Тәуелсіздік күніне орай Мысыр Президентінен құттықтау келіп түсті

2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Каирдегі Елшілігіне Мысыр Араб Республикасы Президентінің Арнайы уәкілі Ахмад әл-Ансари келіп, Мысыр лидерінің Қазақстанның Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай құттықтауын тапсырды. Мысыр Президенті Абдель-Фаттах ас-Сиси жолдаған құттықтауында өзін күшті және тәуелсіз мемлекет ретінде көрсеткен және әлемнің озық елдерінің қатарына кіру үшін нақты қадамдар жасап жатқан Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады. Президент Абдель-Фаттах ас-Сиси Мысыр халқы атынан барлық қазақстандықтарға табыстар, бейбітшілік пен гүлдену тіледі. Сонымен қатар, ол екі ел арасында қалыптасқан тарихи қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға ниетін растады.

Қосылған : 14.12.2017, 14:05, Өзгертілген : 14.12.2017, 14:05