Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қатынастар

Саяси ынтымақтастық:

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 1 қазанда орнады. ҚР-ның БАӘ-дегі Елшілігі 2006 жылдың қыркүйек айында ашылды. Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығы 1997 жылдан бері жұмыс істейді. 2019 жылдан бастап ҚР-ның БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі – Меңілбеков Мадияр Смәділұлы.

БАӘ-нің Астанадағы Елшілігі 2005 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап БАӘ-нің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Джабер болып табылады.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы қатынастар өзара түсіністік және сенім атмосферасында дамып келеді. Бұл жоғары және басқа да деңгейлердегі байланыстардың оң даму серпінімен нығайтылуда. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БАӘ-не ресми және жұмыс сапарлары (1998, 2000, 2004, 2005, 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2016 және 2017 жж.), сондай-ақ БАӘ-нің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның ҚР-на 2008 жылғы ресми жауап сапары мен 2004, 2006, 2009, 2010, 2011, және 2013 жылдардағы жеке сапарлары нәтижесінде екіжақты қатынастардың берік негізі қаланды.

2009 жылғы 16-17 наурыздағы Әмірліктерге ресми сапары барысында БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқаекіжақты қарым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлесі үшін Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғары мемлекеттік марапаты – Заид орденін тапсырды. Өз кезегінде, Мемлекет БасшысыБАӘ ПрезидентінҚазақстан Республикасының жоғары марапаты «Алтын Қыран» орденіменмарапаттады.

Сонымен қатар, аталған сапар барысында саяси консультациялардың бірінші кезеңі өтіп, нәтижесі бойынша ҚР және БАӘ Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар жөніндегі меморандумға қол қойылды. 2010 жылғы 12 мамырда Астана қаласында және 2011 жылғы 28 қарашада Әбу Дабиде саяси консультациялардың екінші және үшінші кезеңдері өтті. Отырыстар барысында тараптар негізгі ғаламдық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдарының сәйкес келуін атап айтты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 28-30 қазан кезеңіндегі БАӘ-ге жұмыс сапары Қазақстан-Әмірліктер қатынастары дамуының жаңа серпілісті кезеңіне айналды. Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет Басшысы Дубай қаласында Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының 10-шы отырысының жұмысына қатысып, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевты «Global Islamic Finance Awards (GIFA)» ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапаттау рәсімі болды. Марапаттау рәсіміне БАӘ-нің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум қатысты.

2014 жылғы 30 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Әбу Даби Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық басымдығы бар мәселелері қарастырылды.

2017 жылдың басы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БАӘ-ге үшінші ресми сапарымен белгіленді. 2017 жылғы 15-16 қаңтарда ҚР Президенті протоколдық іс-шаралармен қатар, БАӘ жоғары мемлекеттік тұлғалары мен шетел мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен өткен X-шы «Болашақ энергиясы» Әлемдік Саммитінің ашылу және «Zayed Future Energy Prize» Халықаралық сыйлығымен марапаттау салтанаттарына қатысып, Әбу Дабидің Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен ресми кездесуі өтті. Сондай-ақ, сапар барысында Мемлекет Басшысының «Forbes Global 2000» тізіміне кіретін БАӘ бизнес элитасының өкілдерімен кездесуі өтті. Бұдан басқа, сапар шеңберінде Президент Н.Ә.Назарбаев Abu Dhabi Global Market еркін қаржы аймағына барды.

Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарда Алматыда өткен Қыстық Универсиада-2017 ресми ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян қатысты. Бұдан басқа, 2017 жылғы 7 ақпанда Әбу Дабиде шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті Қанат Алпысбаев бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында өзара қызығушылық білдіретін бірқатар инфрақұрылымдық жобалар талқыланды.

2014 жылғы 28-29 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов бастаған қазақстандық делегация БАӘ-де жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында Әбу Даби Әмірлігінің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян және БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, Әмірліктердегі «Emirates Future», «Aldar Properties» компанияларының және «әл-Хилял» банкінің Басқарма төрағасымен екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздерде ауыл шаруашылығы, банк пен қаржы саласындағы ортақ инвестициялық жобалар және «Әбу Даби Плаза» кешенінің құрылысына қатысты мәселелер талқыланды.

Екі ел арасындығы екі жақты достық қарым-қатынастың одан әрі күшеюіне 2014 жылғы 28-29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары себеп болды.

