Қазақстан Республикасы мен Индонезия Республикасы арасындағы қатынастар

Индонезия Республикасы (ИР) Қазақстан Республикасының (ҚР) тәуелсіздігін 1991 жылы 28 желтоқсанда таныды.

ҚР мен ИР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 2 маусымда орнатылды.

ИР-дің ҚР-дағы Елшілік міндетін ИР-дің Мәскеудегі Елшілігі атқарып келіп, ол міндет 2007 жылы ИР-дің Ташкенттегі Елшілігіне берілді. 2010 жылы 29 желтоқсанда ИР-дің Астанадағы Елшілігі ашылды.

1996 жылдан бастап 2012 жылдың шілде айына дейін Қазақстан Республикасының Куала-Лумпурдағы Елшілігі Индонезияда Елшіліктің міндетін қоса атқарушы болып бекітілді.

2012 жылғы 26 қарашада ИР Елшісі Фостер Гултом ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды.

2012 жылғы 17 қазанда ҚР Елшісі А.Т.Оразбай ИР Президенті С.Б.Юдойонаға сенім грамотасын тапсырды.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстандық-индонезиялық қарым-қатынастар тарихындағы маңызды дәуір ИР Президенті М.Сухартоның Қазақстанға 1995 жылғы 6-8 сәуірде жасаған және сол жылы 22-26 маусымда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Индонезияға жасаған жауап ресми сапарларынан басталды.

2012 жылғы 12-14 сәуірдегі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Индонезияға және 2013 жылдың 1-3 қыркүйектегі ИР Президенті С.Б.Юдойононың Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарлары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейге шығарып, оның қарқын алуына жаңа бір серпін берді.

1994 жылғы тамыз айында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Б.Саудабаев Индонезияда ресми сапармен болды.

2008 жылғы 14-16 мамырда ИР Сыртқы істер министрі Х.Вираюда Қазақстанда жұмыс сапарымен болды.

2006-2007 жылдары Астана қаласында Қазақстан және Индонезия Сыртқы істер министрліктерінің арасында консультациялар өткізілді.

2011 жылғы 7-9 маусымда ИР Вице-президенті Будионо басқарған Индонезия делегациясы Астана қаласында өткен VII Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының «Ғаламдық экономикалық даму: қарым-қатынас, бәсекелестік, ынтымақтастық» тақырыбына арналған жиынға қатысты.

2011 жылғы 28-30 маусымда Астана қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына ИР Сыртқы істер министрі М.Наталегава қатысты.

2011 жылғы 23-25 қазанда ҚР Конституциялық кеңес төрағасының шақыруымен ИР-дің Конституциялық сот төрағасы М.Махфуд және Конституциялық соттың судьясы И.Фарида Астана қаласында жұмыс сапарымен болды.

2012 жылы 7-13 наурызда ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Супрапто ҚР-да сапармен болды. Сол жылы 12 қыркүйекте ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары Вардана Астанаға келіп, Азиядағы сенім және өзара іс-қимыл шаралары бойынша жиылыстың IV-ші кездесуіне қатысты.

2014 жылғы 28-31 тамызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ә.Ыдырысов Индонезия Республикасында ресми сапармен болды. Сапардың шеңберінде 30-31 тамызда ИР Президенті С.Б.Юдойономен және ИР Сыртқы істер министрі М.Наталегавамен екіжақты келіссөздер өткізілді. Келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың ахуалы мен келешегі талқыланып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу орын алды. Осы сапар барысында қос ел Сыртқы саяси мекемелер арасындағы екіжақты консультациялар өткізу туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Сонымен қатар Е.Ә.Ыдырысов 2014 жылдың 28-31 тамызында Индонезияның Бали аралында өткен БҰҰ Өркениеттер альянсының VI жаһандық форумына қатысты.

2016 жылғы 24-25 ақпанда ИР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Жаңа және жаңғырмалы энергетика және энергияны консервациялау жөніндегі Бас директоры (министрдің орынбасары) – ЭКСПО-2017 көрмесіне ИР Комиссары Р.Мулиана көрмеге дайындық ретінде Астанада өткен Халықаралық қатысушылардың 2-ші кездесуіне қатысты.

