Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2010 жыл

07.01.2010
Мемлекет басшысы көліктік, ветеринарлық санитарлық-карантиндік бақылауды және өсімдіктер карантинін бақылауды жүзеге асыру бойынша функцияларды кеден органдарына беру арқылы мемлекеттік шекарадан тауарларды және көлік құралдарын алып өту кезінде автомобилдердің өту пункттерінде интеграцияланған бақылауды енгізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

14.01.2010
Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысына қатысушыларға арнап сөз сөйледі.
Өзінің бейнежолдауында Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ қызметіне қатысты негізгі ұстанымдарды баяндап, Ұйым төрағалығындағы Қазақстанның ұраны мен басымдықтарын жария етті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан төрағалығының сенім, дәстүрлер, транспаренттік және төзімділік қағидаттарына негізделетінін атап айтты.

15.01.2010
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев орасан көп адам шығыны болған алапат зілзала салдарына байланысты Гаити Республикасының Президенті Рене Превальдің атына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Онда Гаити Республикасында болған қайғылы жағдай Қазақстанда терең күйзеліспен қабыл алынғаны атап өтілген.
«Қазақстан Республикасы халқы атынан және жеке өз атымнан зардап шеккендердің жанұялары мен жақын-туыстарына азалы көңілімді білдіргім келеді. Қазақстан Үкіметі Сіздің еліңізге барынша гуманитарлық көмек көрсетеді», - делінген жеделхатта.

18.01.2010
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтіп, онда Үкіметтің есебі тыңдалды.
Кеңес жұмысына Премьер-Министр К. Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А. Мусин, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Үкімет мүшелері қатысты.
Кеңес барысында Премьер-Министр К. Мәсімов Мемлекет басшысына еліміздің 2009 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2010 жылғы даму жоспары туралы баяндады. Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Е. Орынбаевтың 2010 жылға арналған Үкіметтің жоспары туралы, Индустрия және сауда министрі Ә. Исекешевтің экономиканы индустрияландыруға қатысты баяндамалары тыңдалды.
2009 жылғы ел дамуын қорытындылай келе, Мемлекет басшысы өткен жылы атқарылған жұмыс көлемі аз болмағанын атап өтті.

18.01.2010
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллді қабылдады.
Кездесу кезінде толеранттылыққа, конфессияаралық және ұлтаралық келісімге қатысты кең көлемдегі мәселелер талқыланды.
Бүгінде Қазақстанда діннің еш кедергісіз дамуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Дінге, діндарлардың мүддесіне құрметпен қарау және олармен қалтқысыз қарым-қатынастар жасау біздің мемлекетіміздің түбегейлі саясаты, деп атап өтті Мемлекет басшысы Патриархпен әңгімелесу барысында.
Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлтаралық және конфессияаралық келісім жүргізіп отырғаны үшін ризашылығын білдірді, қазақстандық көшбасшының интеграциялық бастамаларын жоғары бағалады.

21.01.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Франция Президенті Николя Саркозиден Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығының басталуына байланысты жолдау-хат келіп түсті.
Француз мемлекетінің басшысы Қазақстанның осы тарихи миссияны орындап шығуына табыс тілеген.
Хатта былай делінген: «Мен Қазақстан аталған мүмкіндікті пайдалана отырып, өзінің іргелі қағидаттары мен осы Ұйымның құндылықтарын ұстанатындығын тағы да дәлелдейді деп сенемін. Сіздердің төрағалықтарыңызды табысты өткізуге қол жеткізуде Сіз Францияның қолдауына және жеке менің қолдауыма сенсеңіз болады.
22.01.2010
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтіп, онда Үкіметтің есебі тыңдалды.
Кеңес жұмысына Премьер-Министр К. Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А. Мусин, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Үкімет мүшелері қатысты.
Кеңес барысында Премьер-Министр К. Мәсімов Мемлекет басшысына еліміздің 2009 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2010 жылғы даму жоспары туралы баяндады. Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Е. Орынбаевтың 2010 жылға арналған Үкіметтің жоспары туралы, Индустрия және сауда министрі Ә. Исекешевтің экономиканы индустрияландыруға қатысты баяндамалары тыңдалды.
2009 жылғы ел дамуын қорытындылай келе, Мемлекет басшысы өткен жылы атқарылған жұмыс көлемі аз болмағанын атап өтті.

