Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы қарым-қатынастар

Қазақстан Респуликасы мен Жаңа Зеландия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 12 мамырда орнатылған.

ҚР Президентінің Жарлығымен 2017 ж. 21 ақпанда Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы қоса атқарушы Елшісі болып тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық:

1994 ж. Жаңа Зеландияның Премьер-министрінің Арнайы өкілі Хью Тэмплтонның Алматыға сапары өтті. Аталған сапар шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевпен кездесу ұйымдастырылды.

1995 ж. Қазақстан Жаңа Зеландияның ЮНЕСКО-ның атқарушы комитетіне кандидатурасын қолдады.

2006 ж. Жаңа Зеландияның мемлекеттік басқару және жемқорлықпен күресі тәжірибесін зерттеу мақсатында, Жаңа Зеландияға еліміздің Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Төрағасы З.Тұрысбековтың сапары өтті.

Екі мемлекеттің жаһандық мәселелер бойынша, соның ішінде, ядролық қарусыздану, халықаралық терроризм, траффик, заңсыз түрде қару жарақ сату, климаттың өзгеруі және т.б. мәселелері бойынша ұстанымдары ортақтас.

2014 ж. 2-5 мамыр аралығында Азиялық даму банкінің Басқарушылар Кеңесіне қатысу мақсатында, Жаңа Зеландияның Мемлекеттік кірістер министрі Т.Макклейдің және Сыртқы істер және сауда министрлігінің өкілі К.Вандерспиннің Астанаға сапары өтті.

2014 ж. Жаңа Зеландия Қазақстанның «Азия – Еуропа» Форумына кіру бойынша кандидатурасын қолдады.

2014 ж. 1 шілдеде Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Дж. Матепараидің өкімімен, резиденциясы Алматыда орналасқан Жаңа Зеландияның Құрметті консулы лауазымына Нұрлан Смағұлов тағайындалды.

2015 ж. 23 сәуірде ҚР Президентінің Арнайы өкілі - ҚР Парламент Сенатының депутаты С.Громовтың Веллингтонға сапары өтті. Оның барысында қазақстандық депутат Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Г.Бохеманмен және Еуропа департаментінің директоры Ян Хиллмен (ҚР-мен қарым-қатынастарына жауапты) кездесулерді өткізді.

2016 ж. Жаңа Зеландияның Ресейдегі және Қазақстанда қоса атқарушы Елшісі болып Ян Хилл тағайындалды.

2016 ж. 4 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы лауазымына П.Реддидің тағайындалуына байланысты құттықтау хат жолданды.

2016 ж. Нью-Йорк қ. өткен БҰҰ 71-ші Бас Ассамблеясы шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрі М.Маккалимен кездесу өткізді.

2016 ж. 28 қарашада Жаңа Зеландияның Қазақстандағы қоса атқарушы Елшісі Я.Хилл ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықоваға сенім грамоталарын тапсырды.

2017 ж. 1 қаңтардан бастап, Жаңа Зеландия азаматтары Қазақстанға бару үшін 30 күн мерзімге дейін виза талаптарынан босатылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық:

ҚР статистикалық деректергі сәйкес, 2016 ж. Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасындағы сауда-айналымы 5,3 АҚШ. млн. долл. құрады (ҚР экспорты 42,1 мың, импорт 5,3 млн.). 2015 ж. сауда-айналым көлемі 1,1 АҚШ. млн. долл. көлемінде болды (ҚР экспорты - 6,3 мың, импорт 1,1 млн.).

Қосылған : 4.12.2013, 10:58, Өзгертілген : 22.06.2016, 14:50