2016 жылғы 14 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е.Көшірбаев Жакартаға келіп, ИР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Хари Приономен және ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.М.Фахирмен Штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымға қатысты келіссөздер жүргізді.

2016 жылғы 15 сәуірде ЭКСПО-2017 Комиссары Р.Жошыбаев Жакартаға сапармен келіп, ИР Энергектика және минералды ресурстар министрі С.Саидпен, ИР Комиссары Р.Мулианамен, ИР СІМ Қоғамдық дипломатия бойынша бас директоры (министрдің орынбасары) Э.Андаянимен келіссөздер өткізді. ЭКСПО-2017 тақырыбы бойынша ИР-дің бизнес топтарының қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысып, оның қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017-ге ИР-дың қатысуы туралы шартқа қол қойылды.

2016 жылғы 26-28 сәуірде Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы отырысы мен ИЫҰ Ауыл шаруашылығы министрлерінің 7-ші конференциясына ИР Ауыл шаруашылығы министрінің инновациялар мен технологиялар жөніндегі кеңесшісі (министрдің орынбасары) М.Сүйкур қатысты.

2016 жылғы 19 қазанда ИР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Жаңа және жаңғырмалы энергетика және энергияны консервациялау жөніндегі Бас директоратының хатшысы Дадан Кусдиана Астанаға сапармен барып, ЭКСПО-2017 көрмесіне Индонезияның қатысуы бойынша мәселелерді талқылады.

Парламентаралық ынтымақтастық

Екі ел арасындағы парламентаралық байланыс саласындағы ынтымақтастық белсенділік танытуда. Атап айтқанда ИР Халық өкілдер кеңесінің Халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Рамадан Похан бастаған делегация 2013 жылғы 28 сәуір – 3 мамыр аралығында Қазақстанда сапармен болды. 2013 жылғы 2-5 желтоқсанда Бали аралында өткен Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мәселелері жөніндегі парламенттік конференцияның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Б.Тінікеев қатысты.

2014 жылғы 20-23 қыркүйекте ИР-дың парламенттік делегациясы Қазақстанға сапармен барды. Сапардың аясында индонезиялық депутаттар ҚР Парламенті Мәжілісінің және Сыртқы істер министрлігінің басшылықтарымен кездесті.

2014 жылғы 12-13 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары О.Н.Өксікбаев пен С.Ж.Оспанов Индонезиядағы Сурабая қаласында өткен «Мыңжылдықтың мақсаттарына жетуді жеделдету және 2015 жылдан кейінгі даму» атты парламенттік іс-шараға қатысты.

2014 жылғы 28-31 тамызда Индонезияның Бали аралында өткен БҰҰ Өркениеттер альянсының VI Жаһандық форумына ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Б.Әйтимова қатысты.

2015 жылғы 30 наурыз – 1 сәуір аралығында ИР Парламенті төрағасының орынбасары Фахри Хамза бастаған индонезиялық парламенттік делегациясы Астанаға ресми сапармен барып қайтты.

2015 жылғы 19-24 сәуірде Индонезияның Жакарта қаласында өткен Азия-Африка саммитіне, Азия-Африка парламенттік конференциясына, сондай-ақ Азия-Африка елдерінің Жоғары лауазымды өкілдері мен Министрлер кездесуіне ҚР Парламентінің Мәжіліс төрағасының орынбасары А.Т.Тасболатов қатысты.

2015 жылғы 19-20 тамыз аралығында Жакарта қаласында Азия Парламенттік Ассамблеясының экономика және орнықты даму мәселелері жөніндегі тұрақты комитетінің отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары С.Біләлов және А.Күзеков қатысты.

2015 жылы 28 тамызда ҚР Ата заңының 20 жылдығына арналған «Ата заң: бірлік, орнықтылық, гүлдену» атты халықаралық конференцияға ИР делегациясы қатысты.

