Қазақстан Республикасы мен Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қатынастар

 

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 19 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылғы қазаннан бастап Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жұмысын бастады.

1996 жылғы ақпанда Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі жұмысын бастады.

2014 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Ержан Қазыханов атқарады.

2013 жылғы қаңтардан бастап Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметін Кэролин Браун атқарады.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сындарлы диалог орнатылған. Бұған барлық деңгейлердегі тұрақты іс-сапарлар жағдай жасайды.

Дипломатиялық қатынастар орнатылған уақыттан бері Президент Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға тоғыз іс-сапары болды (1991 ж., 1992 ж., 1994 ж., 1997 ж., 2000 ж., 2006 ж., 2012 ж.,2013 ж. және 2015 жылғы қарашада).

Корольдік отбасы мүшелері Қазақстанға бірталай рет сапар жасады: британдық тақтың мұрагері Уэльстік Чарльз Ханзада (1996 ж.), Анна Ханшайым (1993 ж.), Глостер Герцогы (2000 ж.), Эндрю Ханзада – Йорк Герцогы (2003 ж., 2006 ж., 2007 ж. және 2010 ж.) және Кенттік Майкл Ханзада (2009 ж.).

2013 жылдың 30 маусым – 1 шілде аралығында Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмерон Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік іссапармен келді. Сапар нәтижесінде екі мемлекет арасында Стратегиялық серіктестік жөніндегі Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

2014 жылғы 17 қазанда Миландық АСЕМ саммиті шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаев және Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмеронның арасында екіжақты кездесу өтті.

2015 жылғы 22-24 ақпанда ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов Ұлыбританияға іссапары шеңберінде Жаһандық құқықтық саммитке қатысты.

2015 жылғы 2-4  қарашадағы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми іс-сапары маңызды әрі тарихи оқиға болды. Сапар нәтижесінде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайтылғаны және саяси диалогтың кеңейтілгені айтылды.

Парламентаралық байланыстар. 2015 жылғы қазанда Ұлыбритания Парламентінде ҚР-мен ынтымақтастық бойынша бүкілпартиялық жұмыс тобы (топтың жұмысы 2015 жылғы 7 мамырдағы жалпы сайлаудың өткізілуіне байланысты тоқтап қалған болатын) өз жұмысын қайта жалғастырды.

2016 жылдың қаңтар айында Қауымдар палатасында Астана мен Лондон арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы деңгейі мен даму келешегіне арналған тыңдалымдар өтті. Әріптестіктің даму деңгейі қарым-қатынастардың бүкіл спектрі бойынша жоғарылағаны жайлы айтылды. 2016 жылы ақпанда ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшісі Е.Х.Қазыхановтың британдық депутаттар алдында кеңейтілген брифингісі өтті.

СІМ-дер арасындағы байланыстар. 2008, 2011 және 2013 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқа істер министрі Қ.Саудабаев,
ҚР СІМ басшылары Е.Қазыханов және Е.Ыдырысовтың Лондонға сапарлары ұйымдастырылды.

2014 жылғы 3 қазанда Лондонда Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру шеңберінде алғашқы қазақстандық-британдық саяси консультациялар өткізілді. Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды (қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары – А.Волков, ал британдық делегацияны Ұлыбритания СІМ-нің Саяси директоры - С.Гасс басқарды).

2015 жылғы 8-9 қазанда Астанада екінші саяси консультациялар өткізілді (қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары – А.Волков, ал британдық делегацияны Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары Т.Элвуд басқарды).

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

Құрама Корольдік Қазақстан экономикасына, әсіресе, мұнай-газ секторына құйған тікелей инвестициялар көлемі бойынша 6-шы орында.

Қазақстандық статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылғы сауда айналымының көлемі 1 231 613,78791 млрд. АҚШ долл., ал Британияның ҚР сыртқы сауда айналымындағы меншікті салмағы
 2 % құрады.

Қазақстан нарығында жұмыс істейтін британдық компаниялар: BG, Shell, AMEC, Invensys, BAE Systems, RioTinto, PETROFAC, Sun Group, Rolls Royce, HSBC, RBS, EY, Deloitte, PwC, KPMG, SNR Denton, GlaxoSmithKline, AstraZeneca.

