Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасымен арасындағы қатынастар

1991 ж. 27 желтоқсанда Вьетнам Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 ж. 29 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2008 жылы Қазақстан Республикасында Вьетнам Социалистік Республикасының Елшілігі ашылды.

2013 жылы Вьетнам Социалистік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

2013 ж. 20 желтоқсанда ҚР-ның ВСР-ғы Елшісі болып Бекетжан Жұмаханов тағайындалды.

2015 ж. 20 қыркүйекте ВСР-дың ҚР-ғы Елшісі болып Доан Тхи Суан Хиен болып тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық.

Жоғарғы деңгейдегі қатынастар:

1994 жылғы маусым айында Вьетнамның Премьер-министрі Во Ван Киет Қазақстанға ресми сапармен келіп кетті.

2009 ж. 17 сәуірде Боао Азиялық форумы шеңберінде (Хайнань аралы, ҚХР) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ВСР Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгпен кездесуі өтті.

2009 ж. 14-15 қыркүйекте ВСР Премьер-министрі Нгуен Тан Зунг Астанада ресми сапармен болды.

2011 ж. 30 қазан – 1 қараша аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Вьетнамға ресми сапары өтті.

2012 ж. 10-11 қыркүйекте ВСР Президенті Чыонг Тын Шангтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.

2015 ж. 29-30 мамыр аралығында ВСР Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтың ЕАЭО мүше мемлекеттері мен ВСР арасында еркін сауда аумағы жөніндегі келісімге қол қою үшін Қазақстанға жұмыс сапары өтті.

Жоғары деңгейдегі қатынастар:

Екі елдер арасындағы жоғары деңгейдегі алғашқы сапар алмасу ретінде 1994 ж. ақпан айында ВСР Сыртқы істер министрі Нгуен Мань Кам Қазақстанға сапармен келіп кетті.

1994 ж. қыркүйек айында ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрі С.Даукеев Ханойда сапармен болды.

2010 ж. 20 қаңтарда ВСР Әділет министрі Ха Хунг Кыонг Астанада сапармен болды.

2011 ж. 24 қыркүйекте БҰҰ БА 66-шы сессиясы шеңберінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Е.Қазыханов пен Фам Бинь Миньнің кездесуі өтті.

2015 ж. 29-30 шілдеде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрменің Комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Жошыбаевтың Вьетнамға сапары өтті.

Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде алты сімаралық консультациялар өткізілді. Соңғы консультациялар 2013 жылы Ханойда (Вьетнам) өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық.

2015 ж. 27-31 наурыз аралығында ҚР Парламентінің Мәжіліс төрағасы Қ.Жақыповтың ВСР-ға ресми сапары өтті. Мәжіліс төрағасы ВСР Президенті Чыонг Тан Шангпен және ВСР Компартиясының Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесті. Сонымен қатар, сапар барысында ҚР ВСР-ғы Елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Қазіргі кезде ВСР Ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нган ханымның Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және оның барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмеге қатысуын ұштастыру мәселелері талқылануда.

Партия аралық ынтымақтастық.

2011 ж. 25-26 тамызда Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитеті Халықаралық бөлімнің басшысы Выонг Тхыа Фонгтың Қазақстанға сапары өтті. Сапар барысында ол «НұрОтан» ХДП-ның орталық аппаратының басшысы С.Громовпен және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбаймен келіссөздер өткізді.

Көпжақты ынтымақтастық.

2010 ж. 8 маусымда Вьетнам АӨСШК-тің толыққанды мүшесі болды.

2012 ж. 12 қыркүйекте өткен АӨСШК мерейлі сессиясына ВСР Ауыл шаруашылығы және ауылды дамыту министрі Као Дык Фат қатысты.

2014 ж. 16 қазанда өткен АСЕМ X-шы съезі барысында Вьетнам Қазақстанның аталған ұйымға толыққанды мүшесі болу үшін ұсынған кандидатурасына қолдау көрсетті.

БҰҰ ұйымының құрылымдық бөлімшелері бойынша дауыс алмасу және кандидатураларға қолдау көрсету туралы өтініштер жүйелі түрде жіберілуде.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес ҚР мен ВСР арасындағы екіжақты тауар аналымы 2016 ж. қаңтар-қараша аралығында 329,5 млн. АҚШ долл. құрады (Қазақстаннан экспорт – 147,3 млн долл., Қазақстанға импорт – 182,2 млн. долл.), 2015 жылы тауар айналымы 205,8 млн. долл. құрады (экспорт 10,4 млн. долл., импорт 195,4 млн. долл.) 2014 ж. - 271,9 млн. долл. (экспорт – 1,7 млн., импорт – 270,2 млн).

Атап кететін жайт, 2016 жылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстанның Вьетнамға экспорты алғашқы рет 147,3 млн АҚШ долларға жетті, алдыңғы жылдың нақ осы мерзімімен салыстырғанда өсім 136.9 млн. доллары құрады (2015 жылғы осы мерзімде Қазақстаннан Вьетнамға экспорт 10,4 млн. доллар. АҚШ құрады). Вьетнамға Қазақстанның экспорты екі жақты сауда тарихында жылдық есептеуде 7-10 млн. АҚШ долл.-дан асқан жоқ екенін атап өткен жөн.

