Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар

ҚазақстанРеспубликасыменОманСұлтандығыарасындағыдипломатиялыққатынастар 1992 жылғы 27 сәуірдеорнатылды.

ҚР Омандағы Елшілігі 2009 жылғы 10 желтоқсанда ашылды. Қазақстан Республикасының Омандағы Елшісі Нажмедин Мухаметали.

2006 тамыз айынан бастап Оман Сұлтандығының Елшілігі Астанада жұмысатқаруда. 2014 жылдан бастап Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Шейх Саид Мохаммед бен Али Әл-Барами.

Қазіргі таңда екі ел қатынастарының шарт-құқықтық негізін 7 құжат құрайды.

Қазақстан мен Оман арасындағы ресми қатынастар жоғары деңгейдегі сапарлардың алмасуынан басталды. 1992 жылдың басында ҚР Үкіметінің басшысы С.Терещенко Масқатқа сапар жасады, сондай-ақ сол жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Абдуллаев Оманға келді.

Екі жақты қатынастар тарихында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Оманға алғашқы ресми сапары маңызды саты болып табылады (қыркүйек 1997 жыл). Сапар барысында негізгі құжаттарға, атапайқанда Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасында Өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы Хаттамаға қол қойылды.

1998 жылғы 24-27 қыркүйек аралығында Оманның Ұлттық экономика министрі Ахмад бен Наби Маккисапар мен Алматы қаласында болды. Оны ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ҚР Премьер-Министрі Н.Балғымбаев қабылдады.

2001 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Сұлтан Қабус бен Сайдті жоғары мемлекеттік 1 дәрежелі «Достық» Орденімен марапаттады.

2004 жылғы 4-6 қыркүйек аралығында Оман Сұлтандығының Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Юсуф бен Алауидің Астанаға сапары болды. Омандық министрді ҚР Президенті Н.Назарбаев қабылдады, Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевпен келіссөздер өткізіп, Астана қаласының әкімі Ө.Шүкеевпен кездесті.

2008 жылғы 15-16 наурызда ҚР ПрезидентіН.НазарбаевтыңОманғаекіншіресмисапарыболды. Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығыарасындағыдипломаттықпаспортиелерінвизалықталаптардан босату туралы Меморандумға, Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға және Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы мен Оман Сұлтандығының сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

2011 жылғы 28-30 маусымда Астанада өткен Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министр Юсуф бен Алауи бастаған делегация қатысты.

Жылсайынғы Астаналық экономикалық форумға қатысу шеңберінде 2014 жылғы мамырда Оманның Мұнай және газ министрінің орынбасары
С. Әл-Ауфи ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалинмен кездесіп, екі ел арасындағы бірлескен жобаларды іске асыру және энергетикалық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Астаналық экономикалық форум барысында танымал омандық кәсіпкер, «МБ Холдинг» компаниясының президенті
М.Баруанидің ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевпен, ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен кездесулері ұйымдастырылды.

2015 жылғы 10-11 маусым аралығында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне Оман Сұлтандығы Бас Мүфтиінің орынбасары КаһланӘл-Харуси қатысты.

2015 жылғы 29 қыркүйек – 1 қазан аралығында Астанада өткен «Энергетиканың жаңа көкжиегі: әріптестік пен инвестициялардың тың мүмкіндіктері» атты Х Еуразиялық форумының жұмысында Оманның Мұнай және газ министрінің орынбасары С.Әл-Ауфи бастаған делегация қатысты.

2016 жылғы 17-18 ақпан аралығында ҚР Ауыл шаруашылығының вице –министрі Е.Көшербаевтың Масқатқа жұмыс сапары болды. Оманның Сыртқы істер министрлігі мен Ауыл шаруашылығы және балық ресурстары министрлігінің басшылығымен екіжақты кездесулер барысында Оманның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Жарғысына қосылуы, сондай-ақ аграрлық саладағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың болашағы талқыланды.

Оман Қазақстанның маңызды сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсетіп келеді.Атап айтқанда, Оман ЭКСПО-2017 Астанада өткізуін, сондай-ақ 2013-2017 жылдары арасында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдады.

Өз тарапынан, Қазақстан Оманның 2015 – 2019 жылдар аралығында араб елдері тобынан ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің мүшелігіне қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, Оман Қазақстанның 2017-2018 жылдарыБҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасынПарсы шығанағы елдері арасында алғашқылардың бірі болып қолдады.

Оман Сұлтандығы Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынастар орнатқан араб елдері арасындағы алғашқылардың бірі болды.

1998 жылы Оман Қазақстанға қайтарымсыз көмек ретінде Астана қаласындағы “Салтанат Сарайын" салу үшін 10 млн. АҚШ доллар бөлді.

2005 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартысы арасында Оманның Қазақстанға тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 253,2 млн. АҚШ доллар құрады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың 11 айында 322 мың АҚШ доллар құрады, оның ішінде экспорт 306,7 мың АҚШ доллары болса, импорт – 16 мың АҚШ долларына жеткен (2014 жылы тауар айналымы 707,8 мың АҚШ доллар құрады, оның ішінде экспорт 522,6 мың АҚШ доллар болса, импорт 185,2 мың АҚШ долларына жеткен).

Қазақстаннан Оманға экспортталатын негізгі тауарлар – бидай, оралған құрыш, құбырлық өнім және т.б.

«Оманойл» мемлекеттік мұнай компаниясы Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторындағы «Жемчужина» мен Маңғыстау облысындағы «Дунга» мұнай кен орындарын игеруге қатысады. Омандық компания әр жобаның 20% ие.

Сохар қаласындағы Халықаралық теңіз колледжінде қазақстандық студенттер кеме жүргізу, электромеханика және радиотехника мамандықтары бойынша білім алуда.

Оман тарапының шақыруы бойынша, 2012 жылғы наурызда «Ритц Карлтон Әл-Бустан Палас» отелінің концерттік залында Астаналық симфониялық оркестрдің концерті өтті.

2013 жылғы ақпанда «Орталық Азияның сиқырлы түндері» атты фестивал барысында «Сазген Сазы» ұлттық ансамблі мен «Салтанат» би тобыМасқат опера театрында концерт койды.

2016 жылғы 14 қаңтар – 14 ақпан аралығында Астана қаласының Мемлекеттік филармонияның «Шалқыма» халық би ансамблі жылсайынғы Масқат фестиваліне қатысты.

2012 жылдан бері «Астана» велокомандасы жылсайынғы «Тур офОман» халықаралық жарыстарға сәтті қатысып келеді.

Қосылған : 4.12.2013, 11:27, Өзгертілген : 20.05.2019, 17:30