Олардың көбі Лондондық қор биржасының тізіміне енгізілген. Сол тізімде бірқатар қазақстандық компаниялар да бар («ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Халык Банк» АҚ, «Kcell» АҚ (Фонд нарығы), Orsu Metals Corp., W Resources, Steppe Cement, Max Petroleum, Tau Capital, Roxi Petroleum, Central Asia Metals, Frontier Mining, Jupiter Energy, Kemin Resources (балама нарық).

2012 жылдың қараша айында Ұлыбритания Қазақстанды (Мексика, Индонезия, Марокко, Вьетнам, Оңтүстік Африка елдерімен қатар) екіжақты сауда мен инвестицияларды ұлғайту мақсатында 14 басым елдердің тізіміне енгізді.

2013 жылы инвестициялар тарту мақсатында ҚР Үкіметі Ұлыбританияны басым алты ел қатарына және 2014-2015 жылдарда 10 елдің азаматтарына визасыз режимді қамтамасыз ету үшін пилоттық жобаны іске қосты.

2013 жылы 30 қазанда ҚР және Біріккен Корольдық Үкіметтері арасында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде Үкіметаралық комиссия құру бойынша меморандумға қол қойылады.

Сонымен бірге өзге де құрылымдар жұмыс істейді. 2015 жылы 24 ақпанда «Самрұқ-Қазына» АҚ мен Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі Агенттігінің (UKTI) Іскерлік кеңесі және Британдық сауда палатасының Қазақстандағы өкілдігі ашылды.

ҮАК бірінші отырысы 2014  ж. 5-қарашада в Астанада Ұлыбритания Сауда және инвестициялар министрі лорд Ян Ливингстонның ресми сапары шеңберінде өтті.

ҮАК екінші отырысы 2015  ж. 3-қарашада ҚР Президентінің Ұлыбританияға ресми сапары шеңберінде өтті.

Құқықтықсаладағыынтымақтастық

2014 жылдың соңында құқықтық саланы кеңейту аясында маңызды жетістікке қол жеткізілді – Ұлыбритания Әділет министрінің орынбасары Э.Фолкстың (2014 жылдың қазанында) және ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевтың Ұлыбританияғасапары (2014 жылғы желтоқсан) өткізілді.

А.Дауылбаевтың сапарының маңызды тұсы болып ҚР Бас прокуратурасы мен Ұлыбритания Әділет министрлігінің арасындағы құқықтық саладағы және біріккен консультативтік комитетті құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумның қол қойылуы болды.

2015 жылы ҚР мен Ұлыбритания арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (MLAT), сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы мен әділет министрлігі және ұлттық қылмыстық агенттік арасында ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімдердің қол қойылуы да үлкен маңызға ие болды.

Мәдени-гуманитарлық әріптестік

Білім беру саласы екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыты болып табылады. Британдық жоғары оқу орындар қазақстандық жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді және олардың дамуына ат салысады. 2001 жылдан бастап Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университеті жұмыс істейді. Оның әріптестері - Ұлыбританияның мұнай-газ саласындағы беделді төрт университеті: Абердин, Роберт Гордон, Хериот-Уотт және Весминстер.

Лондон Университеттік Колледжінің қолдауымен «Назарбаев Университетінде» жоғары оқуға дайындық бағдарламасы және Инженерия мектебін құру жобасы жұмыс істейді. «BG» компаниясының қолдауымен НУ Энергетикалық зерттеулер орталығында 2012 жылдан бері ғылыми кітапхана жұмысын атқарады, және НУ Ғылыми-инновациялық қызметкерлерін оқыту мен біліктілікті арттыру үшін шәкіртақылар бөлінеді.

Британдық жоғары оқу орындары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шәкірттерді оқыту бойынша бірінші орында (2 мыңнан астам шәкірт түлек болып табылады). Барлығы, ҚР БҒМ мәліметтері бойынша Ұлыбританияда шамамен 4 мың студент оқиды.

Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық

Қазақстанның және Ұлыбританияның қорғаныс мекемелерінің екіжақты әскери ынтымақтастығының Жоспары жыл сайын келісіліп, бекітіледі. Оны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан-британ жұмыс тобы құрылған (жыл сайын алма-кезек Астанада және Лондонда кездеседі).

Ынтымақтастықтың басты бағыттары: бітімгершілікке дайындау, қазақстандық әскери қызметкерлердің Ұлыбритания әскери оқу орындарында тағылымдамадан өтуі, тілдік дайындық пен әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосылған : 8.09.2014, 12:10, Өзгертілген : 10.03.2016, 11:42