Қазақстаннан экспорттың негізгі үлесі өңделмеген қорғасын (78,6 млн. доллар.), өңделмеген мырыш (41,2 млн. доллар), темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек (26 млн. доллар) құрады. Қазақстанға Вьетнамнан әкелінетін негізгі тауарлар телефон аппараттары, кеңсе жабдықтары, теңіз тағамдары, тігін өндірістік өнімдері және аяқ киім болды.

Қазақстан-вьетнам сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (1997 жылы құрылған) жеті отырысы өткізілді. 2015 жылғы 22-23 қазан аралығында Астанада өткен ҮАК 7-ші отырысы барысында қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Әбсатұлы Мусинов, ал вьетнамдық делегацияны ВСР Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хоанг Куок Выонг басқарды.

Өңірлер деңгейіндегі өзара әрекеттесу.

2016 жылғы 17 мамырда ҚР ВСР-ғы Елшісі Б.Жұмахановтың жаңадан сайланған Хошимин Халық комитетінің төрағасы (әкімі) Нгуен Тхань Фонгпен кездесуі өтті, оның барысында екіжақты әрекеттесудің бірқатар мәселелері талқыланды, атап айтқанда Алматы мен Хошимин қалалары арасында сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру мәселесі қарастырылды.

Сұхбат барысында Нгуен Тхань Фонг Алматы мен Хошимин қалалары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі меморандумды іске асыру шеңберінде Алматы қаласының Әкімі Б.Байбекті Хошиминге сапармен келуге шақырды. Сұхбаттасушылар айтылған сапарды сапалы дайындау мақсатында және өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын алдын ала зерттеу үшін арнайы жұмыс тобын құру қажеттігін атап өтті. Аталған топқа қалалық әкімшіліктің және ірі сауда мен көлік компаниялардың өкілдері де кіруі тиіс және олар кейін сауда-экономикалық қатынастардың мәселелерін тиянақты зерттеу мақсатында Алматы мен Хошимин қалаларына сапарлармен барулары тиіс.

2016 жылғы тамыз айында ҚР ВСР-ғы Елшілігі Хошимин Халық комитетінің төрағасы Нгуен Тхань Фонгтың Алматы қаласының Әкімі Б.Байбектің атына Хошимин қаласына қазақстандық тарапқа ыңғайлы уақытта сапармен келу жөніндегі жолдаған ресми шақыру хатын жіберді. Қазіргі кезде Алматы қаласының Әкімшілігі екі қаланың арасындағы өзара тиімді перспективалық бағыттарды зерттеу мақсатында Вьетнамға сарапшылар тобын жолдау мәселесін қарастыруда.

Сонымен қатар, екі қаланың әкімшілігі әртүрлі халықаралық шараларға қатысу үшін бір біріне шақыру хаттарын үнемі түрде жолдап отырады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық.

2012 ж. 10-16 қыркүйекте Қазақстанда Вьетнамның мәдениет күндері, ал 2013 ж. 11-14 маусымда Ханойда Қазақстанның мәдениет күндері өтті.

2012 жылы Ханой педагогикалық униврерситетінде Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығы ашылды.

2014 жылғы 19 мамырда Вьетнамның бірінші президенті Хо Ши Мин туған күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-де Вьетнам мәдени және білім орталығының ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Ашылу рәсіміне Ханой педагогикалық университетінің проректоры, профессор Нгуен Мань Хунг бастаған вьетнамдық делегация қатысты.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісімге (2009 ж. 14-15 қыркүйек) және аталған Келісімге толықтырулар енгізу жөніндегі Хаттамаға (2011 ж. 31 қазан) сәйкес студенттермен алмасу аясында 2014-2016 оқу жылы Қазақстанның 4 студенті Ханойда, Вьетнамның 5 студенті Алматыда дайындық курстарын бітірді. Дайындық курстарын бітірген Қазақстандық төрт студенттің екеуі қазіргі кезде Вьетнамның Дипломатиялық академиясында бакалавр бағдарламасы бойынша оқуда.

2015 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінің белсенді жәрдемдесуімен Қазақстанның басты ақпараттық агенттігі «Казинформ» мен Вьетнамның ақпараттық агенттігі «Vietnam News Agency (VNA)» жаңалықтармен алмасу мақсатында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

2016 жылғы 2 ақпанда Ханойда Қазақстан Елшісі Б.Жұмаханов Вьетнам теледидары директоры Чан Бинь Миньмен кездесу өткізді. Кездесу барысында вьетнам тарапы Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Вьетнам Ұлттық Теледидары (Vietnam Television, VTV) арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып қазақ тарапына жолдады.

2016 жылғы 14-15 наурызда Вьетнам Орталық теледидарының президенті Чан Бинь Минь бастаған вьетнамдық делегация Астанаға жұмыс сапарымен келіп кетті, оның барысында Чан Бинь Минь «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшылығымен кездесті. Тараптар теледидарды дамыту саласындағы ынтымақтастықтың келешектерін талқылады. Қазақстан мен Вьетнам телеарналарында көркем және деректі фильмдер мен ойын-сауық және танымдық бағдарламаларды көрсету арқылы екі елдің дәстүрлері мен мәдениеттерін ілгерілетуге келісті.

Қазіргі кезде тараптармен ҚР мен ВСР-дің мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық және сараптамалық орталықтары, сондай-ақ жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қою үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қосылған : 4.12.2013, 10:56, Өзгертілген : 10.03.2016, 05:50