25.01.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиевті қабылдады.
Кездесу барысында А. Жанқұлиев Президентті ведомствоның ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы «Сырбар» қызметін жетілдіру және нығайту жөнінде нақты тапсырма берді.

26.01.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қабылдады.
Ж.Досқалиев Президентті министрліктің 2009 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті. Өткен жылы сәби мен ана өлімі, туберкулез және жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының көрсеткіші едәуір төмендеді. Елімізде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде.

27.01.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингісінің басқарма төрағасы Ерлан Байжановты қабылдады.
Е.Байжанов Президентті өткен жылдың жұмыс қорытындылары жайлы және таяу жылға арналған «Арна Медианы» дамыту тұжырымдамасы туралы хабардар етті.

29.01.2010
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды.
Президент 1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясын қабылдай отырып, еліміздің ұзақ мерзімді бағыты, басты мақсаты мен басымдықтары белгіленгенін, одан кейін 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары қисынды даму жолына түскенін атап өтті. Қазақстандықтар жоспарланғандай өмір сүре бастады және оң нәтижелерге қол жеткізді. 2008 жылы 2000 жылмен салыстырғанда, республиканың ІЖӨ-нің көлемі екі есе өсті. Еңбекақының орташа айлық есептік көрсеткіші 5 есе, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есе артты. Күн көріс көлемі жағынан табысы төмен тұрғындардың үлесі 4 есеге, яғни 50-ден 12 пайызға дейін азайды. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Жүздеген жаңа мектеп және денсаулық сақтау объектілері салынды.

01.02.2010
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өтті.
Кеңес жұмысына Премьер-Министр К. Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А. Мусин, Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М. Тәжин қатысты.
Онда Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарына арналған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі бірқатар бірінші кезектегі шаралар талқыланды.

02.02.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады.
Ә. Смайылов Президентті ведомствоның ағымдағы жұмысынан және таяу перспективаға арналған жоспарынан хабардар етті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Статистика агенттігінің ақпараттық жүйесіне одан әрі жаңғырту жүргізу, статистикалық әдістемені жетілдіру, сондай-ақ халық санағының нақты қорытындысын шығару және жұртшылыққа кеңінен жетуі үшін оның нәтижелерін жариялау туралы тапсырма берді.

03.02.2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында еліміздің шығармашылық интеллигенция өкілдерімен кездесті.
Бұл Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаннан кейінгі алғашқы кездесуі. Кездесу кезінде Елбасы еліміздің зиялы қауымы алдында сөз сөйледі. «Құрметті мәдениет қайраткерлері! Біздің тәуелсіздігіміздің тарихында оңай кезеңдер болған емес. Бәрін жаңадан бастауға тура келді. Осы жылдар ішінде көп іс тындырдық. Бүгінде мемлекет алдында, халық алдында қыруар міндеттер тұр. Бұл - ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті. Әлем бір орнында тұрмайды. Тіпті, өзіміз қол жеткізген ұстанымдарды ұстап тұрғымыз келсе де, үнемі алға қарай қозғалуымыз қажет. Біз алдымызға әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына кіру міндетін қойдық.
Сондықтан осындай саяси мақсаттарды шешу кезінде қоғамдық келісім мен тұрақтылықтан өзге ешқандай жол жоқ. Бұл біздің тарих алдындағы, халық алдындағы, Қазақстанның болашағы алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.
05.02.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпорындары мен қауымдастығының «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовті қабылдады.
М. Елеусізов Президентті 2009 жылы желтоқсанда Копенгагенде өткен және халықаралық климаттық форум тарихында ірі оқиғаға айналған БҰҰ Негіздемелік конвенциясы тараптарының 15-ші конференциясының жұмысына қатысқандығынан хабардар етті.
Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстандағы экологиялық жағдайға және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарға байланысты кең көлемдегі мәселелер талқыланды.

