«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2018 жылғы 16 мамырдағы

№ 11-1-4/183 бұйрығына

4-қосымша

«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) жеке тұлғамен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының
10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде куәлiк берілгенi үшiн тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушімен сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

2) сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөніндегі куәландырылған сот шешімінің көшірмесі;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

3) белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз кеткен, жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемістiгiнен әрекетке қабілетсіз деп танылған не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған заңдық күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы жұбайының сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұпнұсқасы және көшірмесі);

заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімінің көшірмесі;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почта мекенжайы, шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды

мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

нысан

Өтініш 20__ жылғы «___» __________ қабылданды және
журналда № __________________ тіркелді
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

20__ жылғы «___»__________ тағайындалды.
Қолы __________________

_________________________________
_________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
_________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты

(бар болғанда), тегі)
_________________________________

мекенжайы:
_________________________________
_________________________________
тел. №___________________________

_________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты

(бар болғанда), тегі)
_________________________________

мекенжайы:
_________________________________
_________________________________
тел. №___________________________

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы

өтініш

Біз, төменде қол қоюшылар, өзара келісім бойынша некені бұзуды сұраймыз. Кәмелетке толмаған балаларымыз және мүлікті бөлумен байланысты дауларымыз жоқ.



Азамат

Азаматша

1. Аты





2. Әкесінің аты (бар болғанда)





3. Тегі





4. Туылған күні, жасы

Жылы «___» _______ ____
жасқа толды

Жылы «___» _______ ____
жасқа толды

5. Азаматтығы





6. Туған жері (қала, ауыл, аудан, облысы, өңір, республика)





7. Ұлты





8. Білімі





9. Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)





10. Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) отырды





11. Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қайда қиылды, неке қию туралы актінің нөмірі мен күні





12. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін қандай тегін алуды қалайды (некеге дейінгі немесе некені тіркеу барысында қабылдаған)





13. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себебі





14. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)





Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудың шарттарымен және тәртібімен таныстық. азаматтық хал актілері жазбасы ережесін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім.

Неке бұзушылардың қолы:

Азамат ________________________

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Азаматша _______________________

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

20___жылғы «____» _______________

«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды

мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

нысан

Өтініш 20__ жылғы «___» __________ қабылданды және
журналда № __________________ тіркелді
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

20__ жылғы «___»__________ тағайындалды.
Қолы __________________

_________________________________
_________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
_________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты

(бар болғанда), тегі)
_________________________________

мекенжайы:
_________________________________
_________________________________
тел. №___________________________

_________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты

(бар болғанда), тегі)
_________________________________

мекенжайы:
_________________________________
_________________________________
тел. №___________________________

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

_________________________________________________________ сотының

(сот атауы, сот шешімінің күні және нөмірі)

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде некені бұзуды тіркеуді сұраймыз (-мын).

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын (мыз).





Азамат

Азаматша

1.

Аты





2.

Әкесінің аты (бар болғанда)





3.

Тегі: бұзуға дейін







бұзудан кейін





4.

Туылған күні, жасы

_______ жылы

«___» ________

___ жасқа толды

_______ жылы

«___» ________

___ жасқа толды

5.

Туған жері

6.

Ұлты





7.

Азаматтығы





8.

Заңды мекенжайы





9.

Қай жылдан бастап тұрады





10.

Білімі





11.

Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)





12.

Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) отырды





13.

Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде қиылған (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазуының нөмірі мен күні)





14.

Өндіріліп алынатын мемлекеттік баж сомасы





15.

18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі





16.

Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)





Өтінішке қосып беремін (-міз): __________________________________________

Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың қолдары:
Азамат _______________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Азаматша ______________________________________

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

20 ___ жылғы «___» ___________

«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды

мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

нысан

Жолданады __________________________
жауап күтілуде 20__ жылғы «___»_______

20__ жылғы «___»_______ даудың жоқтығы туралы

жауап алдында, даудың бары туралы жауап алынған

жоқ (керектігінің астын сызу)

____________________________________

____________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

____________________________________

(өтініш берушінің аты, әкесінің аты

(бар болғанда), тегі)

мекенжайы:

____________________________________

____________________________________

тел. № ______________________________

____________________________________

(өтініш берушінің аты, әкесінің аты

(бар болғанда), тегі)

мекенжайы:

____________________________________

____________________________________

тел. № ______________________________

Жұбайының біреуінің хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз
немесе әрекеті шектеулі деп танылған заңдық күшіне енген сот
шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл
мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы жұбайының сотталғаны
туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініш

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды сұраймын ___________________________

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

_____________________________________ сотының шешімі/үкімі негізінде

(сот атауы)

__________________________ туралы 20___жылғы «_____» ________________

№ _________

Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мәліметтер:





Азамат

Азаматша

1.

Аты





2.

Әкесінің аты (бар болғанда)





3.

Тегі: бұзуға дейін







бұзудан кейін





4.

Туылған күні, жасы

______ жылы

«___» ________

___ жасқа толды

______ жылы

«___» ________

___ жасқа толды

5.

Ұлты

6.

Азаматтығы





7.

Заңды мекенжайы





8.

Қай жылдан бастап тұрады





9.

Білімі





10.

Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)





11.

Нешінші некеде (ерлі-зайыптылық) отырды





12.

Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде қиылған (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазуының нөмірі мен күні)





13.

Өндіріліп алынатын мемлекеттік баж сомасы





14.

18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)





15.

Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді)





Пошталық мекенжай __________________________________________________

(сотталған жұбайының, әрекетке қабілетсіз жұбайының,

хабар ошарсыз кеткен мүлкінің қорғаншысының

аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі нақты мекенжайды көрсету)

Өтінішке қосып беремін (-міз):

Өтініш берушінің қолдары:

Азамат

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Азаматша

(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

20___жылғы «_____» __________________

«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды

мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша

нысан

______________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

әкесінің аты (болған жағдайда) немесе ұйымының атауы

______________________________________

(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының ________________ Елшілігінің Консулдық бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызметтер көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1)________________________________________;

2)________________________________________;

3) ... .

ұсынбауыңызға байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр бір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.


(көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Телефоны __________

Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» ____________

Қосылған : 26.06.2018, 14:55, Өзгертілген : 26.06.2018, 14:55