Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 2008 жыл

5 қаңтар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Вадим Павлович Зверьков Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
5 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рождество мейрамы қарсаңында православиелік қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтады.
7 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы қысқа мерзімді демалысының барысында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы өкілі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Тан Цзясюаньді қабылдады.
11 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында орын алған апат кезінде қаза болған және зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады.
14 қаңтар
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
***
Мемлекет басшысының Өкімімен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
14 қаңтар
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкінің арасындағы техникалық көмек туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
14 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Каспий жобасы бойынша мердігер компаниялардың өкілдерін қабылдады.
Ақордада өткен Президентпен кездесуге «Шелл», «Тоталь», «Эни», «Эксон Мобил», «Коноко Филипс» және «Инпекс» компанияларының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысын Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Үкіметінің Солтүстік Каспий жобасы өнімдерін бөлу туралы келісімге қол қойған компаниялар консорциумымен жүргізген келіссөздерінің қорытындылары жөнінде хабардар етті.
15 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы бойынша өзінің орынбасарларымен кездесті.
Кездесу барысында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу мәселелері талқыланды. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Жұмағұлов, партия төрағасының орынбасарлары – Қайрат Келімбетов пен Сергей Громов Мемлекет басшысын 2007 жылы өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлаудан кейінгі партияның жүргізіп отырған жұмысы жөнінде хабардар етті.

15 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановты қабылдады.
15 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
17 қаңтар
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Қайрат Қуатұлы Әбусейітов – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
17 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен Көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметовты қабылдады.
17 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
Президенттік мәдениет орталығында өткен «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің отырысы Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында орын алған қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Саяси кеңес мүшелері талқылаған негізгі тақырып – партияны және оның рөлін қазіргі заман талабына сай одан әрі дамыту мәселелері болды.
18 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты қабылдады.
21 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эвансты қабылдады.
21 қаңтар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Насреддинұлы Хамзаев Қазақстан Республикасының Сан-Маринодағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
22 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.
Сенат төрағасы Президентті елдің орнықты даму стратегиясын заңнамалық қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы қызметі, сондай-ақ жоғарғы палатаның биылғы жылғы жұмыс жоспары туралы хабардар етті.
22 қаңтар
Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы болып өтті, онда екі мәселе қаралды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды.
Мемлекет басшысы заңнамаларды жетілдіру арқылы төтенше жағдайларға жедел іс-қимыл таныту саласын реформалау және оны уақыт талаптарына бейімдеудің маңызын атап көрсетті. Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі В.Божко, Сыртқы істер министрі М.Тәжин, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Н.Әшімовтің баяндамалары тыңдалды.
Отырыста сондай-ақ Қазақстанның Ауғанстан Ислам Республикасында орын алған қақтығыстардан кейінгі қалпына келтіру шараларына қатысу мәселесі қаралды.
23 қаңтар
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Қайрат Нематұлы Келімбетов – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
Серік Достанұлы Пірімбетов – Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Альберт Павлович Рау – Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.
23 қаңтар
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Арман Ғалиасқарұлы Дунаев «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.
Елена Леонидовна Бахмутова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды және ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.
23 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы болып өтті.
Президент Әділбек Жақсыбековты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындап, бүгін оны партияның Саяси кеңесі бюросы мен Орталық аппаратының мүшелеріне таныстырды
23 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы басқармасының өкілдерімен кездесті.
23 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иордан Хашимиттік Корольдігінің Королі Абдалла ІІ бен Хусейн бен Талалмен телефон арқылы сөйлесті.
24 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына келіп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форум жұмысына қатысты.
24 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жезқазған қаласына жұмыс сапары аяқталды.
Түстен кейін Президент 2006 жылы пайдалануға берілген № 10 орта мектепті аралап көрді. Бұл мектеп жаратылыстану-математика бағытын ұстанады. Мемлекет басшысы қала мектептері үшін ақпараттық технологияларды пайдалану жөніндегі база болып табылатын мектептің оқу кабинеттерін аралап көрді.
Сол күні Президент «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің «Казкат» зауытының жұмысымен танысты. «Казкат» зауытының өнімі ішкі және әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие. Бұл жаңа технологияларды енгізудің, әлемдік қатаң бәсекелестік жағдайында өнім сапасын арттырудың заңды нәтижесі болып табылады.
25 қаңтар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
25 қаңтар
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Бас прокуратура алқасының кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Алқа мәжілісінің күн тәртібінде «Заңдылық, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестің жағдайы туралы» мәселе қаралды.
28 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Болат Жәмішевті және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановты қабылдады.
Қаржы министрі Президентке 2007 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің орындалу қорытындылары туралы есеп берді.
Ж.Кәрібжанов Мемлекет басшысын Шығыс Қазақстан облысының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және ағымдағы жылға арналған міндеттері жөнінде хабардар етті.
28 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады.
28 қаңтар
Мемлекет басшысының Өкімімен Арын Амангелдіұлы Орсариев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
29 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовті қабылдады.
29 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошевті қабылдады.
29 қаңтар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
30 қаңтар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовпен телефон арқылы сөйлесті.
30 қаңтар
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының форумы болып өтті.
30 қаңтар
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;
Жұматай Әлиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
30 қаңтар
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бурабай» курорттық аймағын дамыту жобасы таныстырылды.
31 қаңтар
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
Елекеев Ирак Қасымұлы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
5 ақпан
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «1926 жылғы 25 қыркүйектегі Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 1956 жылғы 7 қыркүйектегі Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдеп-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
6 ақпан
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Биылғы жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдау Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына, 30 корпоративтік көшбасшы бағдарламасына, қоғамды жаңғырту және елдің экономикасын инновациялық дамытуға арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдаулардың заңды жалғасы болып табылады..
6 ақпан
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аманжол Қазыбекұлы Жанқұлиев Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
7 ақпан
Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады.
7 ақпан
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, онда Қазақстан халқына Жолдауды іс жүзіне асырудың жай-жапсарлары талқыланды.
Ұлттық банк басқармасының төрағасы Әнуар Сәйденовпен кездесу барысында Президент Жолдауын жүзеге асыруда Ұлттық банк пен

Қосылған : 20.11.2013, 12:42, Өзгертілген : 20.11.2013, 12:42