Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 3 қаңтарда орнатылды.

2018 жылдан бастап ҚХР-дың ҚР-дағы Елшісі - Чжан Сяо. Уақытша сенімді өкілі - Лю Цзянпин.

ҚХР аумағында Бейжіңдегі ҚР Елшілігінен басқа (1992 ж. желтоқсаннан бастап), ҚР-дың Гонкогтағы (2003 ж. тамыздан бастап) және Шанхайдағы (2005 ж. мамырдан бастап) бас консулдықтары, Үрімшідегі Паспорттық визалық қызметі (1995 ж. наурыздан бастап)  жұмыс істеуде.

ҚР аумағында ҚХР-дың Астанадағы Елшілігі және ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығы (2007 ж. тамыздан бастап) қызмет атқарады.

Саяси ынтымақтастық

Дипломатиялық қатынастардың басты саяси жетістіктері: Қытайдың Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін беруі (ҚХР Үкіметінің 1995 жылғы 8 ақпандағы мәлімдемесі), шекара мәселесінің түпкілікті реттелуі (1999 ж. 23 қарашадағы Бірлескен коммюникесі, 1994 ж. 26 сәуірдегі ҚР мен ҚХР арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісім, 2002 ж. 10 мамырдағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы желісін демаркациялау туралы Хат­тама, 2006 ж. 20 желтоқ­сандағы ҚР мен ҚХР арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара­сы­ның режімі туралы Келісім).

Соңғы жылдар ішінде қол қойылған маңызды құжаттар: Тату көршілік, достық және ынтымақтастық шарты (2002 ж. желтоқсан, Бейжің қ.); Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитетін құру туралы келісім (2004 ж. мамыр, Бейжің қ.); Стратегиялық әріптестік қатынасын орнату және дамыту туралы бірлескен декларациясы (2005 ж. шілде, Астана қ.); XXI ғасырдағы Ынтымақтастық стратегиясы мен Экономикалық ынтымақтастықты дамыту концепциясы (2006 ж. желтоқсан, Бейжің қ.); Жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту туралы бірлескен декларациясы (2011 ж. шілде, Астана қ.); ҚР мен ҚХР мемлекет басшыларының жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынасының жаңа деңгейі туралы бірлескен декларациясы (2015 ж. тамыз, Бейжің қ.).

Шарттық – құқықтық базасы 160-тан аса құжаттардан тұрады.

Жоғарғы деңгейдегі екіжақты байланыстар:

ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен 15 рет кездесті: бірінші кездесу 2012 жылы маусымда ҚХР-ге сапары мен Бейжіңдегі ШЫҰ саммитіне қатысу шеңберінде өтті (Си Цзиньпин ҚХР төрағасының орынбасары лауазымын атқарды); 2013 ж. сәуірде ҚР Президенті ҚХР-ға ресми сапармен барып, Боао азиялық форумға қатысты; 2013 ж. қыркүйекте ҚХР төрағасының ҚР-ға алғашқы мемлекеттік сапары, сондай-ақ Санкт-Петербургтегі G20 және Бішкектегі ШЫҰ саммиттері барысында екі мемлкет басшының екіжақты кездесулері өтті; 2014 жылы Сочи қ. қысқы Олимпиада ойындарының ашылуы (ақпан), Гаагадағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиті (наурыз), Мемлекет басшысының Шанхайға мемлекеттік сапары мен АӨСШК 4-саммитіне қатысуы (мамыр), Душанбедегі ШЫҰ саммиті барысында (қыркүйек) кездесулер өтті; 2015 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ҚР-ға ресми сапары (мамыр), Уфа қаласында ШЫҰ МБК отырысы «алаңында» мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі (шілде), Мемлекет басшының ҚХР-ға мемлекеттік сапары мен қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы соғысындағы Жеңiсiнiң 70 жылдығына арналған салтанатты шеруге қатысуы (тамыз-қыркүйек), 2016 жылы Вашингтон қаласында ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммиті барысында қысқа кездесуі (сәуір), Ташкент қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлкеттер басшылары кеңесі шеңберіндегі келіссөздері (маусым), ҚХР-ға жұмыс сапары мен Ханчжоу қаласында өткен G20 Саммитіне қатысуы (қыркүйек) өтті.

