Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы қатынастар

Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992ж. 22 ақпанда орнатылды.

1993ж. қарашада Нью-Делиде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 2014ж. 9 желтоқсанда ҚР елшісі Б.Сәрсенбаев ҮР Президенті П.Мукерджиге сенім грамотасын ұсынды.

1992ж. мамырда Алматыда Үндістан Республикасының Елшілігі ашылды. 2007ж. қарашада Үндістан Елшілігі Астанаға көшкеннен кейін, Алматыда консулдық бөлім қызмет атқарады. 2014ж. 10 желтоқсанда ҚР-ғы Үндістан елшісі Х.К.Джейн ҚР президенті Н.Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды.

2018 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар.

Жоғарғы деңгейдегі іс-сапарлар:

Елбасы Үндістанға ресми іс-сапарлар шеңберінде 1992ж. ақпанда, 1996ж. желтоқсанда және 2002ж. ақпанда келіп қайтты, сондай-ақ, 2009ж. 23–26 қаңтарда Үндістанның Республика Күнін тойлауға Құрметті қонақ ретінде мемлекеттік сапары өткізілді, оның нәтижесінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы екі жақты қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне шығарылды.

ҮР премьер-министрі Н.Рао (1993ж. мамыр) және ҮР вице-президенті К.Нарайанан (1996ж. қыркүйек), ҮР премьер-министрі А.Ваджпаи АӨСШК 1-ші саммитіне қатысуға (2002ж. маусым), ҮР вице-президенті М.Х.Ансари (2008ж. сәуір) және ҮР премьер-министрі М.Сингх (2011ж. сәуір) Қазақстанға ресми іс-сапарларын жасады.

2015ж 7-8 шілдеде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Қазақстанға ресми сапармен келді және оған жоғары деңгейлі делегация, ішінде бизнесмендер мен өнеркәсіпкерлер тобы ілесіп жүрді. Сапар барысында премьер-министр Н.Моди ҚР президенті Н.Назарбаев, сонымен қатар премьер-министр К.Мәсімовпен кездесті.Келіссөздер дәстүрлі қазақ-үнді қарым-қатынастарын сипаттайтын өзара түсіністік рухта, жылы және достық рухында өтті.

Сапар барысында екі елдің жетекші бизнес-жетекшілері қатысқан Бизнес форум өткізілді, бірлескен Іскер кеңесі құрылып, сондай-ақ, бірлескен «Жол картасына» қол қойылды. Н.Моди Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялықұлттық университет жанындағы ақпараттық және коммуникациялықтехнологиялар саласындағы қазақ-үнді озық зерттеулер орталығының ашылуына қатысты. Тараптар әр түрлі деңгейдегі бірлескен 7құжатқа қол қойды.

2016ж 14 маусымда Үндістан премьер-министрі Н.Моди арасында телефон арқылы сұхбат өтті, оның барысында екіжақты қатынастардың болашағы мен жағдайлары, сондай-ақ, бірқатар өзекті аймақтық және халықаралық мәселелері талқыланды.

2016ж 23-24 маусымда өткізілген Ташкенттегі ШЫҰ саммиті аясында ҚР президенті ҮР премьер-министрі Н.Модимен кездесті.

Жоғары деңгейдегі іс-сапарлар:

ҚР Жоғарғы сот төрағасы К.Мами (2008ж. қазан), Президенттің көмекшісі - ҚР қауіпсіздік кеңесі хатшысы М.Тәжин (2012ж. ақпан), ҚР Есеп комитеті төрағасы О.Өксікбаев (2012ж. наурыз), ҚР транспорт және телебайланыс вице-министрі А.Бектұров (2012ж. 28-29 маусым), ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы К.Тұрғанқұлов (2012ж. маусым және 2014ж. қазан), ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күресу агенттігінің төрағасы (қаржы полициясы) Р.Түсіпбеков (2013ж. 9-11 сәуір), ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Б.Қуандықов (2013ж. 20-22 қараша), ҚР адам құқығы бойынша өкілетті А.Шәкіров (2014ж. қыркүйек) Үндістанға іс-сапармен келіп қайтты.

