ҚазақстанЕлшісі Пәкістан Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Исламабад, 2019 жылғы 19 маусым – Пәкістан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Пәкістандағы Қазақстанның Елшісі Барлыбай Садықов Пәкістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Саеда Саклайн ханыммен кездесуі өтті.   

Кездесу барысында қазақстандық дипломатиялық өкілідігінің басшысы пәкістандық дипломатты ү.ж. 9 маусымда өткен Қазақстан Республиксының Президентін сайлау науқанының қорытындылары және жаңадан тағайындалған ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың инаугурациялық рәсімінде сөйлеген сөзінің негізгі түйінділері жайында хабардар етті. 

Одан басқа кездесу шеңберінде Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеген мәселелер де талқыға салынды.

Қосылған : 19.06.2019, 13:00, Өзгертілген : 19.06.2019, 13:00