2013-2016 жылдар аралығында жоғарғы деңгейде 80 құжатқа, оның ішінде жалпы құны 58,7 млрд.долларды құрайтын коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Үкіметаралық байланыс.  ҚР-ҚХР үкімет басшыларының жүйелі кездесулерінің тетігі істейді.

Бірінші кездесу 2012 ж. 30 наурыз - 2 сәуір аралығында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Қытайға жұмыс сапары шеңберінде Боао азиялық форумының кезекті сессиясына қатысуымен бірге өтті.

Екінші кездесу 2014 ж. 14-15 желтоқсанда ШЫҰ МБК отырысымен сабақтастырылған ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцяннің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде өтті.

Үшінші кездесу 2016 жылы 3-4 қарашада ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцяннің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде өтті.

2012 ж. 1-2 қыркүйекте Үрімшіде (ШҰАА) ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов «Қытай-Еуразия» ЭКСПО-2012 халықаралық көрмеге қатысу барысында ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен келіссөздер жүргізді.

ШЫҰ МБК отырысы шеңберінде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьерлері - Вэнь Цзябао (2012ж. 5 желтоқсан, Бішкек қ.) және Ли Кэцян (2013 ж. 29 қараша, ташкент қ.) арасында кездесулер өтті.

2014 ж. 2-4 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі А. Исекешев Қытайға ресми сапармен барды.

2014 ж. 30 тамыз - 1 қыркүйек аралығында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов ҚХР-ға сапармен барып, Үрімшіде (ШҰАА) «Қытай-Еуразия» ЭКСПО-2012 халықаралық көрмесіне қатысты, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Вице-Премьері Ван Янмен, Ляньюньган қаласындағы ШҰАА басшылығымен, қытайлық жетекші компанияларымен келіссөздер жүргізіп, Ухань қаласына барды (Хубей өлкесі).

2014 жылы 14-15 желтоқсанда ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян Қазақстанға ресми сапармен келді, бұл үкімет басшыларының жүйелі кездесулер тетігі шеңберіндегі екінші кездесуі және ШЫҰ МБК отырысына қатысуы болды. Ли Кэцян Мемлекет басшысымен қабылданды. ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьерінің сапары шеңберінде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 2-отырысы өтіп, жалпы құны 14 млрд. долларды құрайтын екіжақты 22 құжатқа қол қойылды.

2015 жылы 26-28 наурызда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов ҚХР-ға сапармен барып, Боао азиялық форумының кезекті отырысына қатысты. Сапар барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян келіссөздер жүргізді. Сапар қорытындысы бойынша жалпы құны 19,5 млрд. долл. (Қытай деректері бойынша– 23,6 млрд. долл.) құрайтын 43 құжатқа қол қойылды.

2015 жылы 12-16 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың ҚХР-ға ресми сапары (Сянган АӘА, Ляньюньган қ. (Цзянсу өлкесі) Бейжің), Чжэнчжоу қаласында (Хэнань өлкесі) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) 14-отырысына қатысуы және Учжэнь кентінде (Чжэцзян өлкесі) 2-ші Бүкіләлемдік ғаламтор конференциясына қатысуы өтті. Сапар қорытындысы бойынша 36, оның ішінде жалпы құны 17,68 млрд. долларды құрайтын коммерциялық құжатқа қол қойылды.

2016 жылы 3-4 қарашада ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен кездесуі және ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевпен келіссөздері өтті. Сапар қорытындысы бойынша инвестиция, энергетика, телекоммуникация және құрылыс саласындағы 150 млн.долл.құрайтын 4 құжатқа қол қойылды.

Парламентаралық ынтымақтастық. 2011 жылы қыркүйекте БҚХӨЖ Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның ҚР-ға ресми сапары болды.

2012 жылы 7-10 қаңтарда БҚХӨЖ ТК төрағасының орынбасары Чжан Баовэнь ҚХР Төрағасының арнайы өкілі ретінде дипломатиялық қатынастырдың 20 жылдығына арналған Қазақстандағы іс-шараларға қатысты.

2013 жылы 14-16 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллиннің ҚХР-ға сапары болды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, БҚХӨЖ ТК Төрағасымен келіссөздері өтті. ҚР делегациясы Сиань қаласына барып, Шэньси өлкесінің басшылығымен кездесті.

