Гаага қаласында «Бұрынғы Семей ядролық полигонның қауіпсіздікті қамтамасыз етуі бойынша ғылыми, техникалық және инженерлік жұмыстары» атты үш томдық баспаның тұсаукесері өткізілді

2017 жылғы 27 қараша -1 желтоқсан аралығында Гаага қаласында химиялық қаруға тыйым салу бойынша Конвенцияның мемлекет мүшелері Конференциясының 22-ші сессиясы өтті.

Сессия шеңберінде Қазақстанның Нидерландағы Елшілігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жетекшелік еткен авторлық ұжымдайындаған «Бұрынғы Семей ядролық полигонның қауіпсіздікті қамтамасыз етуі бойынша ғылыми, техникалық және инженерлік жұмыстары» атты үш томдық басылымның тұсаукесері өткізілді.

Сессия делегаттары Елбасының антиядролық бастамаларын іске асыру бойынша мемлекетіміз жасаған нақты қадамдарментаңыстырылды. Конференция шеңберінде Қазақстан Президентінің «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» атты жаһандық бастамасының негізгі бағыттары туралы айтылды. Іс-шараға қатысушылар аталған бастамаға нақты қызығушылық білдіріп, Қазақстанның және Президент Н. Назарбаевтың атом қуатын қауіпсіз пайдалануға және жаһандық ядролық қарусыздануға нақты үлес қосқанына назар аударып, биылғы жылы Қазақстанда Атом қуаты бойынша халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Төмен байытылған уран банкінің ашылуын ерекше атап өтті.

Екіжақты кездесу барысында, Қазақстанның Химиялық қаруға тыйым салу бойынша ұйымының (ХҚТҰ) жанындағы өкілі Мағжан Ілиясов ХҚТҰ-ның Бас директоры Ахмет Узюмджюге басылымның бір данасын сыйға тартты. Өз кезегінде шетелдік дипломат : «... Қазақстан Президентінің ядролық қарудан бас тартуға бағытталған бастамалары бүгінгі күні ерекше өзектілігін тауып отыр. Оның дәйекті саясаты Қазақстанның ядролық таратпау және қарусыздану саласындағы мәртебесін әлем көшбасшыларының ретіндегі жоғары беделін қалыптастырды деп мәлімдеді».

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым 1997 жылда құрылды. 2013 жылда Нобель сыйлығымен марапатталды. Қазақстан ХҚТҰ-ға 2000 жылдан бастап мүше болады. Қазіргі уақытта ХҚТҰ-ға 192 мемлекет кіреді.

Қосылған : 1.12.2017, 17:05, Өзгертілген : 4.12.2017, 17:05