Тараптардың екіжақты сапарлары:

2015ж. 15-16 қаңтарда Мумбай қаласында Азиялық Инфрақұрылым және Инвестиция Банкін құру туралы келіссөздер өтті, оған Қазақстан, Қытай және Үндістанның қаржы институттарының өкілдері қатысты. ҚР Өкілі ретінде ҚР ұлттық экономикасының бірінші вице-министрі М.Құсайынов пен ҚР ұлттық экономикасы министрлігінің қаржы басқармасының бастығы М.Тұрлыбаев барды.

2015ж. 10-11 маусымда А.Мамин бастаған «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының делегациясы Үндістанға келіп қайтты. Сапар барысында, Үндістанның кеме және автожол министрі Н.Гадкари және теміржолдар министрі С.Прабхумен кездесті. Екі ел арасындағы транспорттық ынтымақтастықтың даму келешегі, сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» транспорттық дәлізі ретінде, Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол дәлізінің үлкен әлеуетін қолдану арқылы тауарлардың қозғалысын жеңілдететін келісімдерге қол жеткізілді.

Одан басқа, Үнді сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының кеңсесінде Үндістан бизнес топтарына аймақтағы экспорттық-импорттық операцияларын жүргізу үшін логистикалық мүмкіншіліктер презентациясы өткізілді. ҚТЖ делегациясы Мундра теңіз портына барып, даму жобаларымен танысты және ірі логистикалық компаниялармен келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Үндістанның Мундра немесе Мумбай сияқты батыс порттарының терминалдық қуаттылығын инвестициялауға ниеттерін білдірді.

2015ж. 15-17 маусымда ҚР инвестиция және даму министрі А.Исекешевтің Үндістанға сапары жасалды, оның барысында құрыш құю және тау-кен өндірісі министрі Н.Томармен, байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Р.Прасадпен, мұнай және газ министрі Д.Прадханмен, ҮР тыңайтқыштар мен химиялық өнеркәсіп министрлігінің тыңайтқыштар мен фармацевтика мәселелері бойынша министр орынбасары, сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының жетекшілері, «Күн энергиясы корпорациясы» мемлекеттік компаниясының жетекшілері жәнеMMTC Ltd. жетекшілерімен кездесті. Сонымен қатар, Үндістанның ең ірі 25 компанияларының жетекшілерімен кездесіп, тараптар Қазақстан экономикасына инвестиция құю мүмкіншіліктерін талқылады. Тараптар 2015ж. 7-8 маусымда Үндістан премьер-министрінің сапары барысында қол қою мақсатында сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік бойынша «Жол картасын» дайындауға келісті.

2015ж. 15-18 маусымда Энергетика министрі В.Школьник бастаған қазақстандық үкіметтік делегациясының Үндістанға сапары жасалды. Делегацияның келу мақсаты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық бойынша Қазақ-үнді Үкіметаралық комиссияның 12-отырысының өткізілуі болды. Сапар барысында министр Үндістанның мұнай және табиғи газ министрі Д.Прадхан және энеркетика, көмір, жаңа және жаңармалы энергия министрі П.Гойалмен екі жақты кездесу өткізді. Айтылған кездесулер барысында кейбір өнеркәсіп салаларының келешектері талқыланды.

2015ж. 7-19 тамызда ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Р.Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Үндістанға сапар жасады.

Сапар барысында Р.Жошыбаев Үндістанның сыртқы істер, сауда және өнеркәсіп, туризм министрліктерінің, үнді тауарларын алға жылжыту ұйымының (ITPO), туроператорлар қауымдастығының жетекшілерімен, сонымен қатар, үнді өнеркәсіпшілерінің конфедерациясы және Бангалор қаласының жаңармалы энергия көздері саласындағы жетекші үнді компанияларының жоғарғы өкілдерімен кездесу өткізді.

Үндістандағы сапар аясында алдағы Астанада өтетін көрмеде Үндістанның қатысуы үшін жауапты сауда мен өнеркәсіпті алға жылжыту ұйымының жетекшілеріне, сауда-өндіріс палатасы федерациясының және үнді өнеркәсіпшілері конфедерациясымүшелеріне арнайы ЭКСПО-2017 тақырыптық көрсетілімі ұйымдастырылды. Жетекші туристік агенттіктермен кездесу барысында туризм саласындағы Үндістанның жетекші туроператорлар қауымдастығы (IATO) және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ арасынада әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

2015ж. 25 тамызда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер бас прокурорларының 13-отырысы аясында Үндістанның Бас прокуроры М.Рохатги Қазақстанға сапармен келді, оның барысында ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевпен кездесу өткізді.