Сапар барысында Үкімет басшысымен бірге Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусинов, «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев, Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Бекетаев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Д.Ердебай, «SAT&Company» Холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы К.Рақышев, «Ордабасы» Корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Д.Ыдырысов, ҚР Қорғаныс министрлігінің "Қазспецэкспорт" РМК Бас директоры А.Құрманғалиев болды.

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Әбу Дабидің Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян және БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесулері өтті.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар инвестициялық компаниялардың басшыларымен кездесті. Атап айтқанда, «Aldar Properties» Басқарма төрағасы Абубакр Седдик әл-Хуриді қабылдады. Оның барысында Абубакр Седдик әл-Хури Астанадағы «Абу-Даби Плаза»көп функциялы кешенінің құрылысы туралы хабардар етті.

«Әл-Хилял» банкінің Басқарма төрағасыАхмед Аттик әл-Мазруимен болған кездесуде ислам қаржыландыруы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі нақты тәжірибелік және «Falah Growth Fund» бірлескен тікелей инвестициялар қорының Қазақстандағы қызметін кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар «Falah Growth Fund» қоры «Бәйтерек»ҰБХ» АҚ-мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қоятынына келісті. Бұдан басқа, «Falah Growth Fund» қорына Мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде бірқатар ҚР энергетикалық активтерін, соның ішінде «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алау Жарық Компаниясы» АҚ және «Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-ын жекешелендіру мәселелерінде жәрдемдесу жөніндегі ұсыныс қарастырылды.

ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтың БАӘ-ге келесі жұмыс сапары 2015 жылғы 9-11 мамырда болды. Қазақстандық делегация құрамына ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Қ.Келімбетов, Ұлттық экономика министрі Е.Досаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А.Мусинов, Жоғарғы сот судьясы У.Сүлейменова және Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотыныңАзаматтық және әкімшілік істер жөніндегі алқасының төрағасы М.Т.Балкен кірді.

Сапар шеңберінде Әбу Дабидің Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесуі өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық жағдайдың өзекті мәселелері талқыланды.

БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұрбен Заид Әл Нахаянмен кездесу барысындатараптар инфрақұрылымдық жобаларына инвестициялар тарту мәселелерінталқылап, екі ел арасындағы өзара әрекеттестіктің күшеюін атап өтті. Сапар шеңберінде ҚР Премьер-министрі әмірліктің «Мубадала» компаниясының Бас атқарушы директоры Халдун әл-Мубаракпен кездесіп, «әл-Хилал» Ислам банкінің кеңсесіне барып оның жұмысымен жан-жақты танысты.

2015 жылғы 11 мамырда ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов Дубай Азаматтық авиациясы агенттігінің төрағасы, «Emirates» әуекомпаниясының президенті, «ЭКСПО-2020» Халықаралық көрмесін ұйымдастыру жөніндегі жоғарғы комитеттің төрағасы шейх Ахмад бен Саид Әл Мактуммен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және көлік-логистикалық, сонымен қатар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әмірліктер Қазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамаларын белсенді қолдайды, соның ішінде «Аstana EXPO-2017» халықаралық көрмені өткізу, Астана қаласында штаб-пәтері орналасатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру, Қазақстан аймағында МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкін құру, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру және Әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының Съезін қоса алғанда. Сонымен қатар, Әмірліктер Қазақстанның кандидатурасын БҰҰ ҚК-не 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелері құрамына дауыс берудің екінші кезеңінде қолдаған.

Әмірліктер Астана экономикалық форумының белсенді қатысушысы болып табылады. 2016 жылғы 25-26 мамырда IX АЭФ жұмысына БАӘ бизнес-делегациясы қатысты. Оның құрамына «DP World» Директорлар Кеңесінің Төрағасы Сұлтан Ахмед бен Сулейм, Дубай халықаралық қаржы орталығының Бас атқарушы директоры Ариф Мұхаммед Хади Амири, БАӘ Экономика министрлігінің жауапты хатшысының орынбасары Хамид бен Бутти әл-Мухейри, Дубай СӨП халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Хасан әл-Хашими, «Al Nasser Holdings» Директорлар кеңесінің төрағасы Абдулла Нассер әл-Мансури және «Al Nowais Holding» компаниясының бизнес жобаларын дамыту жөніндегі Директоры Хуссейн әл-Матар және т.б. кірді.

2016 жылғы 29 мамыр - 1 маусым аралығында БАӘ Федералдық ұлттық мәжілісінің Төрайымы Амаль әл-Кубейсидің «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференцияға қатысу шеңберінде Орта Азия өңіріне алғашқы сапары болған. Сапар барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықовамен, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевпен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Б.Ізмұхамедовпен екі жақты кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, сапар барысында Амаль әл-Кубейси Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінде дәріс оқып, оның аяғында оған Университеттің Құрметті профессоры деген атақ беріліп тиісті диплом тапсырылды.