2016 жылғы 30 мамыр – 1 маусым аралығында ИР Ұлттық консультативтік ассамблеясының мүшесі М.А.Тхомафи мен ИР Өкілдер палатасының мүшесі Х.Мухлисин Астанада өткен «Дін терроризмге қарсы» атты халықаралық конференцияға қатысты. Сапардың аясында олар ҚР Мәжілісінің Халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы М.Әшімбаевпен кездесті.

2016 жылғы 26-27 қыркүйекте ИР Өкілдер палатасының депутаты Дединг Исхак ҚР Парламентінің Мәжілісі Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы мен Ислам даму банкімен бірлесе отырып Астанада ұйымдастырған Азия парламентаралық форумына қатысты.

2016 жылғы 2-10 желтоқсан аралығында ИР Өкілдер палатасының Сауда, индустрия, инвестиция, шағын және орта кәсіпорындар, мемлекеттік кәсіпорындар жөніндегі VI комиссиясының төрағасы Азам Азман Натавиджана және Палатаның Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің мүшесі Сияфулла Тамлиха бастаған парламенттік делегация Астанаға жұмыс сапар шекті. Сапардың шеңберінде индонезиялық делегация ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Тасболатов бастаған қазақстандық депутаттармен кездесіп, Мәжіліс пен Өкілдер палатасы арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Одан бөлек индонезиялық депутаттар ИР Инвестиция және даму министрінің орынбасары Е.Хаировпен кездесті.

Халықаралық Ұйымдар мен форумдар шеңберіндегі ынтымақтастық

ҚР мен ИР-дің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық пен өзара әрекеттесу, бір-біріне деген қолдау көрсету күшейіп келеді. Атап айтсақ Индонезия «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін Астанада өткізуге қатысты ҚР кандидатурасының өтуіне, 2013 жылы Парижде өткен сайлау кезінде ҚР-дың кандидатурасының ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра комитетіне кіруі үшін қолдау көрсетті. ҚР-дыңЕуропа мен Азия форумына (АСЕМ) толық мүше болып кіру мақсатында 2014 жылы қазанда өткен сайлауда Азия тобына кіретін Индонезия тарапынан қолдау көрсетілді. АСЕАН ұйымының Аймақтық форумына мүше болуға Қазақстанның бастамасына қолдау көрсету үстінде. Сонымен қатар Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының (ИЫҰ) Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құру және оның штаб-пәтерін Астана қаласында орналастыру жөніндегі жарғы жобасына қатысты ИР тарапы қолдау көрсетіп келеді. Өз кезегінде Қазақстан ИР-дің ИКАО, Ауыл шаруашылықты дамыту жөніндегі халықаралық қор мен Халықаралық пошта одағы бойынша бастамаларына қолдау көрсетті.

Демократияны дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруға үлкен мән берілуде. 2012 жылдан бері жыл сайын өтетін Бали демократиялық форумдарына ҚР делегациясы қатысып отырады.

2013 жылғы 3-9 желтоқсанда Балиде өткен Дүниежүзілік Сауда Ұйымының 9-шы Министрлік отырысына ҚР-дың Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Ж.С.Айтжанова бастаған делегация қатысты.

2014 жылғы 24 қаңтарда ҚР-дың Индонезиядағы Елшісі А.Т.Оразбайды АСЕАН жанындағы Қазақстанның Елшісі ретінде тағайындау жөніндегі ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың хаты АСЕАН-ның Бас хатшысы Ле Люонг Миньге табыс етілді.

Индонезия Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің бақылаушысы ретінде оның жұмысына белсенді қатыса отырып, бұл ұйымның толық мүшесі болудың мүмкіншілігін қарастыруда.

2017 жылы Астана қаласында ұйымдастырылатын «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесіне Индонезия Республикасының қатысатындығы ИР Президенті Ж.Видодоның атынан ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа жолданған хатында расталды.

ИЫҰ Денсаулық сақтау министрлерінің конференцияларына (2011 жылғы 29 қыркүйек - 1 қазанда Астанада, 2013 жылғы 21-24 қазанда Жакартада, 2014 жылғы 24-27 наурызда Жакартада) қос елдің Денсаулық сақтау министрлерінің орынбасарлары деңгейінде делегациялар тұрақты түрде қатысып келеді.

