Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес

Ресми атауы: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК).

Құрылу күні: АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды.

Мәртебесі: Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша пікірлесу, келіссөздер жүргізу және келісімге келу негізінде шешім қабылдау мен шаралар қолдану жөніндегі мемлекетаралық форум, БҰҰ Бас Ассамблеясы жанында бақылаушы (2007 жылғы желтоқсан).

Қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты: Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған көп жақты тәсілдерді пысықтау арқылы ынтымақтастықты нығайту.

Мүше мемлекеттер: Ауғанстан, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Камбоджа, Корея Республикасы, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Мысыр, Өзбекстан, Палестина, Пәкістан, Ресей, Таиланд, Тәжікстан, Түркия, Үндістан (26 мемлекет).

Байқаушылар: АҚШ, Беларусь, Жапония, Индонезия, Малайзия, Украина, Филлипин, Шри-Ланка (8 мемлекет); БҰҰ, ЕҚЫҰ, АрМеЛ, ТүркПА (4 ұйым).

Қазіргі төраға: Қытай Халық Республикасы (мамыр 2014-2018 жж.).

АӨСШК-нің құрылымы мен институттары:

Саяси органдар:

1) Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Саммит – ең жоғары орган, 4 жылда бір рет жиналады);

2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (кезекті СІМК 4 жылда бір рет, кезекті Саммиттен 2 жылдан кейін жиналады);

3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылына бір реттен кем емес жиналатын құрылым).

Жұмыс органдар:

1) Арнайы жұмыс топтары (АЖТ);

2) Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК).

Атқарушы орган: Астана қаласында орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры – Елші Г.Цзяньвэй (ҚХР), Атқарушы директордың орынбасары А.Бақытбеккызы (Қазақстан), мүше мемлекеттердің өкілдерінен тұратын кәсіби персонал.

Басты кездесулер: Бірінші СІМК (1999), Бірінші Саммит (2002), Екінші СІМК (2004), Екінші Саммит (2006), Үшінші СІМК (2008), Үшінші Саммит (2010), Төртінші СІМК (2012), Төртінші Саммит (2014), Бесінші СІМК (2016).

Құрылтай құжаттар: АӨСШК-ға мүше-мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер декларациясы (1999-жылы АӨСШК-нің сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002-жылы АӨСШК-нің мемлекет және үкімет басшылары қол қойған).

Негізгі құжаттар: Сенім шараларының каталогы, Рәсім ережесі (2004 жылы қабылданған), АӨСШК Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (ҚР-мен 2006 жылы қол қойылып, 2007 жылы ақпан айында ратификацияланған), АӨСШК Рәміздері туралы ережесі, Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен Ұстаным, АӨСШК-ның Сыртқы байланыстары туралы ережесі (2007 жылы қабылданған), Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісім (ҚР-мен 2007 жылы қол қойылып, 2008 жылы наурыз айында ратификацияланған), АӨСШК Хатшылығы туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама (2008 жылы қол қойылған), АӨСШК Хатшылығының, оның персоналының және АӨСШК мүше мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары және иммунитеттері туралы Конвенция (ҚР-мен 2010 жылы қол қойылып, 2011 жылы қараша айында ратификацияланған).

Саяси декларациялар: Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатты дамыту декларациясы (2002 ж.), Сыртқы істер министрлерінің 2-ші Кездесуінің декларациясы (2004 ж.), Мемлекет және үкімет басшыларының 2-ші Саммитінің декларациясы (2006 ж.), Сыртқы істер министрлерінің 3-ші Кездесуінің декларациясы (2008 ж.), Мемлекет және үкімет басшыларының 3-ші Саммитінің декларациясы (2010 ж.), Сыртқы істер министрлерінің 4-ші Кездесуінің декларациясы (2012 ж.), Мемлекет және үкімет басшыларының 4-ші Саммитінің декларациясы (2014 ж.), Сыртқы істер министрлерінің 5-ші Кездесуінің декларациясы (2016 ж.).

Ресми мереке: 5 қазан (АӨСШК күні).

Ресми құжаттардың тілі: ағылшын тілі.

Жұмыс тілдер: ағылшын және орыс тілдері.

АӨСШК Хатшылығының ресми сайты: www.s-cica.org

Қосылған : 4.12.2013, 19:41, Өзгертілген : 27.01.2017, 14:17