08.02.2010
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады.
А.Жұмағалиев Мемлекет басшысын 2009 жылғы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті. Есепті кезеңде телефон желісін орнату саны артып, 3,6 миллионға дейін жетті. Интернет жүйесін пайдаланатындардың қатары 1,8 миллионға өсті, олардың ішінде 1,4 миллионы жаһандық жүйені кең ауқымда пайдаланып отыр. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен екі есеге артық.

09.02.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады.
Қ.Бозымбаев Президентті облыстың 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларынан, бюджеттік көрсеткіштерден, ағымдағы жылға арналған өңірдің даму жоспарынан хабардар етті.
Әңгімелесу барысында сондай-ақ облыс ауқымында биылғы жылы атқарылатын және келесі жылға жоспарланған инвестициялық жобалар туралы әңгіме болды

10.02.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады.
Кездесу барысында қазақстандық бизнесті дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлердің Қазақстан экономикасын индустрияландыруға қатысу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, сауда кәсіпорындарының отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру қажеттігі туралы сөз болды.

11.02.2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлын қабылдады.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын дамыту перспективасы талқыланды.

14.02.2010
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен келді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен кездесті.
Әңгімелесу барысында екі жақты қарым-қатынастар мәселесі, атап айтқанда, экономикалық ынтымақтастықты дамыту жайы, сондай-ақ күн тәртібіндегі маңызды халықаралық мәселелер талқыланды.

15.02.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті болып сайлануына байланысты Виктор Януковичтің атына құттықтау жеделхатын жолдады.
Біздің елдеріміздің арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар мен тығыз ынтымақтастық жалғасын таба береді және Қазақстан мен Украина халықтарының игілігі үшін белсенді түрде алға қарай дамиды деп сенемін. Бүгінгі жағдайды пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық және табыс, ал украин халқына - өркендеу мен амандық-саулық тілеймін,- делінген құттықтау жеделхатында.

17.02.2010
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына Сенат төрағасы Қ-Ж. Тоқаев, Мәжіліс төрағасы О.Мұхамеджанов, Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Президенттің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы М.Тәжин, еліміз Парламентінің депутаттары мен Үкімет мүшелері қатысты.
Отырыста Қазақстан Республикасының 2007-2012 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік Стратегиясын жүзеге асыру барысы және алдағы кезеңде тұрған міндеттер, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге әзірлік жөніндегі шаралар кешені қаралды.

18.02.2010
Астанада Президент-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті отырысы басталар алдында Жоғарғы Бас қолбасшы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлері мен Әскери-теңіз күштеріне жауынгерлік тулар тапсырды.
Мемлекет басшысы осы сәттен бастап Қорғаныс министрлігінің бұл екі құрылымдық бөлімшесі өздерінің басты міндеттерін орындауда ар-намысына дақ түсірмей, әскери ұжымның ерліктеріне, даңқы мен әскери дәстүріне берік болулары керектігін атап өтті.
Алқа отырысында қорғаныс ведомствосының 2009 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылып

19.02.2010
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев герман тарабының бастамасы бойынша ГФР Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті.
Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы басталуымен құттықтады. Өз кезегінде, Мемлекет басшысы Канцлерге Германияның Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне көрсеткен көмегі және ЕҚЫҰ Саммитін Астанада өткізу туралы қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін алғысын жеткізді. Екі елдің лидерлері аталған кезеңде алда тұрған саммиттің мазмұнды бөлігін нақтылау жөнінде жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

22.02.2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (АӨҚО) төрағасы Әркен Арыстановты қабылдады.
Ә.Арыстанов Президентті АӨҚО-ның ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. 2006 жылы құрылған кезден бері Агенттік тарапынан ЕСЖ сауда жүйесі (Еуразиялық сауда жүйесі), рейтингілік агенттік пен АӨҚО академиясы, коммерциялық негіздегі Қазақстанның қор биржасы құрылып, Алматының өңірлік қаржы орталығы болуына бағытталған қажетті нормативтік-құқытық база қалыптасты.

23.02.2010
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Палата төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттар тобымен кездесті.

Қосылған : 20.11.2013, 12:47, Өзгертілген : 20.11.2013, 12:47