2014 жылы 21-23 қыркүйекте БҚХӨЖ ТК төрағасының орынбасары Чжан Баовэнь Қазақстанға келді. ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің төрағаларымен, ҚР Премьер-Министрімен кездесулері өтті.

2014 жылы 26-28 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Д.Назарбаева ҚХР-ға ресми сапармен барды. БҚХӨЖ ТК төрағасы Чжан Дэцзянмен, Қытайдың шетелдермен достық қоғамының (ҚШДҚ) төрағасы Ли Сяолиньмен кездесті. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Қытайдың шетелдермен достық қоғамы (ҚШДҚ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2015 жылы 17-22 қыркүйекте Қазақстан Халық Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХА хатшылығының меңгерушісі Е.Тоғжанов Қытайға сапармен барды. Сапар барысында ҚХСКК Бүкілқытайлық комитетінің төрағасының орынбасарымен, ҚХР ұлттардың істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Ван Чжэнвеймен, ҚШДҚ төрағасы Ли Сяолиньмен, ҚХР Орталық ұлттар университетінің ректоры Хуан Тайянмен кездесті.

2015 жылы 6 қазанда ҚХР БҚХӨЖ Қоршаған ортаны және ресурстарды қорғау жөніндегі Комитетінің төрағасы Лу Хао «Еуразиялық экономикалық келешек» халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келді. Осы форумның шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.Жақыповпен екіжақты кездесу өткізілді.

СІМаралық ынтымақтастық. 2011 жылы 13-14 мамырда ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Алматыдағы ШЫҰ СІМК отырысына қатысты.

2011 жылы 7-9 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов ҚХР-ға ресми сапарымен барды. 

2012 жылы 10-11 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов ҚХР-ға ШЫҰ СІМК отырысы шеңберінде ресми сапармен барды

2013 ж. 19 тамызда ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Идің ҚР-ға ресми сапары болды.

2014 ж. 19-20 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов ҚХР-ға сапармен барды. ҚХР Төрағасының орынбасары Ли Юаньчаомен кездесіп, ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздер өткізді. 2014-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандумға қол қойылды.

2016 жылы 28-29 сәуірде ҚР сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов АӨСШК СІМК 5-отырысына қатысу үшін Қытайға сапармен барды. ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі Ян Цзечимен, Ресей, Оңтүстік Корея және Қырғызстанның сыртқы саяси ведомство басшыларымен кездесулері өтті.

2016 жылы 21 мамырда ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Алматы қаласына сапармен барып, сапар барысында ҚР сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен кездесуі өтті. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері кең ауқымды және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланды.

Жыл сайын Қазақстан мен Қытай Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар өткізіледі. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қытай деректеріне сәйкес соңғы жылдар ішінде Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда әріптесі болып саналады, ҚР тауар айналымының жалпы көлемінде оның бөлігі 17% -дан асады.

ҚР ҚМ МКК деректері бойынша 2015 жылы екіжақты сауда көлемі 10,6 млрд. долл. (-34,8%) құрады, оның 5,5 млрд. долл. (-44%) ҚР экспорты, 5,1 млрд. долл. (-31%) ҚР-ға импорты. ҚР оң сальдосы – 400 млн. доллар.

2016 жылы қаңтар-қазан аралығында екіжақты сауда көлемі 6,23 млрд.долл. құрады, оның 3,34 млрд.долл. ҚР экспорты, 2,88 млрд.долл. ҚР-ға импорты. ҚР оң сальдосы – 580 млн. доллар.

ҚР ҚХР-ға экспорты: минералды өнімдер, металл және химия өнеркәсібінің өнімдері. ҚР импорты: тоқыма бұйымдары, машиналар, жабдықтар, металл бұйымдары, минералдар, керамика мен әйнек, халық тұтынатын тауарлар.

Инвестиция саласындағы ынтымақтастық. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2016 ж. 31 маусымға ҚХР-дың ҚР-ға инвестицияның жиынтық көлемі 14,75 млрд. долл., оның 2,96 млрд. долл. тікелей, ал 2,9 млн. долл. қоржындық және 1,78 млрд. долл. басқа да инвестициялар құрады. 2015 жылы ҚХР тікелей инвестициясының көлемі 442,7 млрд. долл. құрады. ҚХР инвестициясының Қазақстандағы басты салалары көлік пен қаттау, мұнай – газ, құрылыс және кенөндіруші салалар болып танылады.

