«Шетелде әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2018 жылғы 16 мамырдағы

№ 11-1-4/183 бұйрығына

2-қосымша

«Шетелде әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Шетелде әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) жеке тұлғамен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні, ал қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;

2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – әке (ана) болуды анықтау туралы куәлік немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының
10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты әке (ана) болуды анықтау туралы акт жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде куәлiк берілгенi үшiн тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушімен сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке (ана) болуды анықтауды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі), мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;

ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Сот шешімі негізінде әке (ана) болуды анықтауды тіркеу үшін:

еркін нысанда жасалған өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

әке (ана) болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почта мекенжайы, шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

«Шетелде әке (ана) болуды анықтауды

мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

нысан

_________________________________

_________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

_________________________________

(өтініш берушінің аты, әкесінің аты

(бар болғанда), тегі)

мекенжайы:

_________________________________

_________________________________

Тел. № __________________________

Әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы
өтініш

Мен өзімді, __________________________________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

баланың әкесімін деп растаймын ________________________________________

(баланың аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

азаматшада __________________________________________________________

(анасының аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

20____жылғы «____»_______________ туылған

Мен ________________________________________________________ баланың

(баланың аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

анасы _______________________________________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

азамат

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

______________________________ менің баламның әкесі екенін растаймын.

Әке болуды белгілеуді баланың әкесінің атын әкесінің аты бойынша жазып тіркеуді сұраймыз

тегін беруді

Сонымен бірге баланың тууы туралы акт жазуында әке туралы мәліметті енгізуді және ананың некеге дейінгі тегін түзетуді сұраймыз.

____________________________________________________________________Баланың әкесімен неке қию барысында қабылдаған

_______________________________________________ тегіне ауыстыруыңызды

(бала әкесімен некелі (ерлі-зайыптылықты) жағдайда анасы толтырады)

Туу 20____жылғы «____»_______________

____________________________________________________________ тіркелген

(тіркеуші орган атауы)

Акт жазуының нөмірі _________________________________________________

Анасы туралы мәлімет:

Аты __________________ Әкесінің аты (бар болғанда)

Тегі ________________________________________________________________

Туған күні 20____жылғы «____»_______________Ұлты

Жасы

Азаматтығы

Білімі

Жұмыс орны және лауазымы

Отбасылық жағдайы __________________________________________________

Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны

Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі

Заңды мекенжайы ____________________________________________________

Әкесі туралы мәлімет:

Аты _________________ Әкесінің аты (бар болғанда)

Тегі ________________________________________________________________

Туған күні 20____жылғы «____»_______________

Ұлты

Жасы

Азаматтығы

Білімі

Жұмыс орны және лауазымы

Отбасылық жағдайы

Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны

Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі

Заңды мекен-жайы ____________________________________________________

Өтінішке қосымша тапсырамыз:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Әкесі _________________________________________________________ (қолы)

Анасы ________________________________________________________ (қолы)

20____жылғы «____»______________

«Шетелде әке (ана) болуды анықтауды

мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

нысан

______________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

әкесінің аты (болған жағдайда) немесе ұйымының атауы

______________________________________

(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының ________________ Елшілігінің Консулдық бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызметтер көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1)________________________________________;

2)________________________________________;

3) ... .

ұсынбауыңызға байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр бір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.


(көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Телефоны __________

Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» ____________

Қосылған : 26.06.2018, 12:25, Өзгертілген : 26.06.2018, 12:25