Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 18 қаңтарда Аустрия Республикасы Қазақстан Республикасының егемендігін мойындады.

1992 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастарорнатылды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2007 жылғы қыркүйекте Астанада Аустрия Республикасының Елшігілі ашылды.

2016 жылғы 10 қазаннан бастап Аустрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.Сайллер болып табылады.

2014 жылғы 4 ақпаннан бастап ҚР-дың Аустриядағы Төтеншежәне Өкілетті Елшісі және Венада халықаралық ұйымдаржанындағы ҚР Тұрақты өкіліҚ.Сарыбай болып табылады.

2003 жылдан бастап Грац қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы Г.Небель болып табылады.

2014 жылдан бастап Зальцбург қаласындағы ҚазақстанныңҚұрметті консулы К.Праммер болып табылады.

2015 жылдан бастап Клагенфурт қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы П.Зандриссер болып табылады.

2016 жылдан бастап Брегенц қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы Х.Ульмер болып табылады.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Аустрия қазіргі әлемдегі өзекті мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарға ие. Аустрия Қазақстанға Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі ретінде қарайды. Қазақстан 2017 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға лауазымына Аустрияның кандидатурасын қолдау көрсетсе, Аустрия 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға лауазымына, 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесініңтұрақты емес мүшесіне және ДСҰ-ға кіруге Қазақстанның кандидатурасын қолдады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Аустрияда 1993, 2000, 2004, 2012 жылдары ресми сапармен болды.Қазақстанда Федералдық канцлер Ф.Враницкий (1991, 1993 жылдары) және Аустрияның Федералдық Президенті Х.Фишер 2010ж. желтоқсанда сапармен болды.

Көпжақты ынтымақтастық алаңдарында Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президенттері Т.Клестилмен және Х.Фишермен, яғни ОШЕ елдеріне арналған Зальцбург экономикалық саммитінің (1999 ж) және БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясының аясында(2011 ж)кездесті.

Парламентаралық қатынастар

Аустрия Парламентінде Орталық Азия мемлекеттеріндегі әріптестермен ынтымақтастық жөніндегі топ қызмет жасайды. ҚР Парламент Сенатында Аустрияның Федералдық жиналысымен ынтымақтастық жөніндегі топ қызмет жасайды.

2011 ж. 23-26 ақпанда ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев бастаған парламенттік делегация Венадағы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты. Сапар барысында, Қ.Тоқаев Аустрияның Федералды ЖиналысыҰлттық кеңесінің төрағасы Б.Праммермен кездесіп, аустриялық саяси және іскерлік топтары өкілдерінің алдында сөз сөйледі.

2012-2013 жж. ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ. Мәми Аустрияда ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысуы және Өркениеттер Альянсының Форумы шеңберінде сапармен болды. Соңғы сапардың барысында Қ. Мәми Федералды Президенті Х.Фишермен кездесу өткізді.

2015 жылғы мамырда аустриялық тараптан VIII Астана экономикалық форумына қатысу мақсатында Аустрия Республикасының Ұлттық кеңесінің екінші президенті К.Копфтың Қазақстанға алғаш сапары болып, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің Төрағалары Қ.Тоқаевпен және Қ.Жақыповпен кездесу өткізді.

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы

Ұлттық секцияның комиссары болып Аустрияның Экономика палатасының вице-президенті Рихард Шенц тағайындалды. ЭКСПО-2017 көрмесі барысындағы Аустрияның Ұлттық күні 2017 ж. 14 маусымға бекітілген.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Аустрия Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің қатарына кіреді. Өз кезегінде, Қазақстан (Ресейден кейін) ТМД арасындағы Аустрияның екінші сауда әріптесі болып табылады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 611,6 млн. АҚШ доллар құрады. Қазақстаннан баратын экспорттың негізгі баптары мұнай, металдар (темір, болат және т.б.), балық және өсімдік майлы дақылдар болып табылады. Аустриядан келген импорттың негізгі баптары –дәрі-дәрмек, машиналар мен жабдықтар, химиялық заттар, азық-түлік өнімдері.

Қазақстан мен Аустрияның арасында Сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Аустрия үкіметаралық комиссиясы (ҚР СІМ Орынбасары Р.Василенко және Аустрияның Ғылым, зерттеулер мен экономика вице-министрі Б.Гирлингер ханым тең төрағалары болып табылады) және Іскерлік кеңес (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанмашина жасаушылар одағының» төрағасы М.Пішембаев және Аустрия Экономика палатасының вице-президенті Р.Шенц тең төрағалары болып табылады) қызмет атқаруда.

2016 жығы 19 қазанда Венада ҮАК 7-ші отырысы өтті, оның қарсаңында Линц қаласында ағымдағы жылдың 17-18 қазанда Іскерлік кеңестің 4-ші отырысы болып өтті. ҮАК қорытындылары бойынша 41 басым жобалардың тізімін қамтитынэкономикалық ынтымақтастықтыңжаңартылған «Жол картасы (Roadmap)» қабылданды. Осы жобалардың ішінде OMV, Kapsch, Strabag, ANDRITZ, Voith Hydro, Bertsch, Frauscher, Frequentis AG, AVL List, HOT Engineering, Doppelmayr, Christof Group және басқалар сияқты белгілі компаниялар бар.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық шеңберінде тараптар тұрақты түрде мәдени және имидждік іс-шаралар, әр түсрлі көрмелер, симпозиумдар, презентациялар, семинарлар мен конференциялар, концерттер өткізеді.

Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына орай Аустрия аумағында қаза тапқан қазақстандықтардың естеліктері туралы кітабының басылымы және «Маутхаузен»концлагерінің аумағындамемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі әзірленді.

2015 жылдың басынан бастап Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі "Қазақстанның інжулері" жобасын іске асырып келеді. Бұл жоба осы жылдың ішінде Аустрияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Венада өтетін үлкен гала-концертімен желтоқсанда аяқталатын қазақстандық музыканттардың төрт концертін өткізуді қарастырады. Бұл жоба 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы аясында жалғасатын болады.

Қосылған : 9.09.2014, 11:55, Өзгертілген : 29.01.2017, 23:31