Душанбеде тәжік-ауған шекарасында 1995 жылғы 7 сәуірде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

ДУШАНБЕ, 2019 жылғы 7 сәуір - Тәжік-ауған бөлігінде ТМД-ның сыртқы шекараларын қорғау бойынша әскери борышын орындау кезінде 1995 жылғы 7 сәуірде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабының, Тәжікстан Шекара әскерлерінің басшылығы, Тәжікстан ардагер-интернационалистер одағының, ТР-де аккредиттелген елшіліктердің әскери атташат өкілдері, ТР Шекара қызметінің ардагерлері, жергілікті БАҚ, ТР-дегі «Бәйтерек» қазақтар қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар қазақстандық жауынгерлер өз өмірлерін қиа отырып, әскери борыштарын батырлықпен орындап, әскери анттарына адал болғандығын және олардың ерлігі мәңгі сақталатынын атап өтті.

Қосылған : 7.04.2019, 13:15, Өзгертілген : 7.04.2019, 13:30