Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы және Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды.

1992 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасында Армения Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.

2007 жылғы 1 наурыздан бастап Армения Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.

2013 жылғы 22 қазаннан бастап Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Саакян болып табылады.

Екіжақты қатынастар Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт (1993 жылғы 19 қаңтар) және Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шартқа (1999 ж. 1-2 қыркүйек) сәйкес дамып келеді.

2010 жылғы 20-21 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Арменияға іссапармен келді.

2011 жылғы 12 тамызда Армения Республикасының Президенті С.Саргсян Бурабайда өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысты.

2015 жылғы Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 4,6 млн. долл. құрап (экспорт – 716,4 мың долл., импорт – 3,9 млн. долл.).

2016 жылғы қаңтар-қазан айларында тауар айналымы 2,6 млн. долл. (экспорт – 200,8 мың долл., импорт – 2,4 млн. долл.).

Экономика саласындағы екі жақты қатынастардың дамуына экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения Үкіметаралық комиссиясының жұмысы мүмкіндік туғызуда. 2016 жылғы 5-6 қазанда Астанада ҮАК 5-ші отырысы болып өтті.

Қазақстан және Армения арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Мәдениет саласында ынтымақтастық туралы келісіммен (2006 жылғы қараша, Астана қ.) бекітілген.

Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуының 20-жылдығын атап өту шеңберінде 2012 жылғы 27-31 тамыз кезеңінде Ереванда «Қазақфильм» делегациясының қатысуымен Арменияда Қазақстан киносы күндері өтті. Армян көрерменіне қазақстандық режиссерлердің 5 үздік фильмі ұсынылды.

2014 жылғы 7-9 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Армения Республикасына сапары болды. Сапар қорытындылары бойынша 2015-2017 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасына қол қойылған.

2016/28/12

Қосылған : 14.10.2014, 13:44, Өзгертілген : 29.01.2017, 22:34