Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстанның Латын Америка мемлекеттерімен қарым-қатынастардың орнатылуында Кубамен ынтымақтастығының дамуы басым бағыттарының бірі.

Мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізі ретінде жоғары деңгейдегі кездесулер болады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Гаванаға ресми іс-сапары екіжақты әрекеттестік дамуының маңызды оқиғасы болып табылады. Сапар барысында Куба Республикасы Министрлер Кеңесі мен Мемлекеттік Кеңес төрағасы Р.Кастромен келіссөздер жүргізілді (2 сәуір 2016ж). БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов пен Куба Сыртқы істер министрі Б.Родригес арасында кездесу өткен болатын.

Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 24 наурызда орнатылған.

Кубаның Қазақстандағы елшісі ретінде Карлос Энрике Вальдес де ла Консепсион қызмет етуде.

Қазақстанның Кубадағы қоса қызмет атқарушы елшісі (резиденциясы Оттава қ.) ретінде Константин Жигалов қызмет етуде.

Екіжақты байланыстардың дамуының негізі ретінде мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық құжаттар көрініс табады:

  • -ҚР СІМ мен Куба Республикасының СІМ арасындағы консультациялар туралы хаттама (1995 жылғы 4 қаңтар, Гавана қ.);
  • -ҚР СІМ мен Куба Республикасының СІМ арасындағы саяси консультациялар туралы хаттама (2006 жылғы 15 қыркүйек, Гавана қ.);
  • -Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы екі ел азаматтарының өзара сапарлары туралы келісім (дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босатуды ұсынатын; 2000 жылғы 17 наурыз, Астана қ., 2005 жылғы 10 қаңтарда күшіне енді);
  • -Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (2000 жылғы 28 қаңтар, Астана қ., 2009 жылғы 13 қаңтарда күшіне енді);
  • -Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың қысқа мерзімдік визасыз сапары туралы келісім (2015 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан, Гавана қ. Куба; Келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекеттердің ішкі рәсімдері жалғасуда);
  • -Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Куба Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандум (2014 жылғы 12 ақпан, Гавана қ.);
  • -Куба Республикасы Ұлттық спорт, дене тәрбиесі және демалыс институты мен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі арасында спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2014 жылғы 4 сәуір, ҚР, Астана қ.);
  • -Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Куба Республикасының Энергетика мен тау-кен өнеркәсібі министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы мемаорандум (2016 ж. 2 сәуір, Гавана қ.);
  • -Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Куба Республикасыныі Еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы еңбек, жұмысбастылық пен халықтың әлеуметтік қорғалуы облысындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2016 ж. 2 сәуір, Гавана қ.).

2008 жылдан бастап, Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан – Куба» ынтымақтастық тобы қызмет етуде.

Қазақстан мен Кубаның арасындағы екіжақты тауарайналымының көлемі 2016 ж. қаңтарынан қарашасына дейін 9,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 200 долл., импорт – 9,7 млн. долл.).

Импорттың негізгі құрамы: құрақ қанты, алкогольді ішімдіктер, табак өнімдері мен кофе.

Қосылған : 25.08.2014, 12:40, Өзгертілген : 29.01.2017, 13:53