Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне орай Загреб қаласында мерекелік шаралар өткізілді

Ү.ж. 29-30 қарашада, Загреб қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне орай Загреб қаласында мерекелік шаралар өткізілді.

Загреб қаласының "Кино Грич" кинотеатрда, хорватия тілінде субтирмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмнің көрсетілімі өтті. Фильмді Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшілігі мен Қазақстан-хорват достық қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.

ҚР Елшісі Т.Барлыбаев жиналған хорват публикасына фильмде отанға деген сүйіспеншілік пен ата-ананың тәрбиесі, моральдық борыш пен жауапкершілік, болашақ көшбасшының тұлғасын қалыптастыруға негіз болатын күшті ерік-жігер мен тіршілік күші туралы идеялар сипатталғаны туралы айтып кетті.

Оған қоса, алты жыл бұрын ҚР Парламенті Сенатымен ұсынылған, Елбасының көрнекті жетістіктер үшін, 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні болып жариялғаны туралы және әртараптандырылған экономиканы, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің бірегей әлеуметтік моделін құру, мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту, конфессияаралық диалогты нығайту және аймақтық және жаһандық деңгейде маңызды мәселелерді шешудегі, халықаралық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты, ядролық қарусыздану мен таратпау, еуразиялық интеграцияның дамуын нығайтуға қомақты үлесі және ең мазды - тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлі туралы қоса атап өтті.

«Балалық шағымның аспаны» фильм қонақтар үшін оң әсер қалдырдып, кино шеңберінде, «Қазақстан - Ұлы дала» атты фотокөрме, кәдесыйлар мен Қазақстан туралы ақпараттық буклеттер тарату мен дипломатиялық қабылдау өтті.

Сонымен бірге, 30 қарашада Загребте Қазақстан Достарының бейресми клубының мәжілісі өтті. Оған көрнекті қоғам қайраткерлері - Хорватияның бұрынғы Президенті Степан Месич, Қазақстан-хорватия достық қоғамының Төрағасы Андрей Карафилипович, Босния мәдениет қоғамының төрағасы Ферид Диздаревич және басқалар қатысты. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанды дамыту және Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының көп қырлы қызметіне жоғары баға берді.

Хорватиядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі

Қосылған : 30.11.2017, 11:50, Өзгертілген : 30.11.2017, 11:50