Қазақстан Республикасы мен Босния және Герцеговина арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1996 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен Босния және Герцеговина арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2016 ж. қыркүйек айынан бастап М.Муезинович Босния және Герцеговинаның Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2017 ж. мамыр айынан бастап Т.Барлыбаев Қазақстан Республикасының БГ-ғы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (аккредиттелмеген).

Саяси қатынастар

Саяси сахнадағы екі елдің байланыстары өзара түсіністік пен сенім атмосферасында дамуда. Тараптардың маңызды деген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары бір-біріне жақын. БГ өз кезегінде, Қазақстанның ЕҚЫҰ және «ЭКСПО-2017» жобаларына төрағалығын алғашқы қолдаған елдердің қатарында болды.

Жоғары деңгейдегі сапарлар

2010 ж. 1-2 желтоқсанда өткен ЕҚЫҰ Саммиті жұмысына БГ Президиумының төрағасы Н.Радманович қатысты.

Биік деңгейдегі сапарлар

2007 ж. мамыр айында БГ Сыртқы істер министрі С.Алкалайдың Астана қаласына ресми сапары өтіп, оның шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Н.Абываевпен және Премьер-министр Қ.Масимовпен кездесулері өтті.

2008 ж. қазан айында БГ Сыртқы істер министрі С.Алкалай «Ортақ әлем: Саналуандылық арқылы даму» атты Ислам әлемі және Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің конференциясына қатысты.

2010 ж. 15 наурызда БГ Сыртқы істер министрі С.Алкалай Астана қаласына іссапармен келіп, тараптар халықаралық қатынастар және екі жақты байланыстардағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, ҚР ЕҚЫҰ төрағалығы барысындағы өзара әрекеттесу мәселесін көтерді.

2010 ж. 17 наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, ЕҚЫҰ Арнайы өкілі К.Жигалов Балқан аймағына жасаған турнесі барысында Сараевоға сапары өтті.

2010 ж. 16-17 шілдеде БГ Сыртқы істер министрі С.Алкалай Алматы қ. өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми саммитінің жұмысына қатысты.

2015 ж. 5 наурызда ҚР Президентінің Арнайы уәкілі, Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары С.Дьяченконың БГ-не сапары өтті.

2017 ж. 10-11 қыркүйекте БГ Президенттігі Президиумының Төрағасы Б.Изетбегович Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне бақылаушы ретінде қатысып, оның шеңберінде ҚР Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулинмен кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық байланыс

Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында 709,9 мың. долл. құрады (экспорт-189,4мың.долл. импорт-519,6 млн. долл.). Екі ел арасындағы тауар айналымы 2016 ж. 797 мың. долл. (тек импорт),2015 ж. 794,1 млн. АҚШ долл. болды.

Келісім-шарт негізі

2010 жылдан бастап екі елдің Сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. 2012 ж. бері Дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босататын келісім өз күшінде.

Қазіргі таңда, сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы, автокөліктік тасымалдау туралы, әуе қатынастары туралы, туризм саласында бірігіп қызмет ету келісімдері секілді бірқатар маңызды экономикалық келісімдер екі жақтың қарауында.

Сонымен қатар, ҚР мен БГ арасындағы Азаматтық және коммерциялық істерде құқықтық көмек көрсету туралы келісіміне қол қою процесі өтуде.

ҚР Әділет министрлігі мен БГ Әділет министрлігінің арасындағы құқықтық ынтымақтастық саласындағы келісім екі тараппен парафиленген.

Осымен қатар, БГ Әділет министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасымен үш маңызды келісімді дайындау қолға алынды. Олар: Тұлғаларды экстрадициялау; сотталғандарды беру туралы; қылмыстық істерде өзара құқықтық көмек көрсету туралы.

Қосылған : 8.09.2014, 12:06, Өзгертілген : 17.05.2018, 15:35