Ереван қаласында Халықаралық ядролық сынақтарды болдырмау күніне орай ғылыми-практикалық конференция өтті

2017 жылдың 29 тамызында Ереван қаласында Қазақстан Елшілігі мен Аймақтық ынтымақтастық және жаһандануды талдау Орталығымен біріге ғылыми-пр

актикалық конференция өткізді. Бұл шара Семей ядролық полигоны жабылуының 26 жылдығына орай және Халықаралық ядролық сынақтарды болдырмау күніне орай өткізілді. Аталған іс-шара Ереван уақыты бойынша саған 11.05 басталды. Осы уақытты таңдаудың себебі дәл сол мезгілде сағат тілдері латын V әрібін көрсетіп, Жеңіс белгісін (латыншадан «Victory») меңзейді. Ол ақыл-ойдың қорқыныштың алдындағы жеңісінің және барлық әлемнің ядролық қарусыздану саласына қосқан күш-жігерінінің жемісінің белгісі болып табылады.

Аталған конференцияның құрметті қонақтарының арасында Арменияның Ұлттық Жиналысының, сыртқы істер министрлігінің, ядролық қауіпсіздікті үйлестіру комитетінің сарапшылары, белгілі ғылыми іздену, білім және қоғамдық-саяси орталықтардың эксперттері, бұған қоса болмыш елде аккредиттелген елшіліктердің басшылары мен дипломаттары қатысты.

Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев өз сөзінде еліміздің ядролық қаруды таратпау бағыттындағы жүйелі саясаты және Астананың ядролық қарусыз әлемді құру барысындағы талпыныстары туралы айтып өтті.

Бұл конференцияда Қазақстанның халықаралық бастамалары баса аталып, әлемдік қоғамдастықтың осы бастамаларды қолдап, оның жоғары бағаға ие болуы, соның ішінде Орталық Азияда ядролық қарудан бос аймақты құру, АТОМ жобасы, төмен байытылған уран банкі және басқа да бастамалары қолдау тапты.

Іс-шараға қатысқандар әлемде ядролық қаруды таратпау тәртіптемесін келешекте де нығайту керектігін, соның ішінде жалпы ядролық қарусыз әлемде қауіпсіздік декларациясына қол қою маңызды компоненттер болып табылатынын баса айтты. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар талқылаған тақырыптарда ядролық саладағы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге баса назар аударып, осы бағыттағы ядролық компоненттердің экстермистік тұлғалардың қолдарына түсуі қатерін баса айтты. Осы талқылау барысында сарапшылар ядролық қаруды таратпау тәртіптемесін нығайту барысындағы мемлекеттік іс-қимылдарды құптау тезистерін бірауыздан қолдады.

Конференция барысында қатысушылар АТОМ жобасының онлайн петициясына қол қоюға ниет білдірді, осылайша ядролық сынақтарды болдырмау мен ядролық қаруды таратпау мәселелеріне өздерінің қосқан үлесін белгісі ретінде болып табылды.

Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылар, жыл сайын 29-шы тамызда тұрақты пікір алысу алаңында өткізілетін қазақстандық іс-шараларды қолдайтындарын білдірді.

Қосылған : 29.08.2017, 15:40, Өзгертілген : 29.08.2017, 15:40