​Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері кеңесінің мәжілісі өтті

2017 ж. 5-7 маусымда Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан Республикасының төрағалығы шеңберінде ШЫҰ мүше мемлекеттерінің ұлттық үйлестірушілері кеңесінің мәжілісі өткізілді.

2017 ж. 8-9 маусымда Астанада өткізілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің мәжілісінде қол қойылатын және қабылданатын құжаттардың жобалары келісілді, сондай-ақ осы іс-шараның ұйымдастырушылық-протоколдық мәселелері талқыланды.

ШЫҰ саммитіне қатысатын мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың басшылары сондай-ақ 2017 ж. 9 маусымда өткізілетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылуына қатысады.

Қосылған : 8.06.2017, 11:15, Өзгертілген : 8.06.2017, 11:15