Аудит нәтижелері

Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрігі Ішкі аудит қызметінің 2016 жылғы 3 тоқсанындағы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпараты

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекіткен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2016 жылғы 3 тоқсанда Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде 5 аудиторлық іс-шара (сәйкестік аудиті) жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде жалпы сомасы 265 439,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 258 550,5 мың теңге – бюджет қаржысын және мемлекет активтерін негізсіз пайдалануға әкеліп соқпайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 6 885,4 мың теңге - бюджет қаржысын және мемлекет активтерін негізсіз пайдалануға әкеліп соғатын қаржылық бұзушылықтар.

Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жай-күйі бойынша республикалық бюджет кірісіне 2 395,3 мың теңге қалпына келтірілді және қайтарылды.

Ішкі мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде, сондай-ақ республикалық бюджет кірісіне негізсіз шығыстардың қайтарылғаны туралы ақпаратты мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамаларын сәйкес бухгалтерлік есепке алуды және есептілігін жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдары жолданды.

Сонымен бірге, әкімшілік жауапкершілік белгілерімен анықталған бұзушылықтар бойынша ақпарат ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органға жолданды.

Қосылған : 4.12.2013, 09:18, Өзгертілген : 21.07.2016, 17:28