Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 2 қаңтарда Норвегия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылғы 5 маусымда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2014 жылғы қыркүйек айынанбастап Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Қайрат Әбусейітов болып табылады.

2016 жылғы шілде айынан бастап Норвегияның Ослодағы резиденциясымен Орталық Азия елдеріндегі Елшісі Оле Йохан Бёрной болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

2001 жылы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Норвегия Корольдігіне алғашқы ресми сапары өтті.

Норвегияның Өнеркәсіп және энергетика министрі Й.Столтенберг (1993 ж.), НК Премьер-министрі К.Бондевик (2004 ж.), Норвегияның Сыртқы істер министрі Й.Сторемен және Мұнай, энергетика министрінің орынбасары Р.Косспен бірге Норвегияның Кронханзадасы Х.Магнус (2010 ж.) және Сыртқы істер министрінің мемлекеттік хатшысы Т.Ларсен (2012 ж.) Қазақстанға сапармен келді.

2010 жылы Алматыда (шілде) ЕҚЫҰ СІМ бейресми кеңесінің жұмысында Норвегияға Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Э.Ланстейн өкіл етті, сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Ослоға сапары өтті (қазан).

2013 жылы наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Келімбетов Ослоға жұмыс сапармен барды.

2013 жылы наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Норвегияға ресми сапармен барып,Киев қаласындағы ЕҚЫҰ СІМК алаңында КН-Сыртқы істер министрі Б.Брендемен кездесті (желтоқсан).

2014 жылы наурызда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаровтың Норвегияға сапары өтті.

2015 жылы ЭКСПО-2017 Комиссары Р.Жошыбаевтың Ослоға сапары өтті (наурыз), ҚР мен НК сыртқы саясат ведомстволары арасындағы алғашқы сімаралық консультацияларды өткізді (шілде).

Парламентаралық ынтымақтастық. 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықова басқарған қазақстандық депутаттар Норвегияға сапармен болды.

2016 жылы маусымда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл – ҚР Парламенті депутаты З.Балиева Бала құқықтары жөніндегі омбудсмені, баланың құқықтары туралы заңдар, балалар істері жөніндегібілім беру, құқық қорғау және сот органдарының мамандануы, балаларға қатыстызорлық-зомбылықты алдын алу, сот төрелігімен әрекеттесу барысында балаларға, зорлық-зомбылықтың құрбандары мен куәгерлері болған балаларға көрсетілетін әлеуметтік және педагогикалық қызметтер жүйелеріндегі норвегиялық тәжірибені, сондай-ақ балалар, жастар және отбасылар істері жөніндегі әртүрлі ведомстволардың рөлі мен олардың қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуін зерттеу үшін Норвегияға сапармен болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда айналымы.2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында - 52,8 млн. (экспорт – 6,6 млн., импорт – 46,1млн.).

2016 жылы айналымы2,1 млн. долл. (экспорт – 1 млн., импорт –
1,1 млн.) құрады.2015 жылы екіжақты сауда көлемі 33,4 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,9 млн. АҚШ долл., импорт – 31,5 млн. АҚШ долл.), бұл 2014 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 35 % төмен.

Қазақстан Норвегияға негізінен құрылыс құрылымдарды және жабдықтарды (көтергіштер, домкраттар, машиналар, т.б) экспорттайды.

Норвегия Қазақстанға балық, азық-түлік өнімдерін, машиналарды, жабдықтар мен қара металлдан жасалған бұйымдарды жеткізеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 35-тен астамбірлескен кәсіпорындар(заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер)тіркелген.

Инвестициялар. 2005 жылдан бастап 2017 жылдың 1-тоқсанына дейінгі мерзім ішінде Норвегиядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың ағыны 1,6 млн.АҚШ долл. құрады. Ал Қазақстаннан Норвегияға барған тікелей инвестициялардың ағыны 0,2 млн.АҚШ долл. құрады.

