Тимоти Беннетт. «Қазақстандық тарихты» жасау Қазақстан мен өңірдің капитал нарығын қалай жандандырады

Тимоти БЕННЕТ

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАРИХТЫ» ЖАСАУ ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨҢІРДІҢ КАПИТАЛ НАРЫҒЫН ҚАЛАЙ ЖАНДАНДЫРАДЫ?

АХҚО биржасын (AIX) Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы шілдеде ресми түрде ашты. Жақында ашылған биржа капитал мен инвестициялар тарту үшін қазақстандық капитал нарығын серпінді және тиімді экожүйеге айналдыруды мақсат етеді. Бірінші жылдыңқорытындысы бойынша соңғы нәтижелер АІХ-тің дұрыс жолда келе жатқанын көрсетті.

Біз АІХ жұмысының алғашқы жылында-ақ: халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта жасау, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, толығымен жұмыс істейтін инфрақұрылым мен жергілікті және халықаралық брокерлердің экожүйесін құру сияқты кейбір маңызды да негізгі кезеңдерді қоса алғанда, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Осының бәрі жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өз акцияларын қор биржасына орналастырған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының алғашқы әрі сәтті ІРО-сы үшін платформаны қамтамасыз етті, бұл ретте оған жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылық білдірді. Бізге бір жылға жетпейтін уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі биржа құрудың сәті түсті және жергілікті капитал нарығын одан әрі дамыту жолындағы жұмысты жалғастырудамыз.

Жаңа бетбұрыс. Жаңа Зеландияның Қор биржасындағы өзімнің жұмыс тәжірибемді негізге ала отырып, мен жаңа биржа құру – бұл әрқашан күрделі болғанымен, көп үміт күттіретін қызықты жол деп сеніммен айта аламын.

Уақыт өте келе қазақстандық капитал нарығы үшін АІХ белгілеген жаңа «ойын қағидалары» инвестицияларды барынша тартымды ете және экономикалық өсім қарқынын арттыра отырып, акционерлік капиталдың қолжетімділігін ұлғайтатын және бизнес үшін капитал құнын арзандататын неғұрлым терең және өтімді нарыққа әкеледі.

АІХ мақсаты Қазақстан және өңір үшін экономикалық өсім мақсатында айналымдық капитал нарығын дамыту болып табылады. Біздің басты басымдығымыз инвесторлар үшін «таныс ортаны»: басқа халықаралық юрисдикцияларға ұқсас құқықтық ортаны, биржаны жаһандық инвесторлармен байланыстыратын стандарттық хаттамалары бар технологиялық платформаны және бізді отандық және шетелдік инвесторлармен жалғастыратын брокерлер тобын қалыптастыру болды. Енді бізде барлық қажетті ингредиенттер бар. Және біз оны «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның ІРО кезінде көрсеттік.

Инвестициялар үшін жаңа хаб. АІХ Шанхай қор биржасын,NASDAQ, Жібек жолы қорын, The Goldman Sachs Group, Inc. қоса алғанда, осы саланың әлемдік алыптары үлгісінде және солардың қолдауы негізіндеқұрылған болатын. Мұндай әріптестіктер Орталық Азияның бүкіл нарығы үшін ынтымақтастыққа, дамуға және өркендеуге жол ашады. Біз АІХ-ті жаңа мүмкіндіктердің көзі ретінде бағалағанда, нарықтары ауқымды өзгерістерді күтіп отырған бүкіл өңірді қарастырамыз. Тұтастай алғанда, Орталық Азияның көбінесе нақты салалармен шектелген мол мүмкіндіктері бар, алайда өңірлік нарықтың барлық қатысушыларының АІХ-те ойыншылар мен көшбасшыларға айналу мүмкіндігі болады.

Біздің күн тәртібіміз. АІХ үшін 2018 жыл «Қазатомөнеркәсіптің» ІРО-сы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигациялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның корпоративтік облигациялары сияқты басқа да бірқатар бағалы қағаздардың орналастырылуы есте қалды. 13 компания, оның ішінде 2 ірі халықаралық брокерлік фирма AIX-тің сауда мүшесі болды. Екі кастодиан-банк – Сбербанк пен Центр Кредит Банкі AIX – Орталық депозитарийінің (AIX CSD) мүшелеріне айналды, AIX CSD-де инвесторлардың 60 000 астам шоты ашылды.

«Қазатомөнеркәсіп» ІРО-сы инвесторлардың қазақстандық нарыққа деген қызығушылығын оятты. Алайда ірі ұлттық компаниялардың ІРО-сы – АІХ сүйенетін жалғыз бағыт емес. Біз отандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымды болатын бағалы қағаздардың пайда болуымен жұмыс істеп жатырмыз. Ол бекітілген бағалы қағаздарды қамтиды – біз егемен облигацияларды және сукуктардыорналастыру бағытында Қаржы министрлігімен және Қазақстан үшін бірегей активтерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін биржалық инвестициялық қорлармен жұмыс істейміз. Біз жекеменшік капиталдың орналастырылуын көтермелеуге, әсіресе ол кәсіпкерлергеөз бизнесін дамыту немесе жер қойнауын пайдалану секторын дамытуға қолдау көрсету үшін капиталды қамтамасыз ету кезінде көтермелеуге шақырамыз.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтың Биржа басшысы Тимоти Беннетпен ұжымдық кездесуі

