Қазақстан Республикасы мен Филиппин Республикасы арасындағы қатынастар

Филиппин РеспубликасыҚазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1992 жылы 22 қаңтарда таныды.

Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 25 наурызда орнатылды.

2015 жылғы тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Филиппиндегі Елшісінің міндеттерін қоса атқарушы болып Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшісі А.Т.Оразбай орындауда.

2015 жылғы желтоқсан айынан бері Филиппиннің Қазақстан Республикасындағы Елшісінің міндеттерін қоса атқарушы болыпФилиппиннің Ресейдегі Елшісі Карлос Д. Соррета атқаруда.

Саяси ынтымақтастық.

2003 жылғы10 - 12 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.НазарбаевтыңМанилағаалғашқы мемлекеттік сапары өтті (2003 жылғы 11 қарашадағы ҚР және Филиппин Республикасы арасындағы достық және әріптестік туралы Бірлескен Декларация, 2003 жылғы 11 қарашадағы ҚР Үкіметі мен Филиппин Республикасының Үкіметі арасындағыдипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін виза ресімдеуден босату туралы Келісім, 2003 жылғы 11 қарашадағы ҚР Үкіметі мен Филиппин Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім).

2005 жылғы23-25 тамыздаҚРПремьер-министрі Кеңсесі менҚР министрліктердің қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы филиппиндік мемлекеттік-жеке әріптестік үлгісін зерттеу мақсатында Манилаға сапар шекті.

2006 жылғы 27-28 қаңтардаМаниладағы «Діндер арасындағы ғаламдық диалог» халықаралық конференцияға қатысу үшін ҚР сыртқы істер Министрі Р.Жошыбаевтың сапары өтті.

2008 жылғы16 қазандаАстана қаласындағы Сыртқы істер министрлерінің Азиядағы әріптестік диалогының 7-ші кеңесіне қатысу үшін Филиппиндердің арнайы өкілі - Энергетика экс-министрі В.С.Перес сапармен Елордаға барып қайтты.

2008 жылғы12-13 қарашада Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы аясында ҚР Парламенті Сенатының Спикері Қ.Тоқаевтың Филиппин Президенті Г.Арройомен кездесуі өткізілді.

2011 жылғы28-30 маусымдаАстана қаласындағы ИЫҰ СІМ 38-ші кеңесіне қатысу үшін ФилиппинСыртқы істер хатшысының орынбасары Р.Сергиустің сапары ұйымдастырылды.

2012 жылғы2-5 мамырда Азия Даму Банкінің (АДБ) Басқарушылары Кеңесінің жыл сайынғы 45-отырысына қатысу мақсатында ҚР Қаржы Вице-министрі Р.Даленовтың басшылығымен қазақстандық делегация Манилаға сапар шекті.

2014 жылғы1 қазандаМанилада бірінші қазақстандық-филиппиндік саяси консультациялар өткізілді. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусинов, филиппиндік делегацияны- Филиппин сыртқы істер хатшысының (министрі) орынбасары Л.Росарио басқарды.

2014 жылғы2 қазанда ҚР Сыртық істер министрінің орынбасары А.Мусиновтың Филиппин Республикасына ресми сапарының аясында ФилиппинСыртқы істер хатшысының (министрінің) бірінші орынбасары Р.Сегиуспен кездесу өткізілді.

2016 жылғы 5-6 желтоқсанда ҚР Елшісі А.Оразбайдың Манилаға сапары шеңберінде оның Филиппиннің Сыртқы істер министрінің міндеттерін атқарушы А.Абадиламен, Энергетика министрі А.Кусимен, Филиппиннің Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Дж.Барселонмен және оның ТөрағасыБ.Юджуикомен кездесулері өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық:28-30 қараша2007 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік- мәдени даму Комитетінің төрағасы Ж.Досқалиев Манилада «АҚТҚ/ЖҚТБ сұрақтары бойынша» ғаламдық парламентарилердің бірінші кездесуіне қатысты;

24-26 тамыз 2004 ж. «Сайлау жүйесін жетілдіру» ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін Азиялық сайлау органдарының Ассоциациясының атқарушы комитетінің төрағасы Б.Абалостың Қазақстанға сапары.

Партияаралық ынтымақтастық: 27-29 наурыз 2009 ж. Азиялық саяси партияларының Халықаралық конференциясының Тұрақты комитетінің тең төрағасы (АСПХК), Филиппин Конгресі өкілдері палатасының бұрынғы Спикері Хосе де Венецияның басшылығымен филиппин делегациясы«Нұр-Отан» Халық-Демократиялық партиясының төрағалығымен Астана қаласында өткізілген АСПХК Тұрақты комитетінің 10-шы отырысының жұмысына қатысу үшін сапары.