2015ж. 16-17 қыркүйекте Астанаға Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының лауреаты, энергетика саласындағы зерттеу институтының бас директоры, БҰҰ-ның климаттық өзгеру бойынша үкіметаралық сарапщылар тобының жақын уақытта болған басшысы Раджендра Пачаури келіп қайтты. Р.Пачаури ҚР президенті Н.Назарбаевпен кездесуге шақырылған «нобельдік топ» құрамына кірген.

IT-технологиясы саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында 2015ж. 14-18 қыркүйекте, Инновациялық дамудың бас директоры А.Досқалиев пен «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингтің білім және ғылым департаментінің директоры Д.Мухатов Үндістанға келіп қайтты. Сапар барысында қазақстандық делегаттардың ҮР-ң коммуникация және ақпараттық технологиялар министрлігінің электрондық технологиялар Департаментінің жетекшілері, сонымен қатар, ірі үнді NIC (Ұлттық ақпараттама орталығы), CDAC (Озық компьютерлік технологияларын дамыту орталығы), India e-Gov (электрондық үкіметке жауапты ҮР-сының ақпараттық технологиялар министрлігінің құрылымдық бөлімшесі), CERT-In (компьютерлік оқиғаларға жедел жауап беретін топ), NASSCOM (бағдарламалық қамтамасыз ететін және қызметтер көрсететін компанияларының ұлттық қауымдастығы), NIELIT (электроника және информатика ұлттық институты), STQC (тестілеу сапасын сертификаттау және стандарттау орталығы) және т.б. IT-орталықтарыменкездесді.

Сонымен қатар «Зерде» өкілеттерінің «үнді кремний аймағы» - Бангалор және Мумбай қалаларына сапарлары ұйымдастырылды, ол жақта STPI (Software technology parks of India) және SAMEER `(Center for electromagnetics) IT-парктеріне барып қайтты.

2016ж. 29-31 қаңтарда Алматы қаласының туризм басқармасының өкілдері бастаған қазақстандық делегация SATTE Travel Mart-2016 атты туристік көрмеге қатысты (Дели қ.). Көрмеге келгендер Қазақстанның, соның ішінде Алматы қаласының туристік мүмкіндіктерімен таныстырылды. Сонымен қатар, Универсиады-2017 маркетингтік блок директорының орынбасары Д.Сейтқазин келе жатқан спорттық іс-шара туралы презентация өткізді.

2016ж. 11 ақпанда Үндістанның сауда-өнеркәсіп палатасы және индустрия қауымдастығымен бірге, сонымен қатар, Үндістандағы ҚР Елшілігінің қолдауымен, Шығыс-Қазақстан облысының «Роуд-шоу» өткізілді, оның барысындаинвестициялық жобалар көрсетілді және ШҚО әкімшілігі мен Үнді СӨП арасында ынтымақтастық жайында Меморандумға қол қойылды.

2016ж. 12 ақпанда ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» комиссары Р.Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация ҮР сапар жасады. Кездесу нәтижесінде Р. Жошыбаев пен С. Гойал Үндістанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы келісімшартқа қол қойды. 2016ж. 24-25 ақпанда Астанада халықаралық қатысушылардың екінші жиналысы өтті, үнді тарапынан ITPO атқарушы директоры Ш.Сингх пен бас менеджердің орынбасары Р.Дхусия келіп қатысты.

2016ж. 17-18 наурызда «Тараз Химпарк» АЭА БК» АҚ төраға орынбасары Д.Оразбаева бастаған қазақстандық делегация Мумбай қаласында өткен 9-жылдық химиялық өнеркәсіптің халықаралық конференциясына қатысуға келіп қайтты.