2015 жылда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шағын және орта бизнесті еліктіруге бағытталғанҚұрметті консулдың институтыашылғаны (қазан), «Nord Development» норвегиялық компанияның Бас директоры А.Хролдың басқарғанНорвегия-Қазақстан Сауда-өнеркәсiп палатасыкеңесініңресми ашылуы (қараша) екі жақты қарым-қатынастардың маңызды оқиғалары болды. СӨП-ның барлығы 13 отырысы өтті.

2017 жылғы 30 наурызда Норвегияның Қазақстандағы Құрметті консулдығының ресми ашылу салтанаты өтті. Норвегияның Қазақстандағы Құрметті консулы ретінде Н.Мусин тағайындалды.

Мұнай және газ секторы. Астана мен Осло арасындағы мұнай-газ секторында ынтымақтастық«Статойл» норвегиялық компаниясы ҚазақстанғаҚашаған жобасы серіктестерінің бірі ретінде келгеннен соңорнады.

2017 жылғы 9 маусымда Берген қаласында Норвегия-Қазақстан Сауда-өнеркәсiп палатасы кеңесі мен «Norwegian Petroleum Society in Bergen»жетекші норвегиялық мұнай қауымдастығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, тараптар өзара тиімді ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Ғарыш саласындағы ынтымақтастық. Қазіргі таңда Ұлттық ғарыш агенттігі, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы мен «KSAT» арасындағы байланыстар орнатылып, ақпаратмен және сапарламен алмасу жұмыстары іске асырылуда.

Атомэнергетика. 2016 жылы ақпанда «Scatec» норвегиялық холдингі және оның «ThorEnergy», «REEtec» мен «ScatecAS» еншілес кәсіпорындарымен кездесулер өткізу үшін «КазАтомПром-Даму» АҚ Бас директоры Н.Кәрібжанов басқарған «КазАтомПром» ҰАК» АҚ делегациясыНорвегияға сапармен барды.

2017 жылы 5-6 желтоқсанда «Thor Energy» норвегиялық компанияның Бас директоры О.Аспхьелдің Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ, Өскемен) норвегиялық технология бойынша уран таблеткаларын тория қосындыларымен өндірудің болашағы талқылау үшін Қазақстанға сапары өтті.

Ауыл шаруашылығы. ҚР аумағында бірлескен кәсіпорындарды құру мақсатында балық және ет шаруашылығы саласында норвегиялық компаниялармен ынтымақтастықты орнату мәселесі пысықталуда.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Білім. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Норвегияда
10 стипендиат білім алуда (академилық оқуда – 3 адам, тіл үйрені курстарында – 3адам, академиялық орналасымда – 4 адам).

2015 жылғы наурызда«Nortrain» Академиясы Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ) ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында норвегиялық үкіметінің грантына ие болды.

2015 жылғы мамырда ҚР КҰП мен Алматы университетінен құрылған қазақстандық делегацияның Ослоға жасаған сапарының қорытындысы бойынша «BI Norwegian Business School»-мен студенттердің академиялық алмасу, ҚР және НК қос дипломды мойындау жөніндегі мәселені қарастыру мүмкіндігі, MBA бірлескен бағдарламасын ашу үшін нарықты зерттеу туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Мәдениет.Норвегиядағы«Norsk Kasakhisk Kultursenter» қазақ мәдени орталығы Норвегияда мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда және имидждік жұмыстарды ілгерілетіде үлкен көмек көрсетуде.

Норвегияда тұратынқомақтықазақ диаспорасымен өзара іс-қимыл іске асырылуда. Оның өкілдері қазақтардың дүниежүзілік және шағын құрылтайларының жұмысына белсенді қатысады.

Мұрағат. Норвегиялық мамандар анықтаған жерленген тұлғалардың арасында қазақстандық жауынгерлерді іздеу бойынша Фалстад мемориалдық және тарихи орталығымен үлкен жұмыс жүргізілді. Норвегия аумағында жерленген солдаттардың толық тізімі алынды (7 мыңға жуық есім), сондай-ақ,Қазақ КСР-дан шақырылған солдаттарды сәйкестендіру бойынша жұмыс атқарылды.

Шарттық -құқықтық базасы

1991-2017 жж мерзімі ішінде Қазақстан мен Норвегия арасында 4 үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Қосылған : 4.12.2013, 12:45, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:25