Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 22 қаңтарында орнатылды.

1997 жылдың мамыр айында Ұлан-Батырда Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы ашылды.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 2 желтоқсандағы Жарғысымен (2007 ж. 1 қаңтарда күшіне енді) ҚР-дың Моңғолиядағы Дипломатиялық миссиясы ҚР-дың Моңғолиядағы Елшілігі болып өзгертілді.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі Жарғысына сәйкес Қобландин Қалыбек Ибраимұлы ҚР-ның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Моңғолияның Елшілігі Қазақстанда 1992 жылдың қыркүйекте ашылды.

2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы Моңғолияның Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Сухээ ҚР Президенті Н.Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды.

Ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасы

1991 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан және Моңғолия арасында 45-тен аса екіжақты келісімдер мен шарттарға қол қойылды.

Негізгі келісімдер:

-Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастар орнату туралы Хаттама (Алматы, 22.01.92 ж.);

-Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы Қазақстан-моңғол сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясын құру мен оның міндеттері туралы келісім (Алматы, 25.03.93 ж.);

-Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шарт (Ұлан-Батыр, 22.10.93ж.);

-Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметінің арасындағы Инвестициялардыкөтермелеу және өзара қорғау туралы келісім (Алматы, 02.12.94 ж.);

-Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен декларациясы (Алматы, 12.03.98 ж.).

Саяси ынтымақтастық

Жоғарғы деңгейдегі байланыстар

1993 жылғы қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Моңғолияға ресми сапармен келді.

1998 жылы Моңғолия Президенті Н.Багабандидтің Қазақстанға, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға сапарлары өтті.

2007 жылғы 14-15 тамызда Моңғолия Президенті Н.Энхбаярдың Қазақстанға алғаш сапары және 2008 жылғы 6-7 тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары өтті.

Жоғары деңгейдегі байланыстар

Саяси диалогтың дамуына төмендегі ресми сапарлар септігін тигізді:

Қазақстан тарапынан - Премьер-Министрдің (1992 ж. қазан), вице-Премьер-Министрдің (1997 ж. шілде), Мемлекеттік хатшының (2005 ж. маусым), Сыртқы істер министрінің (2006 ж. қараша) сапарлары;

Моңғол тарапынан - Премьер-министрдің (1994 ж. желтоқсан), Президент Әкімшілігінің басшысы (2000 ж. қараша), АӨСШК саммитіне (2006 ж. маусым) және ЭСКАТО жұмысына қатысу үшін вице-премьердің сапарлары.

2015 жылғы 26 мамырда ҚР Премеьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың басшылығымен қазақстандық делегация Моңғолияға сапармен барды. Сапар барысында Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдоржбен, Премьер-Министрі Ч.Сайханбилэгпен және Вице-Премьер-Министрі У.Хурэлсухпен кездесті.

2015 жылғы 29 тамызда Моңғолияның Бас прокуроры М.Энх-Амгалан Астана өткен ШЫҰ мүше мемлекеттері бас прокурорларының жиналысына қатысты.

2015 жылғы 26 мамырда Қазақстан мен Моңғолияның сыртқы саясат ведомтсволары арасында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Жошыбаевтың қатысуымен саяси консультациялар өтті. Қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2015-2016 жж. арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

2016 жылғы 15-16 шілде аралығында Ұлан-Батыр қаласында өткен «Азия-Еуропа» Форумының (АСЕМ) 11-Саммиті аясында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Моңғолияға жұмыс сапары болды.

2016 жылғы 14 шілдеде ҚР Үкімет басшысы Баян-Өлгей аймағына сапармен барып жергілікті қазақ қандастармен кездесті (90 мыңнан астам адам). Бұл орайда 2016 ж. 10 шілдеде аталған аймақта орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге 200 мың АҚШ. долл. көлемінде гуманитарлық қаржылай көмек көрсетілді.

Сонымен қатар өткен Саммит аясында К.Мәсімов Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдоржбен және Премьер-Министрі Ж.Эрдэнэбатпен кездесті.

2016 жылғы 23 қарашада Ұлан-Батыр қаласында өткен консулдық мәселелер бойынша 8-отырыстың нәтижесі ретінде тараптар Хаттамаға қол қойды.

Парламентаралық ынтымақтастық.

2002 жылдың тамыз айында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Моңғолияға, ал 2003 ж. желтоқсанда Моңғолия Ұлттық мемлекеттік хуралының төрағасы басшылық еткен парламенттік делегация Қазақстанға сапарлары өтті, нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен Моңғолия ҰМХ арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

2013 жылғы 27-29 қазанда депутат Ш.Өтемісов бастаған ҚР Парламентіның делегациясы Моңғолияға сапармен барды. Сапар барысында делегация Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шарттың 20-жылдығына арналған «Дөңгелек үстелге» қатысты.

2014 жылғы 18-22 қазанда Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлы басқарған делегация Моңғолия Баян-Өлгий аймағына ҚР іссапармен болып, аймақ басшылығымен кездесті және Халықаралық мектептің ашылу рәсіміне қатысып қайтты.

2015 жылғы 23-24 ақпанда Тұрақты комитеттің Төрағасы А.Бакей, А.Тлейхан, Ц.Оюунбаатар және Я.Санчмятав депутатарынан құрылған Моңғолия ҰМХ «Моңғолия-Қазақстан» достық тобы Қазақстанға келіп, Сенат пен Мәжілістің вице-спикерлерімен, сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының», «Казатомпром» АҚ-ның және «Самұрық-Қазына АО-ның басшылығымен кездесті.

