Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылды.

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов (2015 жылғы 16 наурыздан бастап).

Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалғанға дейін Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі – Қайнарбек Абдурасулұлы Токтомушев (2016 жылғы 8 қарашадан бастап).

Екіжақты ынтымақтастық 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шартқа және 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шартқа сәйкес дамып келеді.

2012 жылғы 22 тамызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғарғы Мемлекетаралық Кеңестің үшінші отырысы өткізілді. Отырыс қорытындылары бойынша қазақстан-қырғыз стратегиялық одақтастық пен әріптестіктің келешек бағыттары анықталды.

2014 жылғы 7 қарашада Қырғызстан Республикасының Президенті А.Атамбаевтың мемлекеттік сапары өтті. Сапар барысында Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының Жоғарғы Мемлекетаралық Кеңесінің төртінші отырысы өтті.

Қазақстан Қырғызстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестердің бірі болып табылады. Қазақстан экспортының құрамына өсімдік шаруашылығының түрлі өнімдер, ұн, бидай, ұн және кондитерлік өнімдері, металлды өнімдер, тас көмір, тұрмыстық техника және т.б. заттар кіреді. Бізге Қырғызстаннан ауыл шаруашық өнімдері, көкөніс пен жеміс, тоқыма заттар, кен, қызу шамдары және т.б. өнімдер әкелінеді.

2015 жылғы екіжақты сауда көлемі 700,5 млн. АҚШ доллары деңгейіне жетті (оның ішінде экспорт – 518,5 млн., импорт - 182 млн.), бұл 2014 жылмен салыстырғанда 33,7% төмен (экспорт – 26,4%, ал импорт – 48,2%).

2016 жылғы қаңтар-қазан айларында екіжақты тауар айналымы 442,2 млн. АҚШ долларын құрды (экспорт – 296,9 млн., импорт – 145,3 млн.), бұл 2015 жылғы бірінші он айдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 30%-ға төмен болды (экспорт - 36%, ал импорт - 13%).

Экономика саласындағы екі жақты қатынастардың дамуына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Үкіметаралық Кеңесінің жұмысы мүмкіндік туғызуда. Үкіметаралық кеңесті екі мемлекеттің Үкімет басшылары басқарады. Үкіметаралық Кеңесінің 6-шы отырысы 2016 жылғы 7 маусымда Бішкек қаласында болып өтті.

Тұрақты түрде екі ел арасында көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэзиялық кештер және зиялы қауымдар мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізіледі.

2016/28/12

Қосылған : 14.10.2014, 13:48, Өзгертілген : 29.01.2017, 22:42