Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1993 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2010 жылғы 22 маусымда Албанияның РесейдегіЕлшісі С.Джока ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевқа сенім грамоталарын тапсырып, Албания Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды (қоса атқару).

Саяси қатынастар –екіжақты сапарлар динамикасы.

Албания Қазақстанның Балқан өңіріндегі перспективалық саяси серіктестерінің бірі болып табылады. Екі мемлекет арасында саяси немесе өзге де сипаттағы қандай да бір келіспеушіліктер жоқ.

2010 ж. 15 наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары К.ЖигаловтыңЕҚЫҰ-дағықазіргі төрағасының Арнайы уәкілі ретінде Албанияға сапарыөтті.

2010 ж. 16-17 қыркүйектеАлматыда өткен ЕҚЫҰ СІМК бейресми кездесуі аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев АРВице-премьері – Сыртқы істер министрі И.Метамен кездесті.

2011 ж. 28-30 маусымда38-ші ИЫҰ СІМК отырысына Албания Республикасының Сыртқы істер вице-министрі С. Белортаджа қатысты.

2014 ж. 21-23 мамырдаАлбанияныңВице-премьер-министрі Н.Пелеши VII Астана Экономикалық Форумыныңжұмысына қатысты.

2014 ж. 23-25 сәуірдеАлбанияныңПремьер-Министрі Э.РамаҚазақстанға алғашқы ресми сапармен келіп, ҚР Президенті Н.Назарбаев тарапынан қабылданды және ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстардыодан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

2014 ж. 24-25 маусымдаҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қапаровтың Албанияғасапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан мен Албания арасындағы сауда айналымы 2016 жылғы қаңтар-қазанда 1,62 млн. АҚШ долл. құрады (1,22 млн. АҚШ долл. – Қазақстанның Албанияға экспорты, 0,4 млн. АҚШ долл. – импорт).

Қосылған : 8.09.2014, 12:01, Өзгертілген : 27.01.2017, 17:18