2016 жылғы 29-30 мамыр аралығында БАӘ Ғарыш агенттігінің Төрағасы Халиф Мұхаммед Тани ар-Румейси бастаған делегацияның ҚР-ға сапары болды. Оның қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Аэроғарыштық комитеті мен БАӘ Ғарыш агенттігінің арасында Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

2016 жылғы 31 мамыр – 2 маусым кезеңінде БАӘ Қарулы Күштері Бас штабы Басшысы Хамад Мұхаммед Тани әл-Румейсидің Қазақстанға «KADEX-2016» Қару-жарақ және әскери техниканың 4-ші халықаралық көрмесіне қатысу мақсатымен жасаған алғашқы сапары қорғаныс және әскери-техникалық салалардағы екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін берді. Аталған сапар шеңберінде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен, ҚР Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетовпен және ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Бас штабының Басшысы С.Жасұзақовпен кездесулер өтті.

Біздің елдеріміз көпжақты алаңдарда тиімді өзара әрекеттеседі, соның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК бағыттары бойынша өзекті халықаралық проблемаларды реттеу жөнінде өздерінің әрекеттерін үйлестіреді. 2008 жылдың тамызында БАӘ АӨСШК-тің толық құқықты мүшесі болды. Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаян АӨСШК-тің үшінші Саммитіне қатысты (2010 ж.8 маусымда, Ыстамбұл қ.). 2014 жылғы 20-21 мамырда Шанхайда өткен АӨСШК-тің төртінші Саммитіне Мемлекеттік министр Рим Ибрахим әл-Хашими қатысқан болатын. 2013 жылғы 16-18 қарашада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов БАӘ-де өткен «Сир Бени Яс» халықаралық форумына қатысты.

Шарт-құқықтық база:

Қазіргі уақытта екі ел арасында 80 мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерден тұратын көлемді шарт-құқықтық негіз құрылды. 2017 жылғы 22 мамырда БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянның жоспарланған ресми сапары барысында бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер қол қойылуға дайындалуда.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық:

БАӘ Қазақстан Республикасының тауар айналымында 205 мемлекеттің ішінде 52 орында, соның ішінде: 42 Азия елдерінің арасында – 16 орында, Шығанақ араб елдерінің арасында – 1 орында. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2015 жылы Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 109 млн. 553 мың АҚШ долл. құрады (экспорт – 42 млн. 475 мың, импорт – 67 млн. 79 мың). 2016 жылдың қаңтар-тамыз кезеңінде аталған көрсеткіш 194 млн. 60 мың АҚШ долл. құрады (экспорт – 146 млн. 222 мың, импорт – 47 млн. 839 мың).

Сауда-экономикалық саласындағы Қазақстан-Әмірліктер қатынастарын дамытудағы негізгі қадам болып Үкіметаралық комиссияның отырыстары табылады. Бүгінгі күні ҮАК-тің алты отырысы өткен болатын. Оның соңғысы 2017 жылғы 12-16 қаңтарында Мемлекет басшысының Әмірліктерге ресми сапары барысында өтті.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жыл мен 2016 жылдың 1-ші тоқсаны аралығында ҚР-ға БАӘ-ден тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2 011,8 млрд. АҚШ долл. құрады.

Әбу Дабидің мемлекеттік инвестициялық-девелоперлық «Mubadala» компаниясымен, Атом энергетикасы жөніндегі ұлттық корпорациясымен, Дубай халықаралық қаржы орталығымен байланыстар белсенді дамуда. Ең ірі екіжақты инвестициялық жоба болып Астана қаласында көп функционалды «Әбу Даби Плаза» кешенінің құрылысы қалуда. Жобаның жалпы құны – 1,6 млрд. АҚШ долл. құрайды.

2016 жылғы 2-4 қыркүйекте құрамына Астана қаласының Әкімі Ә.Исекешев, Маңғыстау облысының Әкімі А.Айдарбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті А.Мамин, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның операциялық қызметін үйлестіру жөніндегі вице-президенті Қ.Алпысбаев және корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Э.Имашев кірген қазақстандық делегацияның Әмірліктерге сапары болды.

