кеңес Одағының батыры С.Нұрмағамбетов, атақты партизан-тыңшы Қ.Қайсенов, сондай-ақ «харьков қоршауында» түгелдей дерлік ерлікпен қаза тапқан Қазақстанда құрылған 102 атқыштар дивизиясы және 106 Ақмола кавалерия дивизиясы туралы айтты.

Өз кезегінде украиналық оқушылар қазақтың ұлы ақыны Ж.Жабаевтың Украина үшін шайқаста көз жұмған ұлы Алғадайға арнаған өлеңдерін оқып берді.

Сол күні қазақстандық дипломат Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның тумасы Н.Аманжоловқа барып, келе жатқан мейраммен құттықтады.

Н.Аманжолов 1923 жылы 1 қаңтарда Шығыс-Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

Украина, Польша, Чехословакияны азат етудегі шайқастарға қатысты. Соғысты лейтенант шеніндегі пулемет взводының командирі болып аяқтады.

І дәрежелі «Отан соғысының Қызыл жұлдызы», І дәрежелі «Богдан Хмельницкий» және 26 медальдармен, соның ішінде «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 70 жыл» ҚР мерейтойлық медалімен марапатталған.

Қосылған : 8.05.2019, 10:30, Өзгертілген : 8.05.2019, 10:30