Каир қаласында МАР СІМ басшылығымен екіжақты кездесулер өтті

ҚР Президентінің Арнайы өкілі - Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Камалдиновтың Каирге жұмыс сапары шеңберінде, 2017 жылғы 10 тамызда оның МАР Сыртқы істер министрінің орынбасары Я.Мұрад басқарған МАР СІМ басшылығымен екіжақты келіссөздері өтті. Кездесу барысында А.Камалдинов Қазақстан Мысырды африкалық құрлықта және араб әлемінде сенімді және сындарлы серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар, ол халықаралық мәселелерді шешу үшін араб және мұсылман елдерінің бастарын біріктіруге бағытталған Мысыр басшылығының саясатын Астана жоғары бағалайтынын айтты. Мысыр тарапына Астана мен Каирдің бірқатар аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша ұқсас көзқарастарда екенін жеткізіліп, осыған орай, оларды шешу үшін ортақ әдістер қабылдау бойынша күш-жігерлерін үйлестіруге болатыны айтылды.

Астана мен Каирдің өзара ықпалдастығының табысты мысалы ретінде А.Камалдинов бейбітшілік орнату, сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша салмақты үлес қосып отырған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстан мен Мысыр делегацияларының жемісті жұмысын атап өтті. Қазақстандық дипломат еліміздің Мысырмен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылығын растады. Сонымен қатар, соңғы кезеңі 2015 жылғы ақпанда өткен саяси консультациялардың келесі раундын жуық арада Астанада өткізу қажеттілігіне тоқтады.

Арнайы өкіл ИЫҰ шеңберінде Астана мен Каир арасындағы өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін атай отырып, Мысыр тарапына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам әлемін жаңғырту мәселелерін шешуге арналған ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі Бірінші Саммитін өткізу жөнінде толық ақпарат берді. Мысырдың араб және мұсылман әлеміндегі маңызды рөлін және ИЫҰ-дағы белсенді жұмысын назарға ала отырып, Саммиттің жұмысына МАР Президенті А.әс-Сисидің қатысуы маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, Арнайы өкіл Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру жөніндегі Президентіміздің тағы бір бастамасын аталған Ұйымның Жарғысын ратификациялау арқылы қолдауын сұрады. Ратификация үдерісін аяқтау Мысыр үшін жаңа ұйымға белсенді мүше болуына және мұсылман әлеміндегі ауыр гуманитарлық проблемаларды шешу бойынша өзінің үлесін қосуға мүмкін береді.

А.Камалдинов Мысыр тарапына Астананың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігін қолдағаны үшін, сондай-ақ, энергияның балама көздері саласында өзінің соңғы жетістіктері мен зерттемелерін көрсету үшін алаң болып саналатын Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жұмысына белсенді қатысып жатқаны үшін алғысын білдірді.

Өз тарапынан, МАР СІМ Басшысының орынбасары Я.Мұрад ИЫҰ Бірінші Саммитіне шақыруы үшін алғысын білдіре отырып, Каирдің аталған іс-шараға үлкен мән беретінін, сондай-ақ астаналық форумға Мысырдың сөзсіз жоғары деңгейде қатысатынын растады. Сонымен қатар, Я.Мұрад Каирдің АҚИҰ Жарғысын ратификациялап, толық мүшесі болуға талпыныстарын растай отырып, бұл құжат бойынша МАР Парламентінде қарқынды жұмыс жүріп жатқанын жеткізді.

Мысыр дипломаты Астананың Каирді африкалық құрлыққа шығу үшін «сенімді қақпа» ретінде қарастыруға болатынына сендірді. Оның айтуынша, Мысыр тарапы ҚР-мен ынтымақтастық деңгейін стратегиялық серіктестікке көтеруге ниетті. Сонымен қатар, екі елдің әлеуеттеріне сәйкес келмей отырған экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Осы орайда, екі елдің сыртқы-саяси ведомстволарының өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың шеңберінде өзара қолдау көрсетуге дайын екендерін тағы да растады.

Қосылған : 11.08.2017, 10:55, Өзгертілген : 11.08.2017, 10:55