Хорватияда Қазақстанның консулдығы және "KAZAKH INVEST" АҚ-ның өкілдігі ашылды 

Ү.ж. 6 мамырда Сплит қаласының тарихи орталығында Хорватиядағы Қазақстанның Құрметті консулдығы мен "KAZAKH INVEST" ҰК АҚ-ның тәуелсіздік әріптестің өкілдігі ашылды. Іс-шараға ХР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Бурич, Өңірлік даму және ЕО қорларының министрі Габриела Жалац, Сплит-Далмациялық жупаниясының, Сплит қаласы әкімшілігі басшылығының, сондай-ақ өңірдің қоғамдық және іскер топтарының көрнекті өкілдер қатысты.

Ашылу рәсімде Хорватияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы М.Пейчинович-Бурич оның ү.ж. 30 сәуірдегі Нұр-Сұлтан қаласына жасаған сапарының табысты қорытындысын және оның барысында Хорватияның Қазақстандағы Елшілігінің ашылуын атап өтті. Қазақстан-Хорват ынтымақтастығының қарқынды дамуы және 2018 жылы 353 млн. долларды асқан өзара саудасының өсуі атап өтілді. Хорватияның СІМ басшысы ҚР консулдығы мен "KAZAKH INVEST" өкілдігінің ашылуы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі арттыруға, туризм, білім, мәдениет және спорт саласындағы алмасуларды кеңейтуге ықпал етеді деп сенім білдірді.

Қазақстанның елшісі Төлежан Барлыбаев ҚР СІМ басшылығы атынан М.Пейчинович-Буричке консулдықтың ашылуына көмектескені үшін алғысын білдіріп, хорват дипломатиясы басшысының екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан қомақты үлесін атап өтті.

Іскерлік және мәдени байланыстарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Елші құрмет пен ризашылық белгісі ретінде Хорватияның СІМ басшысына қазақ ұлттық қамзолды табыс етті.

Сплит қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы Матео Трамонтана және "KAZAKH INVEST" ҰК АҚ тәуелсіз серіктесі Ивица Пирич іскерлік ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтіп, Қазақстан мен Хорватия кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Хорват дипломатиясының басшысы М.Пейчинович-Бурич және ҚР елшісі Т.Барлыбаев ү.ж. 2-6 мамыр аралығында Сплит қаласында өткен "Далматинко-2019" жастар футбол турниріне қатысқан қазақстандық "Ақтау" және "Оқжетпес" командаларының жас футболшыларына марапаттар табыс етті.

Ашылу салтанаты аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хорват тілінде шығарылған "Тәуелсіздік дәуірі" кітабының, сондай-ақ ҚР инвестициялық және туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті. Қазақстан консулдығының ашылуына арналған салтанатты қабылдау барысында қатысушылар мен қонақтарға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табыс етілді. Сплит-Далмация жупаниясының астанасы – Сплит қаласы –Хорватияның екінші қаласы, жыл сайын шамамен 7 млн. турист келетін әлемдік тарихи және мәдени орталық болып табылады.

Қаланың басты символы – б.з. ІІІ ғ. Диоклетиан сарайы, жағалауда ҚР Құрметті консулдығы орналасқан, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне кіреді. Дәл осы жерде танымал "Тақтар ойыны" сериалының түсірілімі өтті. Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің ашылуы Сплит қаласының Күні өткеннің және оның тарихи орталықта қазақстандық ту көтерілгеннің символдық мәні бар.

Қосылған : 7.05.2019, 13:15, Өзгертілген : 7.05.2019, 13:15