24-26 қыркүйек 2009 ж. Астана қаласындағыАСПХК Бас Ассамблеясының 5-отырысының жұмысына үш саяси партияның өкілдері қатысты: Филиппин көпшілік партиясы(Party of the Filipino Masses), Демократиялы Филиппиндердің күресі(Fight of Democratic Filipinos) және Ұлттық партия(Nationalista Party);

11 ақпан 2011 ж. Азиялық саяси партиялардың халықаралық конфедерациясының төрағасы Хосе де Венеция «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партияның XIII съезінің жұмысына қатысып, ҚР Президенті Н.Назарбаевқа «Көрнекті жетістіктері және адамзатқа қызметі үшін» орденін табыс етті;

2011 жылдың желтоқсанда ҚР ПрезидентіН.Назарбаевтың Жарлығымен ФилиппинӨкілдер палатасының Конгресінің бұрынғы Спикері Х.Венеция екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Көпжақты ынтымақтастық: 4 - 5 шілде2007 ж. Орталық Азия экономикалық ынтымақтастық аясында (CAREC) көлік секторы бойынша Үйлестіру комитетінің 7-ші отырысына және CAREC көлік секторының Стратегиясы бойынша 2-ші кеңестік семинарға қатысу үшін ҚР көлік және байланыс Министрлігі делегациясының Манилаға сапары;

3-4 мамыр 2011 ж. Астана қаласындағы IV экономикалық форумының жұмысына қатысу үшін Азиялық саяси партияның Халықаралық конференциясының Тұрақты комитетінің тең төрағасы (АСПХК), Филиппин Өкілдері палатасы Конгресінің бұрынғы Спикері Хосе де Венецияныңсапары;

24-27 ақпаны 2012 ж. Астана қаласындағы«EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына тапсырысты ілгерілету аясында қазақстандық делегацияның сапары;

27-29 тамыз 2012 ж. Астана, Семей, Курчатов қалаларына «Ядролық сынақтардан тыйым салудан ядролық қарудан еркін әлемге» Халықаралық конференциясының жұмысына қатысу үшінАСПХК тең төрағасы Х.Венецияның және БҰҰ-да Филиппиннің Тұрақты өкілі, ЯҚТК (ядролық қаруды таратпау келісімінің) әрекеттерін қарау бойынша 2010-Конферецияның ПрезидентіЛ.Кабактуланның сапарлары;

12 қыркүйек 2012 ж.АӨСШК Сыртқы істер Министрлерінің4-ші мерейтойлық сессиясына қатысу үшін Филиппиннің Түркиядағы Елшісі М.Алариллдің және Филиппин сыртқы істер Департаментінің (СІД) Еуропалық істер бойынша офисінің директоры К.МангунайдыңАстанаға сапары;

2012 жылғы қарашада Филиппин үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша Астана қаласыныңкандидатурасын ресми түрде қолдады;

21 - 25 мамыр 2013 ж. Астана қаласының V экономикалық форумының жұмысына қатысу үшін ҚР Филиппиндегі Құрметті Консулы Д.Уидің басшылығымен филиппиндік бизнес делегацияның сапары.

2017 жылғы 20-21 наурызда ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А.Сарсембаев Манилаға сапар шегіп, сонда өткен Азия сайлау органдары ассамблеясының отырысына қатысты.

Экономикалық ынтымақтастық:2016 жылы екі жақты тауар айналымының мөлшері9 млн. 903,3 мыңАҚШ долларды құрап, алдынғы жылға қарағанда 5,9 пайызға төмендеді.Бұл ретте тауар айналым көбінесе 9 млн. 888,1 мың АҚШ долларды құраған импорттан қалыптасты (ҚР экспорты тек 15,2 мың АҚШ долларды құрады). 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылғы импорттың көлемі 5,7 пайызға төмен болды.

2016 жылғы 6 мамырда «ҚТЖ» АҚ-тың қолдауымен Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық компанияның бас директоры Лю Бин және оның орынбасары Қ.Нұралы Манила қаласында қытайлық Ляньюньган қаласында орналасқан қазақстандық терминалдың тұсау кесерін филиппиндік іскер топтардың өкілдері алдында өткізді.

Консулдық сұрақтар:2 - 7 қазан2005 ж. және 10-15 қыркүйек 2007 ж. Филиппиндегі ҚР Құрметті консулы Э.Ферейраның басшылығыменбизнес-делегациялардың Қазақстанға сапарлары.

3 қараша 2011 ж. филиппиндік «Udenna»корпорациясының басшысы Д.Уи ҚР Филиппиндегі Құрметті консулылауазымына тағайындалды. 2015 жылғы қаңтарда Д.Уидіңөкілеттігі 2017 жылдың аяғына дейін создырылды.

Қосылған : 17.03.2016, 18:28, Өзгертілген : 17.03.2016, 18:28