АІХ инвестициялық мүмкіндіктерді дамытумен қатаринвесторлардың Қазақстанға қызығушылығын арттыру жолында да жұмыс істеп жатыр. Мен қоғам: «Мен неліктен Астанадағы қор биржасын таңдауға тиіспін?» деген сұрақ төңірегінде ойлануы мүмкін екенін түсінемін. Бұл сұраққа жауап қарапайым: біріншіден, инвесторлардың Орталық Азия өңіріне айтарлықтай қызығушылығы бар, сондықтан біз осы инвестициялар үшін ашық есікті қамтамасыз етеміз. Сіз Лондонда жаһандық инвестор болдыңыз делік, сонда сізде өзіңіз инвестиция сала алатын бірнеше жүздеген нарықты таңдай аласыз, ал ол нарықтарда жүз мыңдаған бағалы қағаздар бар. Осы талаптарға сәйкес, біздің өңірге қызығушылығын білдірген инвесторғаАІХ-ке назар аударғаны қисынды болар еді.

Кейбір адамдар АХҚО мен АІХ Қазақстанға және өңірге тек шетелдік инвестициялар тартады деп есептесе де, біз үшін инвесторлардың отандық институционалдық және бөлшектік базасын дамытқан бірдей маңызды. Мемлекеттік қорлардың шегінен тыс жерлерде жергілікті институционалдық инвестициялық сектор көлемді емес және барлық қаражат негізінен тіркелген ішкі кірісі бар активтерге инвестицияланады. Бұл жағдай өзгертілуге тиіс, өйткені бұл қорлар шағын кәсіпорындардың дамуын қолдауға арналған акционерлік капиталдың қисынды өнім берушілері болып табылады.

Біз сондай-ақ көлемді емес және тарихи тұрғыдан ұмытылған дара инвесторлар базасын дамытуға қолдау көрсететін боламыз. Тек бай адамдар ғана емес барлық қалаған қазақстандықтардың елдің болашағына инвестиция салуы үшін жаңашылдықтар енгізетін боламыз.

Жаңа мүмкіндіктер. АІХ инвестициялар тартуға және жаңа мүмкіндіктер жасауға арналған орталық ретінде құрылған болатын. АІХ назар аударатын маңызды мүмкіндіктердің бірі «Белдеу және жол» (БЖ) бастамасының шеңберіндегі ынтымақтастық және жұмыс болып табылады. Қазақстанның Еуропа мен Азия арасында орналасуы жаңа Жібек жолының құрылысына тиімді инвестициялар үшін мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Қытайға экспорттайтын минералдық ресурстар,сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты бірқатар тауарлар бар. Қытайдағы өсу қарқынын ескере отырып, экспорттың осы көлемдерін арттыру үшін Қазақстанға келетін инвестицияларды ұлғайту талап етіледі.Біздің команда осы бастаманы инвестицияларға қалай айналдыруға болады және өңір экономикасы үшінинвесторларға осы тартымды бастамамен танысуға мүмкіндік беретін өнімдерді қалай жасауға болады деген сұрақтарға жауап іздеу бағытында жұмыс істейді.

Біздің миссия. АІХ-тің барлық қызметі Қазақстанда капитал нарықтарын жандандыру үшін бағытталған. АІХ бұл жерде тек қағаз бетінде тіркелген кіріс тәжірибесінжәне артықшылық берілген бірнеше акционердің листингінЛондондағы биржаға орналастыру мәселесінен арылу және бизнестің меншікті капиталын ұлғайтатын және барлық қазақстандықтардың капитал нарығының даму артықшылықтарына ие болуға мүмкіндік беретін нарыққа келу үшін Қазақстандағы капитал нарықтарын қалпына келтіру мақсатында жұмыс істейді. Біз Қазақстан капиталының нарықтары халықаралық деңгейде қолайлы, бәсекеге қабілетті және тиімді болуына бар күшімізді жұмсаймыз.

_________________________________________________

АВТОР ТУРАЛЫ. Тимоти Беннетт – АХҚО Биржасы басқармасының Төрағасы. Беннетт мырза АХҚО Биржасы Басқармасының Төрағасы болып 2018 жылғы мамырда тағайындалды. Бұған дейін ол Жаңа Зеландия қор биржасы (NZX) басқармасының төрағасы, бағалы қағаздар мен деривативтер нарығының лицензияланған операторы болып жұмыс істеді. Беннетт мырза биржаның сауда және клирингтік жүйелерін ауыстыру мен жаңғыртуды, сондай-ақ Жаңа Зеландия қор биржасының Басқарушы қоры арқылы 23 биржалық инвестициялық қорды іске қосуды қоса алғанда, ұйымдық және нормативтік елеулі өзгерістер кезеңінде NZX басқарды. Оның NZXалаңындағы жұмысы кезінде Жаңа Зеландия Үкіметі капитал нарығы елдің экономикалық өсуінің негізгі қозғаушы күшіне айналуы үшін бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірді.

NZX-ға келгенге дейін Беннетт мырза Азиядағы Oliver Wyman және Boston Consulting Group компанияларында әріптес болды.

Беннетт мырза Пенсильвания Университетінің Уортон мектебінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін және Веллингтондағы Виктория Ханшайым Университетінде сауда және әкімшілендіру саласындағы бакалавр дәрежесін алды.
Қосылған : 29.03.2019, 16:35, Өзгертілген : 29.03.2019, 16:35