2015 жылғы 27-28 шілде аралығында Жакарта қаласында «Бітімгершілікке арналған кешенді стратегиялар: БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларының мүмкіндіктері мен тиімді жауаптарын арттыру» тақырыбы бойынша БҰҰ-ның Бітімгершілік жөніндегі Азия – Тынық-мұхиттық өңірлік кездесуіне ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров және БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігіндегі ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі А.Кабентаев қатысты.

2016 жылғы 6-7 наурызда Жакарта қаласында Палестина мен Әл-құдс Ашшариф бойынша өткен ИЫҰ-дың 5-ші төтенше саммитінде ҚР Индонезиядағы Елшісі А.Оразбай қатысты.

2016 жылғы 15-19 мамырда Жакарта қаласында өткен Ислам даму банкісі тобының жыл сайынғы 41-ші кездесуіне ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Е.Байдаулет қатысты.

2016 жылғы 2 маусымда G-20 шеңберінде Денпасар қаласында өткен Инвестициялар мен инфрақұрылым бойынша жұмыс тобының кезекті отырысына «Kaznex Invest» АҚ-тың басқарушы директоры А.Тайғұлов ҚР атынан өкілдік етті.

2016 жылғы 25-26 қазан аралығында ИР Экономика мәселелерін үйлестіруші министрінің орынбасары М.Гирианна бастаған делегация Астана қаласында өткен Өндіруші салалардың ашықтық бағдарламасы кеңесінің 35-ші отырысына қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықосы күнге дейін оң үрдіспендамып келген болатын. Яғни, 2015 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы49,9 млн.АҚШ долларды құрады (соның ішінде қазақстандық экспорт –18,9, импорт –31 млн АҚШ доллар). 2014 жылмен салыстырғанда екіжақты сауда айналымының көлемі 27,9 пайызға, ал қазақстандық экспорт 4,6 есе өскен болса, импорт 11,6 пайызға төмендеді.

Алайда дүниежүзілік экономикалық өсудің баяулауына орай2016 жылғы қаңтар-қазан аралығының қорытындысы бойынша ҚР мен ИР арасындағы сауда айналымы 66,9 пайызға төмендеп,14,8 млн. АҚШ долларды құрады. Соның ішінде қазақстандық экспорт 92,9 пайызға азайып,1,1млн. АҚШ долларды құраған болса, импорт – 52,3 пайызға төмендеп,13,7 млн АҚШ долларға жетті.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың алға басуында басты тежеуіш факторықос елдің арасында жөнді жолға қойылған көлік байланыстардың жоқтығы болып табылады.

ҚР-дан ИР-ге негізінен темір және оның өнімдері, құрал-жабдықтар мен әр түрлі аспаптар, химиялық өнімдер экспортталады. ИР-ден ҚР-ға мал мен өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары, темір мен темір өнімдері, машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралы, әр түрлі аспаптар, тоқыма өнімдері, аяқ-киім және тағы басқа өнімдер сатылады. Жөнді жолға қойылған көлік байланыстардың жоқтығы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты тежеуіш факторы болып табылады.

2011 жылғы қазан айында ҚР-дың ИР-дегі Құрметті консулдығы офисінің өкілі А.Виджаяның басшылығымен ИР ірі бизнес өкілдерінің бизнес мүмкіндіктерін зерттеу мақсатымен делегациясы Астанаға келді.

2012 жылғы 7-13 наурызда ИР Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Супраптоның және Экономикалық мәселелер бойынша үйлестіруші министрдің орынбасары А.Лукманның басшылығымен ресми делегациясы ҚР-ға келіп, екі мемлекеттің арасындағы сауда-экономикалық келешегін талқылады.

2012 жылғы 21-23 мамыр аралығында ИР Экономика мәселелері жөніндегі үйлестіруші министрі Х.Раджаса мен Индустрия Министрі М.Хидаят және бірқатар бизнесмен өкілдері V Астана экономикалық форумына қатысты. Форум шеңберінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігімен бірге қосылып, қазақстан-индонезиялық бизнес форумы өткізілді. Сондай-ақ форум шеңберінде «KAZNEX INVEST» пен Индонезия инвестициялар жөніндегі кеңсесі арасында және «Қазмұнайгаз ҰҚ» АҚ мен PT «Pertamina» компаниялары арасында өзара түсіністік меморандумдарына қол қойылды.