2016 жылдың 31 маусымға дейін ҚР Қытайға 3,24 млрд. долл. көлемінде инвестиция жасады, оның 178,1 млн. тікелей, 110,7 млн. қоржындық, 2,95 млрд. долл. басқа да инвестициялар. 2015 жылы ҚР тікелей инвестициясы 46,3 млн. долл., 2016 жылдың 1-жартысында 27,5 млн. долларын құрады.

2013 жылы сәуірде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚХР Халықаралық саудабойынша көмек комитеті Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге (ҚҚІК) қол қойды.

2015 жылы ҚР ИДМ мен ҚХР даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында (ДРМК) индустриализация және инвестиция саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және индустриализация және инвестиция саласындағы шектелмелі келісімге қол қойылды. 

ҚР ИДМ мен ҚХР Даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы 10-отырыстың қорытындысы бойынша (2016 жылы 29 қыркүйек) автокөлік жасау, ауыл шаруашылығы, химия, тау-кен рудасы, мұнай және газ, құрылыс, металлургия, жеңіл өнеркәсіп, минералды тыңайтқыштарды шығару, энергетика және логистика, жаңа технологиялар салаларында жалпы құны 26 млрд. долларды құрайтын 51 инвест жобалардан тұратын тізім бекітілді. 

Екі елдің үкімет басшылары орынбасарлары тең төрағалығымен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитет (ЫК) жұмыс істейді: ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин (2016 ж.қыркүйегінен бастап); ҚКП ОК Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаоли (2013 жылы наурыздан бастап). 2015 жылы 25 тамызда Бейжіңде Комитеттің 7-отырысы өтті. Комитеттің келесі отырысы 2017 жылы ҚР-да өтеді.

ЫК астында 10 бейінді комитеттер (сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік саласындағы ынтымақтастық, теміржол көлік саласындағы ынтымақтастық, өткізу бекеттері арасындағы және кеден істері саласындағы ынтымақтастық, ғылыми техникалық ынтымақтастық, қаржы ынтымақтастық, энергетикалық ынтымақтастық, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық), сондай-ақ Трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау жөнiндегi бiрлескен комиссия мен Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия   жұмыс істейді.

Мәдени – гуманитарлық ынтымақтастық

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 9 кітабы қытай тілінде басылып шығарылды. Елшілік пен екі елдің ғылымдарының көмегімен, Қытай мұрағат материалдарының және жазба деректерінің негізінде «Ежелгі үйсін елі» (2005 ж.) және «Ұлы Түрік қағанаты» (2007 ж.), сондай-ақ Цин әулетінің кезеңіндегі (1644-1911 жж.) қазақ-қытай қарым-қатынастары туралы құжаттардың факсимильді көшірмесі топтамасының 2-томы басып шығарылды.

Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға сәйкес (2013 ж. маусым) ҚР БҒМ Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының ғалымдары ҚХР-дың бірінші тарихи мұрағатымен қызмет істейді. Қазақстан осы мұрағатта жұмыс істеу құқығын алған жалғыз ел болып табылады. 

Жоғары білім туралы құжаттарды өзара мойындау туралы келісім, Астанада (ЕҰУ), Алматыда (ҚазҰУ), Қарағандыда (ҚарМТУ) және Ақтөбеде (АМПИ) Конфуция институттары жұмыс істейді. Бүгінгі күні ҚХР-да 11,2 мың ҚР азаматтары білім алуда (1 мыңға жуығы грант бойынша, қалғаны өз есебінен).

2013 ж. сәуірде Бейжіңде алғаш рет қазақстандық кинолар апталығы өткізілді.

2013 ж. қарашада Бейжіңде Қазақстанның ҚХР-да мәдениет күндері өтті. 

2014 ж. 19 наурызда ҚР СІМ басшысы Е.Ыдырысовтың қатысуымен Бейжіңде ақын-ағартушы А.Құнанбаев ескерткішінің ашылу рәсімі болды.

2014 ж. 25-28 қыркүйекте Астанада және Алматыда ҚР-дағы Қытай мәдениетінің күндері өткізілді.

2015 ж. 31 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары барысында ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2015 ж. ішінде Елшіліктің қолдауымен Бейжің, Шанхай және Далянь қалаларында «Қазақстан орталықтары» ашылды.

Қосылған : 4.12.2013, 11:12, Өзгертілген : 7.10.2019, 10:35