Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 27 шілдеде орнатылды.

1994 жылы ҚР Украина және қосара Молдова Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2014 жылы ҚР Кишинев қаласындағы Бас консулдық ашылды. Бас консул Игорь Мусалимов.

2016 жылдың 28 қарашасынан бастап Думитру Брагиш Молдова Республикасының Ресей Федерациясындағы және қосара Қазақстан Республикасындағы Елшісі.

1999 жылы қыркүйекте Молдова Республикасының Президенті П.Лучинскийдің Қазақстанға ресми іс-сапары орын алды.

2003 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Назарбаев ресми іс-сапармен Молдова Республикасына барды.

2002 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов ресми сапармен Молдовада болды.

2010 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтың ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретінде Шығыс Еуропа елдері бойынша турне аясында Кишинев және Тирасполь (Днестер маңы) қалаларына сапары орын алды.

Сапарлар санының сиректігіне қарамастан, тараптар халықаралық ұйымдардың саммиттері шеңберінде бірнеше рет кездесті.

2015 жылғы 29 мамырда Бурабайда ТМД үкіметтерінің басшылары Кеңесінің отырысы аясында ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтың Молдова Республикасының Премьер-Министрі К. Габуричпен екіжақты кездесуі болып өтті.

ТМД үкіметтері басшыларының Кеңесінің отырысы аясында (Бішкек қ., 2016ж. 7 маусым) ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов Молдова Республикасының Премьер-Министрі М.П. Филиппен сұхбат құрды.

Сыртқы саяси ведомствалар арасында тұрақты байланыс сақталуда. Өзара түсіністік және халықаралық түйінді мәселелерге деген тәсілдердің жақындығы қазақстандық-молдовалық саяси диалогтың басты белгісі болып табылады.

Екіжақты және көпжақты ынтымақтастық сұрақтарын талқылау үшін Қазақстан мен Молдованың сыртқы істер Министрлері 2014 жылғы қыркүйекте БҰҰ 69-шы Бас Ассамблеясының алаңында кездесті.

Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттары 2015 жылғы 22-23 шілдеде Кишиневте өткен 5-ші отырыста сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық қазақстандық-молдовалық комиссия шеңберінде талқыланды.

Отырыс барысында инвестициялық және кәсіпкерлік салалардағы, информатизация, өнеркәсіп, көлік, агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ шарап жасаудағы екіжақты ынтымақтастық сұрақтары талқыланды.

2015ж. қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы сыртқы сауда айналымы 89,47 млн. АҚШ долларды, 2016ж. қаңтар-қазан айларына -22,3 млн. АҚШ долларды құрады.

2016/28/12

Қосылған : 4.12.2013, 13:45, Өзгертілген : 29.01.2017, 22:45