ҚР Сыртқы істер министрлігі Алқасының басты тақырыптары – экономикалық дипломатияны күшейту және кадр саясатын жетілдіру

2017 жылғы 27 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алқасының мәжілісі өтті.

Аталған отырыстың күн тәртібіне «экономикалық дипломатияның» тиімділігін арттыру және күшейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының кадрлық саясатын ілгері жандандыру мәселелері енгізілді.

Министр Қайрат Әбдірахманов өз баяндамасында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және Мемлекет басшысы жарияланған Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру мәнмәтінінде көрсетілген мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

«Экономикалық дипломатияны күшейту – Қазақстанның бүкіл Сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелері жүйесінің аса маңызды міндеті. Елеулі тәжірибелі қадамдардың бірі – мақсатты елдер, тауар айқындамасының тізімі, қазақстандық өнімдерді шет елдерде ұсынуға байланысты жұмыстары бекітілген қазақстандық өнімдер экспортын ілгерілету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Инвестиция және даму министрімен Бірлескен жоспарға қол қою болып табылады. Жақын арада инвестицияны тартуға байланысты ұқсас құжатқа қол қою күтілуде, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Бірлескен жоба іске асырылуда», – деп атап өтті министр.

Қ. Әбдірахманов Сыртқы істер министрлігі жұмысының экономикалық дипломатияны одан әрі дамыту үшін жұмысын қайта құру бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жедел түрде іс жүзінде жүзеге асыру қажеттілігіне аса назар аударды. Бұл, ең біріншіден, шетелдік инвестицияларды тарту және отандық тауарлар экспортын жылжыту, кадр әлеуетін нығайту, халықаралық аренада қазақстандық мүдделерді қорғау бойынша белсенді жұмыстар болып табылады.

Алқа отырысы барысында экономикалық дипломатияның өзекті бағыттары бойынша Министрліктің өткен жылғы қызметінің негізгі қорытындысы жинақталды. Атап айтқанда, іс-шара қатысушылары инвестициялық және экспорттық бағыттарда өзара іс-әрекет механизмдерін жасау, басқа елдермен бірге 115 үкіметаралық комиссия мен 24 іскерлік кеңестердің қызметін күшейту, Мемлекет басшысының шетелдерге сапарлары шеңберінде қол жеткізілген қазақстандық және шетелдік іскерлік ортасының арасында келісімдерді іске асыруды дайындау және шолу, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастық бойынша, дамуға ресми жәрдем көрсету ұлттық жүйесін құру жұмыстары бойынша Үкіметтің экономикалық бөлімімен жүргізіліп жатқан жұмыстарымен ақпараттандырылды.

Жалпы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелерінің тікелей қатысуымен сауда-экономикалық және инвестициялық тақырыпта 300-ден астам іс-шаралар өткізілді және Қазақстанға 600 шамасында шетелдік делегациясының сапарлары мен экономикалық қазақстандық делегациясының шетелдерге сапарлары ұйымдастырылды.

Үкіметтік құрылым мен іскерлік ортамен жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 2016 жылы инвестицияны тартудың айтарлықтай өсу серпіні байқалды. Осылайша, 2016 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша тікелей шетел инвестициясының жалпы түсімі 27,3% өсіп, 14,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы алғанда, 2005 жылдан бастап елімізге 236 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Шешуші дәрежеде аталған көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке күш-жігерлігінің және жоғары дәрежеде қол жеткізілген келісімдерінің арқасында өз көрінісін тапты.

«Ендігі экономиканың әртараптандыруы мен индустриаландыру бағдарламасының іске асырылуы шеңберінде қолданыстағы бар келісімдерді, өзаратүсіністік меморандумдар мен келісім-шарттарды жүзеге асырумен қатар, қазақстандық тауарлардың экспорттау географиясын едәуір кеңейту және тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты түрде құйылуын қамтамасыз ету қажетті. Бұл жерде Астанада «ЭКСПО-2017 өткізілуімен маңызды мүмкіндіктер ашылады», - деп аса көңіл бөлді Қ. Әбдірахманов.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған бірінші институционалдық реформаны іске асыру шеңберінде Алқа отырысында кадр саясатын меритократия қағидасы негізінде жандандыру, жоспарлы сыртқы ротациясын жүргізу және қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату, ҚР заңнамаларын және мемлекеттік қызметкерлерінің Этика кодексін мүлтіксіз сақтау сұрақтарына баса назар аударылды.

«Қазақстан сыртқы саясатының табысты іске асырылуы шешуші дәрежеде тікелей кадрлар біліктілігінің деңгейі мен кәсіби дайындығына байланысты», - деп атап өтті министр. Ол қолданыстағы қағидалар мен тәсілдемелерді қайта қарастыра отырып, дипломатиялық жұмысқа түсуге үміткер болып жүрген азаматтар мен жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерге кәсіби деңгейі мен біліктілігі жағынан қойылатын талаптарды жоғарлатудың керектігін баса айтты. «Сонымен қатар, жүргізіліп отырған кадр саясатында меритократия қағидасы басымдылық ету керек. Дипломатиялық қызметтің персоналымен жоспарлы да жүйелі жұмыс істеу қажет», - деп қосты министр.

Қазіргі таңда сыртқы істер министрлігінің 400-ге жуық қызметкері шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, 55 қызметкер – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болып табылады.

Алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламентінің өкілдері, басқа да мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары күн тәртібінің барлық сұрақтарына қызығушылық білдіре отырып, белсенді қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР СІМ Алқасының қаулысы қабылданды.

Қосылған : 27.03.2017, 17:25, Өзгертілген : 27.03.2017, 04:25