Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 11 ақпанда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2018 ж. cәуірден бастап Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов.

2015 ж. қазаннан бастап Испанияның Қазақстандағы Елшісі П.Х.Санс Серрано.

Саяси қарым-қатынастар

Испания Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси әріптестерінің бірі және 2009 ж. Қазақстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шарт жасасқан екінші Еуропа елі.

Жоғары деңгейдегі кездесулердің серпіні мен мазмұны екіжақты әріптестіктің ерекше сипатының айғағы. Мемлекет басшылары арасында тұрақты әрі жемісті байланыстар орнатылған.

ҚР Президенті Н.Назарбаев Испанияда сегіз рет сапармен болған. Мемлекет басшысы 2013 ж. 5-6 ақпанда Мадридке жұмыс сапары барысында Испания Королі I Хуан Карлоспен және Үкімет Төрағасы М.Рахоймен кездесті.

Қазақстанға Испания басшылығының жоғары деңгейдегі жеті сапары ұйымдастырылды, соның ішінде 2017 ж. 9-10 маусымда «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанатына қатысу мақсатында Испания Королі Фелипе VI-ның Астанаға ресми сапары өтті.

2013 ж. 13-14 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Испанияға алғашқы ресми сапары болды. Сапар барысында оның Испания Королі Хуан Карлос I-мен, Парламенттің жоғары және төменгі палаталарының басшыларымен, сондай-ақ Сыртқы істер министрімен кездесулері өтті.

2013 ж. 30 қыркүйекте Испания Үкіметінің Төрағасы М.Рахойдың Астанаға ресми сапары ұйымдастырылды. Сапар шеңберінде бірқатар мекемеаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

2016 ж 24-25 сәуірде ИК Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Х.М.Гарсия-Маргальоның Қазақстанға ресми сапары болып өтті.

2017 ж. 16-17 шілдеде ИК Депутаттар конгресінің Төрайымы А.Пастор «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Испанияның Ұлттық күніне қатысу мақсатында Астанада жұмыс сапармен болды.

2015 ж. 13 қарашада Мадридте Қазақстан-испан саяси консультациялары ұйымдастырылды. 2017 ж. 30 мамырда Қазақстан-испан саяси консультацияларының 2-ші раунды өткізілді.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

2016 ж. Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 1,347 млрд. долл. құрады (экспорт – 992,2 млн. долл., импорт – 355,4 млн. долл.), 2017 ж. қаңтар-қараша аралығында – 1,538 млрд. долл. (экспорт – 1,362 млрд. долл., импорт – 176 млн. долл.).

2005-2017 жж. 1-ші жартысы кезеңінде Испаниядан Қазақстанға құйылған тікелей инвестициялардың көлемі 198,8 млн. долл., ал Қазақстаннан Испанияға құйылған инвестициялардың көлемі 21,1 млн. долл. құрады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі тетіктері Қазақстан-испан Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық аралас комиссиясы мен «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесі болып табылады.

Үкіметаралық комиссияның 7-отырысы және Іскерлік кеңесінің
4-отырысы 2016 ж. 28 қарашада Мадридте өткізілді.

2017 ж. 18-20 қазанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ делегациясының Мадридке сапары өтіп, оның барысында делегация мүшелері Испанияның бірқатар даму институттарының өкілдерімен кездесті.

Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

Екі елдің оқу орындары арасында өзара іс-қимыл дамуда. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Комплутенсе университеті (Мадрид), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кадиса және Гранада университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ мен Сан-Пабло университеті арасындағы ынтымақтастық және студенттермен алмасу туралы келісімдер бар.

2015 ж. наурызда Еуразия ұлттық университетінде Руй Гонсалес де Клавихо атындағы испан тілі орталығы ашылды.

2014 ж. ҚР СІМ қаржылық қолдауымен «Nexos» қауымдастығының өкілдері Қарлагтың тұтқындары – «Қарағандыда ұмытылғандар» атты испандықтар туралы деректі фильм түсірді. Аталған фильм 2015 ж. бес әлемдік кинофестивальде үздік деректі фильм болып танылды.

2016 ж. наурызда және қазанда Барселона және Мадрид қалаларында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ киносының циклы өтті.

2016 ж. қарашада «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен Барселонада өткен азиялық кинофестивальде бес қазақстандық фильм көрсетілді.

2017 ж. 10 ақпанда Мадридте заманауи қазақ поэзиясы антологиясының тұсаукесері өтті. Бұл кітап 2017 ж. 15 маусымда
II Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесі шеңберінде де жария етілді.

Қосылған : 8.09.2014, 12:13, Өзгертілген : 8.06.2018, 12:00