Қазақстандық делегацияның сапары барысында «Джабель Әли Портының» қызметі туралы презентация жасалды. Қазақстандық делегацияны «DP World» Директорлар Кеңесінің Төрағасы Сұлтан Ахмед бен Сулейм қабылдап, компанияның Каспий теңізіндегі Ақтау портын басқару жөніндегі жұмысын жалғастыруға ынтасын қайта растады.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті А.Мәмин Сұлтан бен Сулеймге өзара әрекеттестік жолдарын талқылауға мүмкіндігі үшір алғысын білдіріп, «DP World» басшысын Ақтау портына басқару үдерісімен танысуға шақырды.

Өз кезегінде Астана қаласының Әкімі Ә.Исекешев Дубай қаласы муниципалитетінің басшысы Н.Лутамен және қала дамуына инновациялық тәсілдерді ендірумен айналысатын түрлі департаменттердің өкілдерімен кездесті. «Smart City» жүйесін және метро жүйесін, автобус бағыттары мен такси қызметін қамтитын Дубай қаласының автокөліктік желісінің дамуына ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, Ә.Искешевтың Дубай халықаралық қаржы орталығы мен «Дубай ЭКСПО-2020» Бюросының басшылығымен кездесулері өтті. Оның барысында ірі халықаралық іс-шаралар өткізуде тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының ҚР шетелдік мекемелерінің қызметінде сыртқы экономикалық құрамдас бөлікті күшейту қажеттілігі туралы екпініне сәйкес, 2016 жылғы 16-18 ақпанда Әбу Даби, Дубай және Шарджа сауда-өнеркәсіп палаталарымен, сондай-ақ халықаралық инвестициялық форумның (AIM) Ұйымдастыру комитетімен бірлесіп бірқатар ірі бизнес форумдар және қазақстандық лауазымды тұлғалар мен бизнесмендердің БАӘ әлеуетті инвесторларымен жеке екіжақты кездесулері ұйымдастырылды.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты болып Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ бірлескен ынтымақтастық көкжиектерін кеңейту жолдарын табу табылды. Соның ішінде Қазақстанның ЕАЭО мен ДСҰ-ға кіруі және Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша жаңа темір жол магистралін іске қосу мән мәтінінде.

Іс-шараларда ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Р.Ошақбаев, ҚР Ауыр шаруашылы Вице-министрі Е.Көшербаев, Астана қаласы Әкімінің орынбасары Н.Әлиев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қ.Келімбетов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Вице-президенті Қ.Алпысбаев, бірқатар облыстардың ӘКК басшылары және ҚР шағын және орта бизнестің 70 жуық өкілдері қатысты.

30 қазан – 1 қарашада Дубайда «Kaznex Invest» сауда миссиясы ұйымдастырылды. 30 адамнан астам құралған ҚР делегациясының құрамына Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Карплюк, «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарушы директоры А.Арынов, «Astana» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма төрағасы А.Қожаназаров, сондай-ақ экспортқа бағытталған ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің өкілдері кірді.

Сауда миссияның басты іс-шарасы болып 2016 жылғы 1 қарашада Дубай Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстан-Әмірліктер бизнес форумы табылды. Оның басты мақсаты болып отандық кәсіпорындардың экспорттық өнімдерін БАӘ нарығына жылжыту табылды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БАӘ-ге 2017 жылғы 15-17 қаңтарда ресми сапарына дайындық шеңберінде Әмірліктер тарапымен әрекеттерді үйлестіру мақсатында 2016 жылғы 21-23 қарашада ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған делегацияның Әмірліктерге сапары болды.

Жұмыс сапары барысында БАӘ Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министрі доктор Ануар Гаргашпен, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік министр, «ЕХРО-2020 Dubai» Бюросының Бас директоры Рим Ибрагим әл-Хашемимен, БАӘ алдыңғы қатарлы даму институттары мен қаржы мекемелерінің басшыларымен, соның ішінде Әбу Даби инвестициялық қорымен (ADIA), Әбу Даби даму қорымен (ADFD) және Дубай инвестициялық корпорациясымен (ICD) екіжақты кездесулер өтті. Одан басқа Әбу Даби, Ажман мен Рас әл-Хейманың Сауда-өнеркәсіптік палаталарымен, БАӘ мемлекеттік сыңайлы секторының субъектілерімен, сондай-ақ бірқатар БАӘ еркін экономикалық және индустриалдық аймақтарымен, соның ішінде аймақтағы ең ірі «Джебель Әли» аймағымен келіссөздер өткізілді.

2016 жылы Қазақстаннан Әмірліктерге алғаш рет 15 мыңнан астам тірі қойлар экспортталды. Қойлар Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан жөнелтілді.

Қосылған : 19.11.2014, 11:28, Өзгертілген : 26.02.2019, 18:05