БҰҰ жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКБІБ)

 

БҰҰ БЖКБ 1950 жылы 14-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен құрылған болатын. Қазіргі тұста Басқарма әлемдегі 24 миллионнан астам адамдарға көмек көрсететін гуманитарлық ұйымдың бастысы болып табылады.

БҰҰ БЖКБ Бас-пәтер Женева қаласында орналасқан. Жоғарғы комиссар басшылық етеді. 2016 жылғы 1-ші қаңтардан бұл қызметті Италия өкілі Филиппо Гранди (Filippo Grandi) атқарады.

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ БЖКБ өкілдігі өз қызметін 1995 жылғы тамызда бастады. Қазіргі тұста Басқарманың Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанда өкілдіктері, ал Өзбекістанда БҰҰ Даму Бағдарламасының жобаларымен айналысатын шектеулі өкілдігі бар. Орталық Азия бойынша Аймақтық өкілдік қызметін атқаратын БҰҰ БЖКБ Офисі Алматыда орналасқан.  Астанада мемлекеттік органдармен байланыс үшін өкілдік ашылған. 2014 жылдан Өкілдік басшысы қызметін Бернард Дойль атқарады.

БҰҰ БЖКБ қызметі гуманитарлық кеңістікті нығайту мен сақтауға, босқындар үшін ұзақ мерзімді шешімдерді әзірлеуді қоса алғанда, босқындарға халықаралық қорғауды қамтамасыз етуге, азаматсыздықты жою мен қысқартуға, халықаралық тәжірибе негізінде күрделі аралас көші-қон ағындарын басқаруға жәрдемдесуге және төтенше жағдайларды сезінуге әлеуетті нығайтуға бағытталған. БҰҰ БЖКБ жұмыспен қамтылу, кәсіби курстар сияқты босқындар үшін өзін өзі қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды қолдайды, негізгі әлеуметтік игіліктерге босқындардың қолжеткізуін қамтамасыз етеді және неғұрлым әлсіз отбасыларға қаржылай көмегін ұсынады.

Қазақстан пана іздейтін адамдар мен босқындардың құқықтарын қорғау мен гуманитарлық кеңістікті сақтауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 1999 жылы Қазақстан «Босқындар мәртебесі туралы» 1951 жылғы конвенцияға және 1967 жылғы оның хаттамасына қол қойды. 2010 жылы «Босқындар туралы» заң Қазақстан Республикасында күшіне енді. Осы заң елдегі босқындарға қатысты мәселелерді реттейді, мемлекет ұсынатын қорғауды қамтамасыз етеді, Қазіргі уақытта БҰҰ БЖКБ ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде ұлттық заңнама мен заңға бағынышты актілерді жетілдіруге мүдделі әртүрлі құзыретті органдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып отыр. БҰҰ БЖКБ «Босқындар мәртебесі туралы» 1951 жылғы конвенцияда және 1967 жылғы оның хаттамасында айтылған халықаралық стандарттарға босқындар мәртебесін анықтау бойынша ұлттық рәсімдердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Көші-қон полициясы комитетіне қолдау көрсетіп отыр.

БҰҰ БЖКБ 1954 жылғы Апатридтер мәртебесі туралы конвенцияға қосылуға Қазақстан Республикасының Үкіметіне көмектесуде және негізгі мақсаты азаматсыздықты жою және қысқартумен қатар, азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтау, тіркеу және қорғау болып табылатын заңнамалық және әкімшілік жүйені әзірлеу мен күшейтуде Үкіметке қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, БҰҰ БЖКБ төтенше жағдайларға жауап қайтару бойынша тетіктерді жақсартуға бағытталған әлеуетті нығайту бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу арқылы төтенше жағдайларға дайындық мәселелері бойынша Үкіметпен ынтымақтасып отыр. Сонымен қатар, Орталық Азияда аралас көші-қонның күшеюіне байланысты, Қазақстандағы БҰҰ БЖКБ қызметі аралас мигранттар ағыны шеңберінде баспана жүйесін сақтауға да бағытталған. 2011 жылғы наурызда Алматы қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша БҰҰ БЖКБ Бесінші аймақтық конференциясы өтті. Шараға Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран, Түркия, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы және Қытайдан келген 100-ден астам адам қатысты. Қатысушылар «Алматы декларациясын» қабылдады, ол одан әрі өңірлік ынтымақтастықты және тараптар арасындағы диалогты құру үшін тұғырнама қызметін атқаратын болады.

Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар Антонио Гутерриш Қазақстанға екі мәрте – 2007 ж. қараша және 2013 ж. маусымда – сапар шекті. 2013 ж. 4-ші маусымда Босқындарды қорғау және халықаралық миграция бойынша 2-ші аймақтық министрлер конференциясына қатысуы барысында А.Гутерришті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, БҰҰ БЖКБ басшысының ҚР Мемлекеттік хатшысы және Парламент Сенаты Төрағасының орынбасарымен кездесулері болды.

2013 ж. 5-ші маусымда Алматыда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен, БҰҰ БЖКБ және Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) қолдауымен және барлық Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысқан аймақтық конференция өтті. Шара 2011 ж. наурызда Алматыда болған, сондай-ақ аралас миграциялық ағымдардың әсерінен туындайтын күрделі құбылыстарды мойындаған және мұндай үдерісті бақылауға алу қажеттігі туралы аймақтың барлық елдеріне үндеу жасайтын Алматы декларациясының қабылдауына әкелген 1-ші конференцияның жұмысын қорытындылады.

Конференцияда «Алматы үдерісін» басқару құрылымы (Басқару механизмі) бекітілді. Оның құрамына Төраға (қазіргі тұста - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі) және Қолдау қызметі (Хатшылық) кіретін болады.

 

 

Қосылған : 4.12.2013, 19:28, Өзгертілген : 25.03.2016, 16:41