Қазақстан Республикасы мен Бельгия Королдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1991 ж. 31 желтоқсанда – Бельгия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды.

1992 ж. 25 тамызда – дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 ж. 15 сәуірде – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігінде Елшілігі ашылды.

1996 ж. бастап Бельгияның Қазақстандағы Құрметті Консулы Д.Парисс.

Қыркүйектен бастап 1998 ж. Бельгия Корольдігінде Антверпен қаласында тұрақтануымен Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Дж.Ступ.

2006 ж. қаңтарда – Қазақстан Республикасында (Астана қ.) Бельгияның Елшілігі ашылды.

2017 ж. қыркүйекттан бастап Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі болып Алекси Де Кромбрюгхе Де Пикендаель тағайындалды.

2018 ж. 22 мамырда – Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Айгүл Құспан тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бергі кезеңдерде ҚР Президенті Н.Назарбаев Бельгия Корольдігіне 4 рет сапармен барды (1993, 2000, 2006, 2010,
2014 жж.).
Бельгия Премьер-министрі Ж.-Л.Деэннің (1998 ж.), Бельгияның мұрагер ханзадасы Филипптің (2002 ж., 2010 ж.) Қазақстанға сапарлары өтті.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуға Бельгия Корольдігі Премьер-Министрінің міндетін атқарушы И.Летерм бельгиялық делегацияны бастап келді.

2012 ж. 1-2 мамырда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары өтті. Сапар шеңберінде оның Бельгия Премьер-министрі Э.ди Рупомен, ЕО Президенті Х.ван Ромпёймен, Сауда жөніндегі ЕО Комиссары Де Гюхтпен, Еуропалық Комиссия төрағасы Ж.М.Баррозумен, Еуропалық Сот төрағасы В.Скуриспен және т.б. кездесулері болды.

2014 ж. 8 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Бельгияға жұмыс сапары себепші болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстандық статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында сауда айналымының көлемі286,6 АҚШ долл. (экспорт – 158,1 млн., импорт – 128,5 млн.).

2016 ж. тауар айналымының көлемі 299,5 млн. АҚШ долл.

Өзара сауда құрылымы дәстүрлі болуға айналды. Қазақстаннан Бельгияға түсті металлдар, жүн, текстиль және текстильді өнімдер, әр түрлі металлдар мен олардан жасалған өнімдер, химиялық және өнеркәсіптік өнімдер жіберіледі. Бельгиядан Қазақстанға машина мен құрал-саймандар, механизмдер, электротехникалық құралдар, минералдық заттар, оптикалық, фотографиялық және басқа құралдар мен аппараттар, тоқыма өнімдері, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, темекі, химиялық және өнеркәсіптік өнімдер жіберіледі.

2005 жылдан 2017 жылдың 1 жарты жылдықта дейін құйылған инвестициялар көлемі 5,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде болса, Қазақстаннан Бельгияға құйылған инвестициялар мөлшері 0,1 млрд. АҚШ долларына жетті.

Қазіргі таңда Қазақстанда британдық үлесі бар 62-ден астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер қызмет атқаруда. Олардың ішінде «Solvay Chemicals International SA.», «Sarens Group»,«Besix», «Evolion», «Induss» секілді корпорациялар бар.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2012 ж. наурызда бельгиялық Ипр қаласының мэрі Л.Дехане бастаған «Мэры за мир» халықаралық ұйымның делегациясы сапарының аясында тараптар Семей және Ипр қалаларының арасындағы достық қатынастарды орнату туралы Меморандумға қол қойды.

Қосылған : 8.09.2014, 12:02, Өзгертілген : 8.06.2018, 11:00