2015 жылғы 16 қыркүйекте ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күздік сессиясының шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы И.Адырбековтың басшылығымен қазақстандық делегация Ұлан-Батырға барды. Іс-шара аясында ҚР делегациясы Моңғолия ҰМХ Төрағасы З.Энхболдпен, Вице-спикер Л.Цокпен және ҰМХ қауіпсіздік пен сыртқы саясат жөніндегі тұрақты комитетінің Төрағасы Ж.Энхбаярмен кездесті.

2015 жылғы 21-22 сәуір аралығында Ұлан-Батыр қаласында өткен «Азия-Еуропа» парламентаралық форумның 9-отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қ.Ищанов пен А.Мұсаханов қатысты. Форум аясында отандық депутаттар бірқатар кездесулер өткізді.


Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР мен Моңғолия арасындағы сауда айналымы 2016 жылдың 10 айы бойынша 35,7 млн. АҚШ долларын құрады (Қазақстанның Моңғолияға экспорты - 35,04 млн. АҚШ долларын құраса, импорт - 0,67 млн. АҚШ долларына жетті).

Моңғолияға экспорттың негізгі тауарлары: құрамында темекі бар шылым (20,3%), санитарлы-гигиеналық бұйымдар (19,1%), жуғыш, тазартқыш құралдар (12,6%), бидай немесе қарабидай ұны (7,8%), басқа тамақ өнімдері, мұнай өнімдері (4,1%) және т.б.

Моңғолиядан келетін импорттың негізгі тауарлары: жануар және өсімдіктен алынған өнімдер, тоқыма және тоқыма бұйымдары, ағаш, ағаш материалдары мен целлюлоза-қағаз бұйымдары және т.б.

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (бұдан әрі- ҮАК) жұмыс атқарады. ҮАК-тың 6-отырысы 2014 ж. 26-27 мамырда Ұлан-Батырда өтті.

ҮАК отырысының шеңберінде екі елдің азаматтық авияциясының өкілдері таяу уақытта Моңғолия мен ҚР арасында тікелей әуе рейсін ашу үшін авияциялық биліктер арасындағы әуе қатынасы туралы меморандумға қол қойды.

Мәдени-гуманитарлық байланыс

Мәдени-гуманитарлық байланыс саласында Қазақстан мен Моңғолия арасында 10-ға жуық келісімдерге қол қойылған.

Үкіметаралық білім саласындағы келісім шарт бойынша жыл сайын екі елдің жоғарғы оқу орындары арасында студенттер алмасуы жүргізіледі(2014 ж.-8, 2015 ж. – 15, ал 2016 ж. - 5 монғол азаматтары қазақстандық жоғарғы оқу орындарына жолданған болатын).

Моңғолиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен 2008 жылдан бастап «Наурыз мейрамын» мерекелеу өткізіледі, оған Моңғолия президенті қатысады.

2009 ж. 27 маусымда Ұлан-Батырда Моңғолиядағы қазақтардың І-Құрылтайы өтті.

2010 ж. 11-13 қарашада Астанада Қазақстандағы Моңғолияның мәдениет күндері өтті.

2013 ж. 2-6 шілдеде Ұлан-Батырда Моңғолиядағы қазақстардың ІІІ- кіші Құрылтайы өтті, оның шеңберінде елдегі қазақ диаспоры өкілдерінің өмірлік іс-әрекетінің өзекті мәселелеріне арналған «Дөңгелек үстел» мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Екі елдің Мұсылмандық рухани ұйымдардың арасында байланыстар дамуда. ҚМДБ және Моңғолия Мұсылман одағы (ММО) арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, қазақ диаспорының өкілдері үшін біліктілігін арттыру курстарын ҚР-да ұйымдастыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді. 2014 ж. сәуірде Моңғолия Мұсылман одағы делегациясы ҚР-ға сапармен келді. Сапар барысында өзара байланысты күшейту туралы меморандумға қол қойылды.

2015 ж. 25 сәуірде Ұлан-Батырда Елшіліктің қолдауымен Моңғолия опера әншісі М.Толқынның қатысуымен Абайдың 170-жылдығына арналған концерті өтті.

2015 ж. 15 мамырда Елшілік Моңғолия Ғылым Академиясы жанындағы Халықаралық қатынастар институтымен бірге Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары, Моңғолияның ғылыми зерттеу және білім мекемелерінің және сараптама орталықтарының сарапшылары қатысты.

2015 ж. 4-5 маусымда Буддисттердің бүкіләлемдік одағының вице-президенті Ч.Дамбажавбастаған монғолиялық делегация Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 5-ші съезінің жұмысына қатысты.

2015 ж. 12 маусымда Ұлан-Батырда Елшілік Моңғолия Үкіметі жанындағы Басқарма академиясымен бірге Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына арналған «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

2015 ж. 30 маусымда Моңғолия академигі және профессоры М.Шагдарсурэнсен моңғол тіліне аударылған, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабы таныстырылды.

2015 жылы 11 қарашада ҚР Моңғолиядағы Елшілігі Моңғолия Академиясымен бірге А.Құнанбаевтың 170-жылдық мерейтойы шеңберінде «Қара сөздер» кітабы таныстырылды.


Қосылған : 4.12.2013, 11:23, Өзгертілген : 29.01.2017, 23:37