Үндістанның химиялық бағыттағы 108 ірі компанияларының өкілдері, шамамен 250 үнді бизнесмендері қатысқан Конференция аясында, қазақстандық делегация «Тараз Химпарк» АЭА-пен таныстырды, сонымен қатар, әлеуетті шетелдік инвесторлармен іскер келіссөздер өткізді.

2016ж. 19 мамырда Астанада ҚР ҰКП Сыртқы сауда палатасы Үндістан сауда-өнеркәсіп Федерациясымен (FICCI) бірлесіп қазақстандық-үнді Іскер кеңесін өткізді. Отырысқа инженеринг, құрылыс, логистика, IT-технологиялар, ауыл шаруашылығы жабдықтары, мұнай химия, фармацевтика салаларында жұмыс істейтін 30-ға жуық үнді компаниялары қатысты.

2016ж. 27 мамырда Астанада өткен АЭФ жұмысына Бейбітшілік Нобель сыйлығының лауреаты, Энергетика саласындағы зерттеу институтының Бас директоры Р.Пачаури қатысты. Ол «Болашақ энергиясы: ғаламдық үрдістер мен технологиялар» сессиясының спикері болды.

2016ж. 1 маусымда Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылар Съезі Хатшылығының ХV отырысына «Somaiya Bharatiya Sanskriti Peetham» лингвистикалық институттың директоры К.Ачария қатысты.

2016ж. 10 шілдеде Астана әкімі А.ИсекешевАндхра-Прадешштатының бас министрі Н.Ч.Найду жетекшілігімен барған үнді делегациясымен кездесті. Андхра-Прадеш өкілдері Үндістан премьер-министрі Н.Модидің тапсырмасы бойынша өз аймағында ұқсас жобаның орындалуына байланысты штат орталығын өзге қалаға ауыстыруға байланысты Қазақстанның тәжірибесін үйренуде.

2016ж. 29-30 тамызда Парламентаралық одақтың Президенті С.Чаудхари мен «Бхаратия джаната парти» билеуші партиясының Вице-президенті В.Сахасрабудхе Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25-жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысты. Пленарлық отырыс аясында әлемнің 50 елінен шамамен 200 қатысушы келді, сонымен қатар, төрт панельдік сессияда ғаламдық қауіпсіздікке қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

2016ж. 1 қарашада апаттар қауіпін азайту бойынша Азиялық министрлік конференциясы аясында (AMCDRR) ҚР ішкі істер министрі орынбасары Ю.Ильин Үндістанға келіп қайтты және сапар барысында Үндістан ішкі істерінің мемлекеттік министрі Кирен Риджиджумен кездесті. Кездесу барысында екі министрлік арасында түрлі салаларда ынтымақтастық жайлы келісім-шарттарды дайындау және қол қою сияқты екіжақты қатынастарға байланысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

2016ж. 2-4 қарашада ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы Б.Қанешев бастаған қазақстандық делегация Халықаралық аккредиттеу форумы(IAF) мен Зертханаларды аккредитациялау бойынша Халықаралық ұйымның (ILAC) бірлескен жылдық отырысына қатысты. Айтылып кеткен іс-шара шеңберінде ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығы мен Үндістанның сапа бойынша Кеңесі арасында техникалық ынтымақтастық туралы Келісімшартқа қол қою рәсімі өткізілді.

2016ж. 8-10 қарашада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Нью-Дели қаласында (Үндістан) өткен Халықаралық темір жолдар одағының Азия-Тынықмұхиттық Аймақтық ассамблеясының 22-отырысына қатысты. Отырыста «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистраль желісі Дирекциясы директорының орынбасары Б.Котырев сөз сөйледі.

2017ж. 6 қаңтарда Делиде Қазақстан мен Үндістан үкіметтері арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенцияға(1996ж. 9 желтоқсаннан) өзгерістер мен толықтыру енгізу хаттамасына қол қойылды. Құжатқа қазақстандық тараптан ҚР Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев, үнді тарапынан Үндістан қаржы министрлігінің тікелей салықтар бойынша орталық басқармасының басшысы Сушил Чандра қолдарын қойды. Өткізілген іс-шара аясында тараптар, сондай-ақ, сауда, энергетика, инвестиция, өнеркәсіпті дамыту, транспорт пен логистика, тау-кен өнеркәсібі сияқты салалардағы өзара тиімді қатынастардың, сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» аясындағы және жалпы туризм саласындағы әріптестіктің даму келешегін талқылады.