2013 жылы 22-24 мамырда ИР Экономикалық істер бойынша үйлестіру министрінің орынбасары Р.Лукман бастаған делегация VI Астаналық экономикалық форум мен Дүниежүзілік антидағдарыс конференциясы жұмыстарына қатысты.

2013 жылғы 21-22 тамызда Жакарта қаласында ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Е.Досаев пен ИР Экономика істері жөнінде үйлестіруші министрі Х.Раджасаның тең төрағалықтарымен Қазақстан-Индонезия Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының бірінші отырысы өтті. Оның нәтижесінде ҚР мен ИР тараптары 5 жұмыс тобына (сауда мен инвестиция; индустрия, ауыл шаруашылық және инфрақұрылым; мұнай, газ және энергетика; көлік және логистика; банкинг, шарияттық қаржыландыру және фармацептика) бөлінген салада ынтымақтасуға уағдаласты.

2014 жылы 28-30 сәуірде ҚР Қаржы министрлігі мен ИР Қаржы министрлігінің өкілдері қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция жобасын талқылаудың екінші айналымын Бандунг қаласында (ИР) өткізді.

2014 жылы 22-23 мамырда VII Астаналық экономикалық форум мен Дүниежүзілік антидағдарыс конференциясының жұмысына ИР Денсаулық сақтау қызметінің Бас директоры А.Тахер, ИР Қаржы министрлігінің Салықты реттеу департаментінің директоры П.Хутагаол қатысты.

2014 жылы 4-6 мамыр аралығында ИР өңірлерімен іскерлік байланыстар орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы (бұдан әрі - ОҚО) бизнес делегациясының Жакарта қаласына сапары ұйымдастырылды. ОҚО делегациясының сапары шеңберінде ИР Сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстан-Индонезия бизнес форумы ұйымдастырылып, Жакарта қаласы губернаторының орынбасары Б.Пурнамамен ресми кездесу өткізілді.

2015 жылы 8-10 қыркүйекте ҚР Қаржы министрлігі мен ИР Қаржы министрлігінің өкілдері Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция жобасын талқылаудың кезекті айналымын Астанада өткізді.

2015 жылы 29-30 қазанда ИР Қорғаныс министрлігіне қарайтын “PT Widya Karya Persada” компаниясы басшылары Халықаралық Астана инвест форумына қатысты. Сондай-ақ аталған делегация ҚР Қорғаныс министрлігінің және «КазИнжиниринг» компаниясының басшыларымен кездесіп, Қазақстанның әскери-техникалық өнімдерін индонезиялық рынокқа шығару жөніндегі ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.

2015 жылы 3-4 қарашада Жакартада өткен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру жөніндегі келіссөз жүргізушілердің 8-ші отырысына ҚР Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі М.Ә.Құсайынов бастаған делегация қатысты.

2016 жылғы 13 сәуірде ҚР-дың Индонезиядағы Елшісі А.Оразбай ИР Көлік министрі И.Джонанмен келіссөз өткізді. Кездесудің басты мақсаты екі ел арасында жөнді жолға қойылған көлік байланыстарды анықтау,соның ішінде Ирандағы Бандер-Аббас портының, Қытайдағы Ляньюньгань портындағы ҚР терминалының және Хоргос Еркін сауда аймағының жаңа мүмкіндіктерін ИР тарапымен дер уақытылы пайдалану мүмкіншіліктері талқыланды. Нәтижесінде, Ляньюнган портындағы ҚР терминалының тұсау кесерін Жакартада өткізу бойынша Елші мен Министр арасында жасалған уағдаластықтың негізінде 10 мамырда «ҚТЖ» АҚ-тың қолдауымен Ляньюнгандағы қазақстандық-қытайлық халықаралық логистикалық компаниясының бас директоры Лю Бин мен оның орынбасары Қ.НұралыЖакартадабұл іс-шараны өткізіп кетті.

