Бельгияда Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің өнер көрсетуі өтуде

Брюссель, 2019 жылғы 20 маусым – Бельгияда «Салтанат» қазақ би ансамблінің 24 маусымға дейін жалғасатын гастрольдері басталды. Бірінші өнер көрсету Бельгияның оңтүстігіндегі Сен-Гилен қаласында 36-шы Дүниежүзілік фольклор фестивалі аясында өтті.

Осы фестивальдің салтанатты ашылуында Қазақстан ежелгі дәстүрлер мен жаңғыртудың бірігуі, ал қазақ музыкасы көшпелі өркениет әлемінің көркемдік көрінісі ретінде ұсынылды.

Дүниежүзілік фольклор фестивалінің президенті Даниель Кустридің айтуынша, «фестиваль қатысушы елдерге жалғыз әмбебап тіл – жүрек тілі арқылы танысуға және тілдесуге мүмкіндік береді. Бельгиялықтардың жүректерін жаулап алған Қазақстанды жарқын және ерекше «Салтанат» ұжымы ұсынатыны тамаша болды».

Сонау 1955 жылы Алматыда құрылған ансамбль Бельгияға 16 бишімен, домбырада, бас домбырада, қобызда, баянда керемет ойнайтын 8 музыкантпен және вокалшы Күмісай Байтілеуовамен келді. Ұжым қазақтың «Адай», «Балбырауын» әйгілі күйлерін, әсерлі «Қара жорға» биін және тағы басқа нөмірлері бар бағдарламаны дайындады. Бельгия, Бразилия, Гуам, Индонезия, Перу, Ресей, Словакия, АҚШ және Чилиқатысушылары да керемет бағдарламаларын ұсынды.

«Салтанат» ансамблінің ү.ж. 19 маусымдаБрюссельде 28-ші халықаралық фольклор фестивалінде қатысуы бағдарламаның бөлек бөлігіболды. Қазақстан Бразилия, Ресей және Перу қатысушыларыарасында бірінші болып өнер көрсетті және аталған фестиваль аясында үш концертті, сондай-ақ халық аспаптарбойыншабірнеше шеберлік-класстарынөткізді. Жалпы«Салтанат» ансамблі Бельгияда 10 концерт береді.

Брюссельдің жұртыансамбльдің орындауындағы «Алдар көсе» және«Қайран жиырма бес» күлкілібилеріне ерекше таң қалды.

Брюссельдегі28-ші халықаралық фольклор фестивалінің ашылуында сөзсөйлеген Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан мәдениетаралық диалогты дамыту үшін осындай мәдени іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Дипломат фестиваль ұйымдастырушыларына 2011 жылы «Мәдени мұра» ұлттық жобасының аясында шыққан «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясын сыйға тартты.

Қосылған : 20.06.2019, 21:05, Өзгертілген : 20.06.2019, 21:05