Қазақстан Республикасы мен Беларусь арасындағы қатынастар

1992 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі ашылды.

1997 жылдың 13 шілдесінде Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2012 жылдың ақпан айынан бастап Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап Анатолий Иванович Ничкасов Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Олардың Еуразиялық Экономикалық Одақтың қызметіне қатысуы, екі елдің қарым-қатынасына саяси рең берген маңызды фактор болып саналады.

Қазақстан-Белорусь ынтымақтастығының келісімді-құқықтық базасы әртүрлі сала бойынша, сондай-ақ достық және ынтымақтастық туралы Шарт және 2009-2016 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы Шарт пен басқа да 70 аса шарт және келісімдерден тұрады.

2012 жылдың 12-14 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары орын алды.

2013 жылдың 3-4 қазанында Қазақстанға ресми сапармен Беларусия Президенті А.Г. Лукашенко келді.

2015 жылғы 19 наурызда Беларусь Республикасының Президенті А.Г. Лукашенко Қазақстан Республикасына жұмыс бабымен келді.

2016 жылдың 30 мамыры күні Астана қаласында Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев пен Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенконың кездесуі болып өтті, оның барысында екі елдің президенттері сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту сұрақтарын талқылады. Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық күнтәртіптің өзекті аспектілері бойынша пікір алмасты.

Үкіметаралық деңгейде Беларусь Республикасының Премьер-Министрі М.Мясниковичтің Қазақстан Республикасына (2012ж. 8-11 қараша) және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметовтың Беларусь Республикасына (2013ж. 25-26 сәуір) ресми іс-сапарлары болып өтті.

2015 жылғы 28 мамырда ТМД үкімет басшылары Кеңесі отырысының барысында (Бурабай п.) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Беларусь Республикасының Премьер-Министрі А.Кобяковпен кездесті.

1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша Үкіметаралық қазақстандық-беларусиялық комиссия екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бөлігі болып табылады. ҮАК 12-ші отырысы 2016 жылдың 21-22 шілдесі күндері Гомель қаласында болып өтті.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 477,9 млн. АҚШ долл., 2016 ж. қаңтар-қазан аралығында – 294,8 млн. АҚШ долларды құрады.

Мәдени-гуманитарлық және ғылым-техника салаларындағы өзара қарым-қатынас тұрақты даму үстінде. Ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. салаларда тәжірибе және мамандармен алмасу өткізіледі. Қазақстандық медицина мамандары Беларусияның жетекші медициналық мекемелерінде тұрақты негізде біліктілікті арттырудан өтіп, бірлескен оталар жүргізеді. ҚР және БР ғалымдары екі тарапта да өткізілетін іс-шараларға қатысады.

2016/28/12

Қосылған : 4.12.2013, 13:44, Өзгертілген : 29.01.2017, 22:36