​Астанада қазақстандық-швейцариялық қатынастардың 25-жылдығы аталып өтті

2 маусымда Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Урс Шмид Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай бірлескен баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында тараптар президенттер Нұрсұлтан Назарбаевтың және Дорис Лейтхардтың, сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қайрат Әбдірахмановтың және Дидье Буркхальтердің Қазақстан мен Швейцария дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орай жолдаған құттықтау жолдауларымен алмасты.

У.Шмид Астананы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланғанымен құттықтап, «бұл Қазақстанның халықаралық мойындалуы болып табылады», – деп атап өтті.

Тараптар негізгі халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас екендігін, сондай-ақ тараптардың әлемдік жанжалдарды реттеу бойынша, сонының ішінде бірге Сирия бойынша келіссөздер алаңдары ретінде бітімгершілікке бірін-бірі толықтыратын үлесін атап өтті.

Тараптар екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, Астана мен Берн оны одан әрі кеңейтуге және нығайтуға өзара бейілдігін растады.

Өз сөзінде Р. Василенко Швейцария екіжақты сауда айналымы және жалпы тікелей инвестициялар бойынша Қазақстанның ірі әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 10,3 млрд. АҚШ долл. құрады, 2005-2015 жж. аралығында Қазақстанның Швейцарияға инвестицияларының көлемі 17,5 млн. долл. құрады, Швейцарияның Қазақстанға тікелей инвестициялары 815 млн. долл. құрады.

Елдеріміз іскерлік байланыстарды қолдап, дамытуға тұрақты мүдделілік танытуда. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның және «Қазақстан-Швейцария» Іскер кеңесі қызметтерінің сәтті іске асырылуы екі елдің өзара әрекеттестігін тереңдетуіне мүмкіндік беруде.

Қазақстанда 40-қа жуық швейцар компаниялары жұмыс істейді.

Тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытуда. Екі ел медициналық мекемелері, университеттері, ғылыми және мәдени орталықтары арасындағы байланыстар белсенді дамуда. Швейцарияда отандастарымыз бен Қазақстанның достарын біріктіретін «Керуен» Қазақстан-Швейцария қауымдастығы және Қазақ мәдениет орталығы құрылды.

У. Шмид бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отыра, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде швейцар делегацияларының өте жоғары және жоғары деңгейлердегі сапарлары туралы хабарлап, бұл «Қазақстан-Швейцария арасындағы байланыстарды толық нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті. Дәлірек айтқанда, швейцар дипломаты 11 тамызда Швейцария Президенті Д. Лейтхард «ЭКСПО-2017» швейцар павильонында, өз елінің Ұлттық күнін ашуды жоспарлап отыр, ал 19 маусымда Астанаға Швейцарияның Сыртқы істер Федералдық кеңесшісі (Министр) Д.Буркхальтердің Орталық Азияда су ресурстарын тиімді пайдалану тақырыбындағы конференцияға («Базель-3») қатысу мақсатында Қазақстанға сапармен келетінін хабарлады.

Р. Василенко 2017 ж. 1 қаңтардан бастап, Швейцарияны қоса алғанда, ЭЫДҰ елдері азаматтарының қолданыстағы құқығын еске сала, мерзімі 30 күнге дейін Қазақстанға визасыз келе алатыны туралы, сондай-ақ Астана мен Варшава (Польша), Будапешт (Венгрия) және Хельсинки (Финляндия) тәрізді еуропалық астаналармен тікелей әуе қатынастарын кеңейткені туралы хабарлады.

Қосылған : 2.06.2017, 17:40, Өзгертілген : 2.06.2017, 17:40