​Ослодағы форумда халықаралық қауымның Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуға қатысуы талқыланды

ОСЛО, 2019 жылғы 19 маусым – Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Норвегия сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ине Эриксен Сорейденің шақыруы бойынша халықаралық қауіпсіздіктің көкейтесті мәселелеріне арналған «Осло Форумына» қатысты.

Форум жыл сайын Норвегия Үкіметінің аясында өткізіледі және бейбітшілік үдерісті ілгерілетуге мүдделі халықаралық қақтығыстарды реттеу дәнекерлер, келіссөздершілер үшін халықарарлық алаң болып табылады. Форумға әртүрлі елдердің, халықаралық пен бейүкіметтік ұйымдардың жоғары деңгейдегі өкілдері қатысты.

Форум күнтәртібінің маңызды тармақтардың бірі Орталық Азия аймағының дамуы мен қауіпсіздігі және осы үдерістегі халықаралық қауымның рөлі жайындағы сұрағы болды. Айырықша мәнділігі, осы шара қарсаңында – 17 маусымда ЕО-ың Сыртқы істер жөніндегі кеңесінің отырысы барысында «Әріптестікті нығайтудыңжаңа мүмкіншіліктері» атты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша Стратегиясы қабалданды.

Өз сөзінде Р. Василенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін Қазақстанның жаңа саяси дамуы сатысын атап өтті. Ол Мемлекет басшысының елді әлеуметтік пен экономикалық дәйекті дамытуы мен реформаларға көзделгенін таңбалады. Сөзінде дипломат Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық сын-тегеруіндеріне қарсы бірлескен іс-қимыл мен қауіпсіздікке қатер сұрақтары бойынша қарышты диалог дамуы туралы айтып берді (терроризм мен экстремизмге, ұйымдасқан қылмыстылыққа, заңсыз көші-қон мен есірткінің айналымына қарсы күрес).

Ол Орталық Азия аймағында бейбітшілік, қауіпсіздік, ынтымақтастық пен даму зонасын құру мақсатында постқақтығыс Ауғанстанды қалпына келтіруге экономикалық көмек көрсету бойынша халықаралық күш-жігерді шоғырлаудың қажеттігін атап өтті. Қатысушылар аймақтағы басты мәселелері мен оларды шешудің және халықаралық қауым тарапынан көмек көрсетудің ең тиімді механизмдерін белгіледі.

Айта кететін жайт, Орталық Азия мен Ауғанстанды оңалтуға қосқан біздің аймақ елдерінің оң үлесі туралы тақырып, осы елдегі жағдайды қарастыруға арналған сессияда көтерілді. Форум қатысушылары әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл салада Қазақстан өз елеулі үлесін 1000 ауғанға білім беру арқылы қосты. Отырыс барысында ЕО, Қазақстан мен Өзбекстан қатысуымен ауған әйелдері үшін үш жақты білім беру бағдарламасын енгізу маңыздылығы аталып өтті.

Форум қатысушыларының Сириядағы жағдайға зор қызығушылығын тудырған бөлек панельдік сессия ұйымдастырылды. Оның барысында сириялық қақтығыс әскери жолымен шешілмейтіні, тек бейбітарнамен реттелуі мүмкін екені аталып өтті. Осы мәселені шешуге Қазақстанның Астана үдерісінің шеңберінде салынған күш-жігерітуралы басып айтылды.

Бірдей екі тақырыптық (сириялықпен ауғандық) сессия мәнмәтінінде халықаралық мамандардың ерекше қызығушылығын Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Сириядан, бәрінен бұрын, әйелдер мен балаларды қайтару белсенді жұмыс туралы ақпарат туғызды. «Жусан» үш операциясы нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар мен мамыр айларында соғыс болып жатқан аймақтан 496 қазақстандық, оның ішінде 357 бала құтқарылды. Мемлекеттік органдар мен БҮҰ осы адамдарға қатысты оңалту шараларын атқаруда, нәтижесінде кейбір азаматтар бұрыңғы радикалдығынан бас тартқан, өздері жұмысқа, ал балалары мектеп пен балабақшаларға орналастырылған», - деп айтты Р.Василенко.

Қосылған : 20.06.2019, 10:15, Өзгертілген : 20.06.2019, 10:15