Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

6 сәуір 1992 ж. дипломатиялыққатынастар орнатылды.

20 наурыз 1994 ж. Қазақстанда ПольшаныңЕлшілігіашылды.

2000 ж. қазанда Польшада Қазақстанның Елшілігі ашылды.

2017 ж. 7 маусымда Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Марғұлан Баймұхан тағайындалды.

2017 ж. 18 қазанда Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Селим Хазбиевичтағайындалды.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Польша арасында тұрақты саяси диалог жүргізіліп келеді.

Польша Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының негізгі басымдықтарын және Астана қаласында «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізу үшін еліміздің кандидатурасын қолдады.

Дипломатиялық қатынастар орнатылған бастап ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Польшаға 3 сапары өтті (1997 ж. қарашада, 2002 ж. мамырда 2016 ж. тамызда – мемлекеттік сапар).

Польша Президенті А.Квасьневский (1999 ж. қазанда) және Президент Л.Качыньский (2007ж. наурызда) және Президент А.Дуда (2017ж. қыркүйекте – мемлекеттік сапар)Қазақстанға келді.

Польша Пемьер-министрлеріВ.Павляк(1994 ж. қыркүйекте)және Л.Миллер(2003 ж. мамырда) Қазақстанға сапармен келді

2016 ж. маусымда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Польшаға жұмыс сапарымен барды.

Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі сапарлар

Екіжақты қарым-қатынас жылдар ішінде Польша Республикасының сыртқы саяси ведомствосы басшылары 1998 ж., 2002 ж. және 2010 ж. (екі рет) Қазақстанға сапармен келді.

2012 ж. 21-22 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың Польшаға жұмыс сапары өтті.

2013-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Польша Сыртқы істер министрі Р.Сикорскидің Мюнхенде және Гаагада өткен көпжақты іс-шаралар шеңберінде кездесулері өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық

Парламентаралық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастардың дамуына өз үлесін қосуда.

Польша парламентінде Сейм және Сенат депутаттарынан құралған «Қазақстан-Польша» тобы жұмыс жасайды. Қазақстан парламентінде де Польшамен ынтымақтасу тобы қызмет атқарады.

2004 ж. ақпанда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы О.ӘбдікәрімовтіңПольшаға жұмыс сапары өтті.

Польша Сенатының төрағалары Л.Пастушяк (2005 ж. сәуірде), Б.Борусевич (2006 ж. қаңтарда) және С.Карчевский (2016 ж. мамырда) Қазақстанға сапармен келді.

2017 ж. 15-18 маусымда Польша Парламенті Сенатының Вице-спикері М.Коц Қазақстанға сапар жасады. Поляк делегациясы Қарағанды облысына барды және «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде өткен поляк диаспорасы күніне қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, екіжақты тауар айналымы 2017 жылы 902 млн.долл. құрады(импорт – 327млн., экспорт – 575 млн.),2016 жылы – 783 млн.долл. (импорт – 254млн., экспорт – 529 млн.).

Қазақстаннан Польшаға негізінен минералды заттар (80%), отын-энергетикалық өнімдер (80%), химия өнеркәсібі өнімдері (12,7%), құрылыс заттарыэкспортталады.

Польшадан Қазақстанға электр тұрмыстық аспаптар мен жабдықтар(27%),химия өнеркәсібі өнімдері(23%), ауыл шаруашылығы өнімдері (31%)импортталады.

Екі ел арасындағы экономикалық диалогты алға жылжытудың тиімді тетігі – Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. ҮАК тең төрағалары – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко және ПР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Т.Кощчинский.

2017 ж. 1 қаңтардан бастап Қазақстан Польша азаматтары үшін визасыз режим енгізілі, 2017 ж. 29 мамырдаВаршава-Астана тікелей әуе қатынасы ашылды (тасымалдаушы «ЛОТ» поляк әуе жолдары).

Мәдени-гуманитарлық байланыс

Қазақстан мен Польша арасында мәдениет және білім салаларында белсенді ынтымақтастық орнатылған, сондай-ақ Қазақстандағы 34 мыңға жуық поляк диаспорасы өз септігін тигізуде.

Польшаның жоғары оқу орындарында 700-ден астам Қазақстан студенттері Варшава, Краков, Лодзь, Познань, Гданьск қалаларында халықаралық қатынастар, менеджмент және экономика мамандықтары бойынша білім алуда.

Қосылған : 4.12.2013, 12:46, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:35