Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы қатынастар

1992 жылдың 22 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Украина арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 жылдың мамырында Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

1994 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ашылды.

2016 жылдың 22 сәуірінен бастап Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Келісімді-құқықтық база қорына 95 аса құжат қатталған, оның ішінде 1994 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы достық және ынтымақтастық туралы Шарт та бар.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың желтоқсанында Киевке жасаған жұмыс іс-сапары екіжақты қатынастың маңызды этапына айналды, аталмыш кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық сұрақтарының барлық спектрі талқыланып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың заманауи кезеңдегі жаңа күнтәртібі дайындалды.

Ал, Украина Президенті П.А.Порошенконың Қазақстан Республикасына ресми іс-сапары 2015 жылдың айтулы оқиғасына айналды (8-9 қазан), бұл жақын болашаққа және оны жүзеге асыру механизмдеріне арналған екіжақты ынтымақтастықтың нақты күн тәртібін құруға, өңірлік және жаһандық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмастыруға мүмкіндік берді.

Бірлескен өтінішті қабылдау және Қазақстан мен Украинаның 2015-2017 жылдарға арналған («Жол картасы-5») іс-әрекеттерінің Жоспарына қол қою іс-сапардың маңызды түйіні болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық басты бағыт болып қала береді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы сыртқы сауда айналымы 2 млрд. АҚШ долларды, ал 2016 жылғы қаңтар-қазан аралығында - 1 022 млн. АҚШ долларды құрады.

Екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары экономикалық ынтымақтастық бойынша Бірлескен мемлекетаралық қазақстандық-украиндық комиссиясының шеңберінде талқылануда.

Қазақстан және Украина арақатынасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа баса мән беріледі. Бұған Қазақстанда айтарлықтай украиндық диаспорасының (350 мыңға жуық), қос халықты тығыз байланыстыратын мәдениет пен тарихтың ортақтығы айқын дәлел.


Қосылған : 4.12.2013, 13:47, Өзгертілген : 29.01.2017, 22:55