2016 жылғы 25-26 мамырда Астанада өткен IX Астана экономикалық форумына ИР-дың Қазақстандағы Елшісі Ф.Гултом қатысты.

2016 жылғы 25-27 мамырда индонезиялық «PT. Mayora Group Tbk.» компаниясы «Интерфуд» атты 18-ші Қазақстандық халықаралық азық-түлік өндірістік көрмесіне қатысты.

2016 жылғы 3-11 қыркүйек аралығында ҚР Инвестиция және даму министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының, Қазақстанның туристік агенттіктер қоғамдастығының және Қазақстан өңірлерінің өкілдерінен құрылған делегация Жакарта қаласына сапар шекті. Сапардың шеңберінде аталған делегация «Pata Travel Mart 2016» халықаралық туристік көрмеге қатысты. Көрменің аясындаҚазақстанның туристік агенттіктер қоғамдастығының президенті А.Нуркебаева Индонезияның «ASITA» атты туристік агенттіктері қоғамдастының президенті Аснави Бахармен келіссөз өткізіп, қорытындысы бойынша туризм саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.

2016 жылғы 29 қыркүйекте Жакарта қаласында өткен «Жаһандық исламдық қаржы сыйлығын» (GIFA 2016) табыстау рәсіміне қатысу мақсатында Астана Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қ.Келімбетов сапар шекті. Сапардың шеңберінде ол ИР Қаржылық қызметтер басқармасының (ИР ҚҚБ) төрағасы (министр деңгейінде) Мулиаман Хададпен және индонезиялық ірі банкілерінің бірі «Mandiri Syariah»-тың төрағасы Агус Судиартомен кездесті.М.Хададпен кездесудің қорытындысы бойыншаАХҚО мен ИР ҚҚБ арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

2016 жылғы 21 қазанда ИР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жасанды ұрықтану орталығының басшысы Энниек Хервиджанти бастаған индонезиялық делегация Астанаға жұмыс сапармен барып қайтты. Сапардың аясында «Асыл түлік» АҚ Басқармасының төрағасы Ә.Шамшідинмен кездесу өткізіліп, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды.

2016 жылғы 1-3 қараша аралығында Индонезияның мұнай және газ бойынша «SKK MIGAS» атты арнайы топтың өкілі Уайан Махендра Эрната Мұнай инженерлері қоғамының 3-ші жылсайынғы Каспий техникалық конференциясы мен арнайы көрмеге қатысу мақсатында Астанаға сапармен барып қайтты.

2016 жылғы 2 қарашада ИР Дәрі-дәрмек және тағам бақылау ұлттық агенттігінің басшысы Пенни К. Лукито Алматыға сапар шегіп, ҚР Дәрі-дәрмекті сараптау орталығының Бас директоры А.Шорановамен кездесті. Кездесудің қорытындысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

Әскери-техникалық ынтымақтастық

2016 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс стратегия жөніндегі бас директоратының Стратегиялық анализ бойынша директоры Николас Понанг Джавото бастаған делегация жұмыс сапармен Астанаға барып қайтты. Сапардың шеңберінде индонезиялық делегация ҚР Қорғаныс министрлігінде және Стратегиялық әскери зерттеу орталығында кездесулер өткізіп, әскери білім, жоғары технологиялар және жалпы әскери ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қос елдің мәдени гуманитарлық пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету қарқын алып келеді.

2011 жылы 30 қаңтар - 6 ақпанда Астана мен Алматыда өткен 7-ші Қысқы Азиялық ойындарға ИР спортсмендері қатысты. Одан бөлек 2011 жылы 16-18 маусымда Астанада өткен Ритмдік гимнастика Азиялық біріншілігіне ИР атлеттері мен гимнасткалары қатысты.

2012 жылғы 4-6 желтоқсанда Жакарта қаласында өткен мемлекеттер дамуындағы әйелдердің рөлі жөнінде ИЫҰ мүше мемлекеттерінің V халықаралық конференциясына ҚР Президенттің кеңесшісі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықова қатысты.