Парламентаралық әріптестік.2011ж. 13 қазанда Қазақстан мен Үндістан Парламенттері арасында Достық тобы құрылды, оның құрамына екі ел Парламенттерінің төменгі және жоғарғы палаталарының депутаттары енді.

2013ж. мамырда ҚР Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы М.Әшімбаевтің ҮР сапары өтті.

Сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде байланыстар:

ҚР сыртқы істер министрі орынбасары Қ.Тоқаевтың (1999ж. тамызда), ҚР сыртқы істер министрі Е.Ыдрысовтың (2013ж. 3-5 наурыз) Үндістанға ресми іс-сапарлары жасалды, оның барысында ҮРвице-президенті – жоғарғы парламент төрағасы Х.Ансари және ҮР сыртқы істер министрі С.Хуршидпен кездесулер өткізілді.

ҮР сыртқы істер министрі С.М.Кришна (2010ж. 11-13 мамыр) Қазақстанға ресми іс-сапармен барып қайтты, ҮР сыртқы істер министрі С.Хуршид (2013ж сәуір) Алматыда өткен Стамбулдық үрдіс министрлік кездесуіне қатысты.

Халықаралық форумдар аясында, 2012ж. 16-17 қаңтарда ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары К.Омаров пен ҚР ӨЖТМ атомдық өнеркәсіп комитетінің төрағасы Т.Жантикин ядролық қауіпсіздік Саммитіне қатысушы елдердің ұлттық координаторлары жиналысына қатысу мақсатында Делиге сапар жасады.

Сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестердің 4 кезеңі өткізілді: 2007ж. тамыз Делиде, 2009ж. 22 қыркүйек Астанада, 2012ж. 7 наурыз Делиде және 2015ж. 16 наурыз Астанада. Үнді делегациясын ҮР сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Сарна басқарды. 2009ж. 5-6 қарашада Астанада консулдық мәселелер бойынша қазақстандық-үнді кеңестерінің 1-ші кезеңі өтті.

Сауда-экономикалық әріптестік.

2016ж. нәтижесі бойынша екі ел арасындағы тауар айналым шамамен 500 млн АҚШ долларын (нақты көрсеткіш ү.ж. наурыз айында беріледі) құрайды.Бұл көрсеткіш Үндістанның Орталық Азиядағы басқа елдерімен тауар айналымының жалпы көлемінен асып түсті. Қазақстан Үндістанды уран концентраты, мұнай, асбест, болат, тұз, күкірт, әк, цемент, өңделмеген тері және қара металдармен жабдықтайды. Импорттың негізгі салалары кофе, шәй, дәмдеуіштер, темекі, органикалық химиялық қосылыстар, фармацевтикалық өнімдер, пластмасса, каучук, резеңке бұйымдары, электр машиналар мен механикалық жабдықтар болып табылады.

2005-2017жж. арасындағы ҚР тікелей үнді инвестицияларының жалпы ағыны 245 млн АҚШ долларын, ал Үндістанға құйылған қазақстандық инвестициялар 83 млн АҚШ долларын құрайды. Қазіргі таңда Қазақстанда үнділердің қатысуымен шамамен 400 мекеме тіркелген, оның 100-і Алматы қаласындағы «Тенгри-банк» біріккен қазақстандық-үнді банкінде шот ашқан.

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық қазақ-үнді біріккен комиссия қызмет атқарады. Комиссияның 12 отырысы өткізілді, соңғысы 2015ж. 16-18 маусымда Дели қаласында өтті, 13-ші отырыс 2017ж. сәуір-мамырда Астана қаласында өтеді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Біріккен жұмыс тобы (БЖТ) қызмет атқаруда. БЖТ-ның 1-ші отырысы 2011ж. 13-14 қаңтарда Нью-Делиде, 2-ші отырысы 2012ж. 19-20 шілдеде Астанада, 3-ші отырыс 2014ж. 20-21 ақпанда Делиде, 4-сі 2015ж. 20 қарашада Астанада, 5-сі Делиде 2016ж. 22-23 желтоқсанда өткізілді.

Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық.2015ж. 7-8 шілдеде ҮР премьер-министрі Н.Модидің Астанаға сапары барысында «Казатомпром» ҰА АҚ пен Nuclear Power Corporation of India Ltd. арасында Үндістанға уран жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.

Әскери-техникалық ынтымақтастық. 2014ж. 7-12 желтоқсан аралығында ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК БШ бастығы С.А.Жасұзақов Үндістанға сапармен келіп қайтты. Іс-сапары аясында ұлттық қауіпсіздік жөнінде кеңесші А.Довал, қорғаныс министрі М.Паррикар, штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы – құрлықтағы әскери күштердің Бас қолбасшысы А.Раха, теңіз, құрлықтағы әскери күштерінің Бас қолбасшылары Р.Дован, Д.Сухаг, Ұлттық қорғаныс колледжінің бастығы Н.Гей, әскери-өнеркәсіптік кешеннің өкілдерімен (Tata Power, Larsen&Turbo, Zen Technologies Ltd) кездесу өткізді.

Сондай-ақ, Джайпур (ҚӘ қолбасшылығының Оңтүстік-Батыс штабы) мен Мумбай (ӘТК қолбасшылығының Батыс штабы және «Тег» фрегаты) әскери инфрақұрылым объектілеріне сапар жасады.

Әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша БЖТ-ның 4 отырысы өтті. 1-ші отырыс – 2006ж. 4-5 қыркүйекте Астанада, 2-сі – 2011ж. 6-7 қыркүйекте Делиде, 2012ж. 25-27 қарашада Астанада, 4-ші отырыс 2015ж. 28 сәуірде Делиде өтті, ал 5-ші отырыс ү.ж. сәуірде Астанада өтеді.

2015ж. 7-8 шілдеде Үндістан премьер-министрі Н.Модидің Қазақстанға сапары барысында «ҚР және ҮР ҚК арасында әскери және әскери-техникалық келісімшартқа» қол қойылды.

2016ж. 2-5 маусым аралығында Астанада ҚР қарулы күштерінің авиация базасында 4-ші халықаралық қарулану және әскери-техникалық мүліктің «KADEX-2016» көрмесі өтті. Айтылған көрмеде Үндістанды Tata, Larsen&Turboжәне BrahMos Aerospace сияқты компаниялар таныстырды.

Ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық. Үндістанның техника-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламалары бойынша қазақстандық мамандар үнді жоғарғы оқу орындарында менеджмент, экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, су ресурстарын басқару, БАҚ және компьютерлік технологиялар салаларында біліктіліктерін арттыру курстарын өтеді.

2015ж. 20 наурызда әл-Фараби ат. ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов бастаған делегацияның Делиге сапары жасалды, ол Үнді технологиялық институты, Дели университеті, сонымен қатар, «Амити» жеке меншік университеттерінің ректорларымен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар кейбір уағдаластыққа келді, олардың басым бөлігі ғылыми-техникалық әріптестікке негізделді. Кездесу нәтижесінде әріптестік туралы екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Сондай-ақ, «Амити» университетінің негізінде әл-Фараби ат. ҚазҰУ және әл-Фараби ат. ҚазҰУ негізінде «Амити» өкілдіктерін құру туралы келісім жасалды. Сапар барысында, ҚазҰУ Ректоры «Британика» дүниежүзілік энциклопедиясының азиялық бөлімі өкілдерімен кездесті және сараптама кеңесін құру арқылы Қазақстан және оның халқының тарихы мен заманауи дамуы бойынша энциклопедия мазмұнын толықтыруға ҚазҰУ-не эсклюзивтік құқық беруге келісім жасалды.

Аналитикалық топтар арасындағы өзара іс-әрекеттер.ҚСЗИ мен Үнді-ортаазиялық қор Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың болашағы туралы 3 ақпараттық-аналитикалық басылым шығарды.

Президент Н.Назарбаевтің «Сындарлы он жыл» және «Қазақстан жолы» кітаптары хинди тілінде басылып шықты..

Қосылған : 4.12.2013, 11:06, Өзгертілген : 23.10.2017, 16:25