ТҮРКСОЙ

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 1993 жылғы 12 шілдеде түркітілдес халықтардың арасындағы рухани байланыстарды жаңғырту мақсатында құрылды

Бүгінгі таңда ТҮРКСОЙ мүшелері тәуелсіз түркі мемлекеттері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан.

Байқаушылар: Алтай Республикасы (РФ), Башқұртстан (РФ), Гагаузия Автономды Республикасы (Молдова), Хакасия Республикасы (РФ), мойындалмаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Саха Республикасы (РФ), Татарстан Республикасы (РФ) және Тыва Республикасы (РФ).

ТҮРКСОЙ штаб-пәтері Анкара қаласында (Түркия) орналасқан. Ұйымның ресми тілдері түрік, ағылшын және орыс тілдері.

2011 жылғы 20 қыркүйектен бастап ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы болып Қазақстан өкілі Д.Қасейнов болып табылады. ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 32-ші отырысы (2014 ж. 21 қараша, Қазан қаласы, Ресей) барысында екінші мерзімге қайта сайланды.

ТҮРКСОЙ түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мәдени мұраларды қорғау бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, тарихи және мәдени ескерткіштерді жаңғырту бойынша жұмыстар, фольклор дәстүр және әдет-ғұрыптарды зерттеу, сондай-ақ түркі халықтарының тарихи-мәдени, архитектуралық және археологиялық ескерткіштерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2016 жылғы 1-2 желтоқсанда ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер Мәдениет министрлерінің 34-ші отырысы, сонымен қатар «Шеки – Түркі әлемінің 2016 жылғы астанасы» (Әзербайжан) шарасы өткізіліп, оның шеңберінде Түркістан қаласы 2017 жылғы түркі әлемінің астанасы болып таңдалды.

Қосылған : 4.12.2013, 19:37, Өзгертілген : 12.08.2014, 19:54