Индонезия Дүниежүзілік және дәстүрлі дін лидерлері съезін өткізу жөніндегі Қазақстанның бастамасына қолдау көрсетіп келеді. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін лидерлерінің 3-съезіне ИР делегациясы қатысты.

2013 жылы 2-4 қыркүйекте ИР Президенті С.Юдойононың Қазақстанға жасаған ресми сапары шеңберінде Астана қаласында Мәдениет күндері өткізілді. Бағдарлама аясында Гала-концерт, ИР мәдениеті және достар тақырыбындағы фотокөрме, сондай-ақ дәстүрлі маталар мен ұлттық киім Батик көрмесі ұйымдастырылды.

2014 жылғы 12-14 мамырда ҚР-дың ИР астанасы Жакартада тұңғыш рет Қазақстанның Мәдениет күндері ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет Вице-министрі А.Бөрібаев басқарып келген үлкен делегация индонезиялықтарды қазақтың өнерімен таныстырды. Мәдениет күндер шеңберінде Гала-концерт, фотокөрме ұйымдастырылып, сондай-ақ «Жетекші жолы», «Жаужүрек» атты фильмдер көрсетілді. Мәдениет күндері шеңберінде А.Бөрібаев ИР Білім және мәдениет министрі М.Нұхпен кездесіп екіжақты мәдениет саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Елшілік 2015 жылы 19 қарашада ИР-дің Жакарта қаласында жыл сайын өткізілетін «Қайырымдылық базарын» ұйымдастыру істеріне атсалысты.

Білім беру және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту саласы алға басуда. 2013 жылғы 21 желтоқсанда Елшіліктің қолдауымен Д.А.Қонаев атындағы университеті мен «Гунадарма» университеті басшылықтарының Жакартада кездесуі өткізіліп, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. 2015 жылы 8-12 наурызда Гунадарма университетінің ректоры бастаған делегация Д.Қонаев атындағы Академияда және Қыздар педагогикалық университетінде болып, ынтымақтастық құжаттарына қол қойды. Артынша 2015 жылғы 15 маусымда Елшілік Гунадарма университетімен бірлесіп, Жакартада ИР Жоғары Оқу Орындарының басшылары мен профессорларының қатысуларымен білім беру мен ғылым саласы бойынша ынтымақтастықты орнату мен оны дамыту жолдарына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Екі елдің арасында спорт саласындағы ынтымақтастық дамуын жалғастыруда. 2015 жылы 14-23 наурыз аралығында ҚР Гандбол ұлттық құрамасы Жакарта қаласында ұйымдастырылған гандболдан Әлем чемпионатына қатысты. Ушу спорты бойынша ҚР ұлттық құрама делегациясы 2015 жылы 10-11 қарашада Жакарта қаласына өткен Халықаралық турнирге қатысты.

2016 жылғы 31 мамыр – 2 маусым аралығында ИР-дың Компьютер және информатика саласындағы жоғары білім берушілер ассоциациясының (APTIKOM) төрағасы З.А.Хасибуан бастаған делегация Алматыға сапарменбарды. Делегацияның құрамына «AMIKOM», «Bima Darma University», «Undalas University», «STMIK Banjarbaru», «STT Nusa Putra», «YPTK Padang», «Gunadarma University» атты ИР университеттерінің ректорлары кірді. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық құқық академиясында өткен келіссөздің нәтижесінде APTIKOM мен 9 қазақ университеттері арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

2016 жылғы 27 қараша – 8 желтоқсан аралығында ҚР Өнерге еңбек сіңірген қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Сәндік-қолданбалы өнері кафедрасының жетекшісі көркем суретші Р.Базарбаева, ҚР Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, модельер-дизайнер, киіз шебері Сәуле Бапанова, ҚР Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, зергерлік іс шебері Серік Рысбеков және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретті кілем іс шебері Жакартаға сапармен келіп кетті. Сапар шеңберінде Жакарта қаласының «Хадипрана» өнер орталығында жәнеҚР Елшілігіндеқолөнер көрмесі, сондай-ақ Халықаралық әйелдер клубында және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерей тойына арналған қабылдау кешінде сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Қосылған : 17.03.2016, 18:10, Өзгертілген : 17.03.2016, 18:10