Тегерандағы «Қазақ түні»

Ү.ж. 9 тамызда Қазақстанның Тегерандағы Елшісінің резиденциясында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметінің 25 жылдық мерейтойы және Қазақстан мен Иран Ислам Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым қатынасқа 25 жыл толуына арналған салтанатты қабылдау болып өтті. Бұл маңызды шараның бас қонақтары ретінде Иранға арнайы сапармен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және ИИР Вице-президенті – Иран Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Али Акбар Салихи қатысты.

Аталған шара аясында Қазақстанның туристік әлеуетін Иранда кеңінен насихаттау мақсатында, Қазақстанның Тегерандағы Елшілігі, «Эйр Астана» компаниясы, «RIXOS» отелдер жүйесі,сондай ақ,бірқатар қазақстандық және ирандық туристік фирмалар сол күні Тегерандағы «Қазақ түні» атты туризм тұсаукесерін ұйымдастырды. Қабылдау барысында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мұсаходжаева, аталған оқу орнының домбрашылары және «Тенгри» этно-фольклорлық тобы Қазақтың ұлттық музыкалық өнерін паш етіп, ал Тегеранға арнайы келген "Rixos Almaty» отелінің аспаздары Қазақтың ұлттық тағамдары фестивалін өткізді.

Салтанатты қабылдауға Иранның мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының басшылары, жергілікті ірі кәсіпкерлер мен бизнесмендер, өнер, спорт, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. салалардың белгілі өкілдері, сондай-ақ Тегеранда тіркелген шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Қабылдаудың салтанатты ашылуы рәсімі барысында айтқан сөзінде ҚР Тегерандағы Елшісі Бағдад Әміреев Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсултан Назарбаевтың сындарлы саясаты арқасында қазақ мемлекетінің дипломатиясының қалыптасуы, оның еліміздің бейбіт және көп векторы сыртқы саясатын пәрменді түрде жүргізуі және олардың нәтижесінде қол жеткізілген жаһандық және аймақтық деңгейдегі жетістіктер туралы кеңінен баяндап берді. Оның ішінде, әлемде төртінші орында болған ядролық арсеналдан бас тарту, ТМД, ҰҚШҰ, конфессияаралық татулықты нығайтуға бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, АӨСШК, Түркі кеңесі және т.б. бірлестіктерді құрудағы Қазақстанның бастамасы мен рөлі ерекше атап өтілді.Сондай-ақ, еліміздің бейбітсүйгіштік саясат арқасында Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиттерін Астанада өткізу, Иран ядролық мәселесін шешудегі қомақты үлесін,БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне, ЭКСПО-2017 және басқа да маңызды шараларды өткізу сеніп тапсырылғанына назар аударылды. Бұған қоса, дипломатиялық қатынастар орнатылған 25 жыл ішінде Қазақстан мен Иран ынтымақтастығының ерекше дамығаны және стратегиялық деңгейге жеткені, оны нығайтуда екі мемлекет басшылары арасындағы сындарлы сенімге негізделген диалог септігін тигізіп отырғаны мәлімделді.

Осы маңызды шараға ирандық тараптан бас қонақ ретінде келген ИИР Вице-президенті – Атом энергиясы ұйымының төрағасы А.Салихиге Елші екіжақты ынтмақтастықты нығайтуға қосқан еңбегі үшін, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен тағайындалған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» атты мерейтойлық медаль салтанатты түрде табыс етілді.

ҚР Премьер-Министрінің қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік индустриясын дамыту стратегиясы аясында өткізілген «Қазақ түні» тұсаукесеріне қатысу және екіжақты ынтмақтастықты дамыту мәселелерін талқылау үшін Тегеранға арнайы сапармен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы екі мемлекет арасындағы мәдени және туристік байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

А.Мұхамедиұлы туристік индустрия әлемдік экономикада ерекше орын алатынын, бұл бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға қазақстандық «Эйр Астана» компаниясы Алматы-Тегеран-Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс ашуы септігін тигізіп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Қазақстанның батыс өңірлері мен Иранның арасын байланыстыратын тікелей әуе қатынасын ашу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Оған қоса, 2016 жылы желтоқсанда ИИР Президенті Х.Руханидің Астанаға сапары аясында топтық туристік визаны ресімдеу бойынша меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Бұл санаттағы визаларды беруді жеңілдету арқылы туристерге жасалатын жағдайды арттыру үшін қазақ тарапы аталған Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және қайтадан қол қоюды ұсынғанын атап өтті. Сондай-ақ, екіжақты туристік байланыстарды жандандыру мақсатында Тегеранға келген қазақстандық әуе және туристік компаниялар мен қонақүй бизнесінің өкілдеріің Елшілікпен бірлесіп Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен паш етуге арналған «Қазақ кеші» атты тұсаукесерінің маңыздылығын баса айтты.

Қазақ министрі өз сөзінде еліміздің ерекше туристік тартымдылығын айта кетіп, Иран азаматтарын Қазақстанға сапар шегуге шақырды.

ИИР Вице-президенті – Атом энергиясы ұйымының төрағасы А.Салихи өз сөзінде Қазақстанның Иран сыртқы саясатында ерекше орынға ие екенін айта кетіп,соңғы 25 жылдың ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар ерекше және тегеурінді турде дамуда екендігін атап өтті. ИИР Вице-президенті Иран Қазақстанды Орталық Азиядағы дос және сенімді серіктесі ретінде санайтынынтжәне түрлі салалардағы қатынастарды кеңейтуге ерекше көңіл бөлетінін баса айтты. Бұл үдеріс 2013 жылы Х.Рухани Үкіметінің қызметі басталуымен одан сайын қарқындады және екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары арасындағы саяси сенім нығайды.Атап айтқанда, екі ел президенттерінің 2016 жылдың ішінде өткен екі ресми сапарлары өтті және бұл сапарлардың нәтижесінде инвестициялық сомасы 1 млрд. АҚШ долларды құрайтын ондаған құжаттарға қол қойылды. Бұл құжаттардың қатарында екі елдің арасындағы экономикалық, сауда, энергетика, көлік және инвестицияр саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша Жол картасы, туристердің сапарын жеңілдету жөніндегі меморандум бар.

А.Салехидың мәлімдеуінше, Иран және Қазақстан өңірлік және халықаралық сахнада өзара ықпалдастық жасап келеді.

Иран Вице Президентінің айтуынша, Қазақстан Иранның ядрлық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені бейбіт жолмен шешу жөніндегі келіссөздерді өткізу менТегеранның ядролық бағдарламасы бойынша қол қойылған келісімді орындау үдерісінде айтарлықтай оң ықпал жасады. 2013-жылдың қаңтар жэне сәуір айында Алматыда өткен ядролық келіссөздер бірнеше айдан кейін Вена және Женевадағы келісімдерге мұрындық болды. Біз алдағы уақытта да ядролық бағарламаға қатысты уағдаластықтарды нығайту және әлемдік кейбір державалардың осы келісімді бұзуына жол бермеу үшін Қазақстан сияқты дос елдердің мүмкіндіктерін пайдаланамыз деп үміттенеміз деді.

Қазақстан Елшілігінің аталған дипломатиялық кабылдау рәсімі,сондай ақ,осы шара аясында өткен "Қазақ түні"атты туризм тұсаукесері Иран ресми өкілдері мен жұртшылығының және Тегерандағы шет ел дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларынын жоғары бағасына ие болды.

Ақпарат ретінде хабарланады.

Қосылған : 21.08.2017, 17:15, Өзгертілген : 21.08.2017, 17:15